Саба?: Б?рін білгім келеді(1-сынып)


Өзiн-өзi тану жоспары
Мектеп «Шилібастау орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм Мерзiм____________№_6____
Тақырып:Бәрін білгім келеді
Құндылық:_ақиқат_
Қасиеттер:_сыйластық, адамгершілік_
Мұғалiм: Сарсебаева Ж.А. Сынып: 1 Оқушылар саны:
Сабақтыңмақсаты:Балалардың «білім», «еңбек» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру;
-білімге,оқуға,еңбекетугеқұштарлықтарын және ұстазбен өзара қарым-қатынастарын дамыту;
-жақсы оқушы болуға тәрбиелеу. Сабақбарысы:
Ұйымдастырукезеңi.
Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Ресурстар:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сурет бойынша өздерінің күнделікті іс – әрекеті туралы әңгімелеп келу.
Таңертең сені кім оятады?
Таза ауада серуендеуге шығасың ба?
Компьютеде отырасың ба? Отырсаң күніне қанша уақыт?
Сабақ барысын талқылау:
Әңгiмелеу (сұхбат).
Сурет бойынша өз өнерлері туралы айту.
1.Қандай өнерді ұнтасың?
2.Үйірмелерге қатысасың ба?
Дәйек сөз.
«Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар»
Мақал
Оқушы мектептен оқу арқылы білім, тәлім алады. Оқушы үйренуге, ізденуге, көп білуге, өзін, елін, әлемді тануға құштар болған сайын білімді бола түседі. Сондықтан да «Білімді мыңды жығар» деген сөз бекер айтылмаған.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Өздерінің мектепке келер жолдарын салып, бояу.
Топпен ән айту
Жас дәуірдің түлегіміз
Сөзін жазған: Е. Өтетілеуов
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Бау – бақша, белдер,
Орман, тау, көлдер –
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан –
Көңілді ауыл, қаламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз!
Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып –
Білімді адам боламыз.
Үй тапсырмасы.
«Менің достарым» тақырыбында әңгіме құрастырып келу.
Бағалау
Оқушыларға рахмет айта отырып,сабақ барысында алған жүрекшелерін есептей келе бағалау.