Коучинг. О?ытуда?ы белсенді ?діс-т?сілдер


Мұғалімнің ТАӘ және жұмыс орны Даукараева Жамила Базарбаевна
Маңғыстау ауданы "Тобанияз атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі
Сабақтың тақырыбы: « Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері»
Жалпы мақсаттар: Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын көрсету, оларды қолдануды үйрету
Қатысушыларды ұжымдық сыйластықта, бір - біріне сенім артып, бірлесіп жұмыс жасауға баулу
Күтілетін нәтиже: -коучингте пайдаланылған белсенді әдістерді өз тәжірибелеріне тиімді енгізе алады;
-сынып тәжірибесінде сыни тұрғыдан ойлау жобасының білім алудағы маңыздылығын жақсы түсінеді.
-қатысушылар ұжымдық сыйластықта, бір-біріне сенім артып, бірлесіп жұмыс жасайды.
Түйінді идеялар: Өмір талабына сай білімге ұмтылу, шығармашылықпен жұмыс жасауға тарту, өзін-өзі дамыту
Әдіс - тәсілдер: диалогтық оқыту, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, «Дайындал...Назар сал…Оқыңдар!», «Әліпби желісі», «Құпия зат», «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі, " Де Бононың қалпақтары " әдістері
Ресурстар: слайд, қима суреттер, бейнежазба, қазақ әліпбиі, тақырып бойынша қажетті мәтіндер, үлестірмелі қағаздар, Де Бононың қалпақтары, конверттер
Уақыт кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Тыңдаушылардың іс-әрекеті
10 минут Ұйымдастыру
Қатысушылармен амандасу
Танысу. « Карусель»
Топқа бөлу
(сөйлем құрастырады)
Мұғалімдер 1,2 сандары бойынша екі топқа бөлінеді.
2-топ ішке бетке орналасады. Бір-біріне шеңбер құра беттесіп қарап тұрады. Айнала жүріп, бір-бірімен танысады.
Сөйлемдер құрастыру арқылы бес топқа бөлінеді
Жеңімпаз аю
Аю,түлкі, қасқыр - үшеуі бірге жарысты. Қорбаңдаған аю араның ұясын бұзып кетті. Аралар қорбаңдаған аюды қатты шаға бастады. Араларға таланған аю тез тез жүгірді. Сөйтіп, аю түлкі мен қасқырдан озып кетті
5 минут Қызығушылықты ояту сатысы. Ой шақыру «Көпір» (бейнекөрсетілім)
Бейнекөрсетілімнің негізгі
мәнін айтады
Топтың ережесін шығарады
15 минут Мағынаны тану сатысы. 5 топқа жеке тапсырмалар беріледі

1– топ " Дайындал...Назар сал…Оқыңдар! "әдісі
2-топ "Әліпби желісі " әдісі

3-топ. "Құпия зат "– Осы зат туралы 5 сұрақ жазыңыз:
4-топ 6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісіБұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
5-топ. «Де Бононың қалпақтары: мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі» әдісі
Топтық қорғау жасайды
Тапсырмалар конвертке салынған. Әр топтан бір адам келіп конвертті таңдап алады.
Іс-әрекеттер
Тыңдаушылар берілген тақырыпты түсіндіруге көмектесетін заттар жинағын алады. Оны топ мимикамен көрсетеді
Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады.
Тыңдаушылар берілген серттке арнап 5 сұрақ жазады. Оны басқа топтар шешедіҚатысушылар берілген суреттер топтамасымен танысып, жіпке іле отырып, тізбек бойынша әңгіме құрастырады
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
Ақ қалпақ - Фактілер
Менде қандай ақпарат бар? Білетіңізді ғана жазыңыз.
Сары қалпақ - Позитив
Жағымды тұстары қандай болды?
Оның артықшылығы қандай?
Маған не ұнайды?
Оң тармақтарын жазыңыз.
Қара қалпақ - Жағымсыз Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?
Қандай проблемалар бар?
Маған не ұнамайды?
Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.
Жасыл қалпақ - Креатив Менде қандай идеялар бар?
Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?
Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.
Көк қалпақ - шолу
Мен не аштым?
Тағы не ашылған жоқ?
Мен оны қалай аша аламын?
Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.
5 минут Бойсергіту "Арам-зам-зам" әуені Әуенге билейді
5 минут Рефлекция «Мақсатыңа жетуге күш беретін сөздер »
видеокөрсетілім
«Соңғы сөзді мен айтайын... » Негізгі ойы туралы айтады
Қатысушылар өздерін қалай сезінгендерін және сабақ жөнінде өз ойларын айтады.
- Оқушы ретінде – ойлау қызметінің қандай түрлерін пайдаландыңыз, не түсіндіңіз?;
-  мұғалім ретінде -  коучтың іс-әрекеттері қандай болды, пайдаланылған әдістер бойынша, оларды пайдалануда қандай сұрақтар туындады
Кері байланыс "Почта" әдісі Кері байланыс жасады