Сынып са?аты МЕНІ? С?ЙІКТІ ?ЛІППЕМ! 1 сынып


Қарағанды қаласы № 3 гимназия «Әліппемен қоштасу»
Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әроқушыныңіс-әрекеттеріарқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, сынып өмірінен слайд.
Барысы:
Мұғалім:
Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушыболып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!

І бөлім
1.Гүлбану
Көз салып қараңызшы боймызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2. Амирби
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Ана тілімен достассақ,
Әліппемен қоштассақ,
Өсті білім, бойымыз.
Құтты болсын тойымыз.
3.Айсұлу
Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз!Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр-әніміз!
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті – Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Шыңғыс
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
4. Ельдар
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
5. Әділ
Әліппем менің Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.
6. Дарина
Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріпте,Оқимыз қазір ертекте,Үйреткен оны Әліппе!
7. Алуа
Әліппе деген алтын жолАпарар сені алысқа.Жеңіл емес ауыр жолТырысып бақ намысқа. Білім атасы әліппе өзіңізге арналған әнімізді қабыл алыңызХор: «Әліппе»
8. Ислам
Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс.
Иландырған сөзіне,
Қамқоршыма мың алғыс.
9. Әбілмансұр
Арналады ұстаздарға,
Құрмет деген, төр деген.
Біздің елде адам бар ма,
Ұстаз алдын көрмеген?
10. Қарақат
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.
Ұстаздар қауымына арнап Айтұмар би ансамбілінің орындауындағы биді қабыл алыңыздар.
Би: «Айтұмар» би ансамбілі
Мұғалім:
Ал, балалар, бізді осындай күнге жеткізіп, үйде мұғалімнің орнына мұғалім болып сендермен бірге «А» әріпін қайта оқып жүрген жан кім? Әрине анамыз. Олай болса келесі бөліміміз ата-аналарымызға арналсын
11. Лейла
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
12.Айсұлтан
«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей...
Сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
13. Мерей
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
14. Мариям
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн-алыста, ал анам,
Ылғи менің қасыма.
Құрметті аналар сіздерге арналған әнімізді қабыл алыңыздар
Хор:«Ақ мамам»
Әліппе:
Ал, достар, сендердің өнерлеріңе тәнті болдым, көп рахмет. Бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі: Дана
Сәлематсыздар ма, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілідің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Әліппе:
Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Бәрі: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
15Адил
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
16. Ильдар
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Қане балалар Ана тілінеде өз өнерімізді көрсетейік
Енді ортаға әріптерді шақырайық.«ОТАН» сөздері шығатындай( О,Т,А,Н,) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
17. СабинаОспан да өлең жаттады,Олжас та өлең жаттады.Мына менен басталғанЕкеуінің аттары.
18. Адина
Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры
Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
19. Айбар
Астана- Астанам,Астана-бас қалам.Ардақтап атыңды,Аузымнан тастаман.
20. Дария
Ас біткеннің атасыҚасиетті «нан» осы.Қайсы әріптен басталыпАяқталғанын қарашы.
21. Амирби
Отанды жас-кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәрімізде,
Туып, өмір сүреміз.
22. Гүлбану
Халқымыздың анасы,
Атасы- ол, данасы.
Көз жетпеске көсілген
Қазақстан даласы.
Хор: «Отан- біздің әніміз»
Мұғалім: Мектеп табалдырығын алғаш аттап келген күндерінен бастап білім нәрімен сусындатқан «Әліппе» оқулығын да аяқтады, балаларды құттықтап, алғашқы әліппемен қоштасу дипломын ұсынуға сөз кезегін гимназия директорына береміз.
Мұғалім: Балаларыңызға ақ жол тілеп бата беруге сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
Мұғалім:
Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!