7 сынып саба? жоспары О?т?стік Американы? таби?ат зоналары


Сабақтың тақырыбы Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Оқу мақсаты: Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке- жеке тоқталу. Оңтүстік Американың қайталанбас тіршілік дүниесімен таныстыру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Оңтүстік Американың «Табиғат зоналары» картасымен жұмыс жасай алады.
Контур картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын түсіре алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Оңтүстік Американың өсімдік дүниесі мен жануарлар дүниелерін ажырата біледі.
Анд тауларынан тараған мәдени өсімдіктердің қалыптасу орталығы екендігін біледі.
Кейбір оқушылар орындай алады.
Анд тауларындағы биіктік белдеулердің таралуы географиялық ендік пен климаттық жағдайға тәуелді екендігін салыстыра отырып дәлелдейді.
Орталық Андының батыс беткейінде орманның жоқ болуының себептерін анықтай алады.
Алдыңғы оқу: Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері.
Жоспар:
Табиғат зоналары.
Ылғалды экваторлық ормандар ( гилея)
Ауыспалы ылғалды ормандар ( сельвас)
Саванналар мен сирек ормандар (льянос, кампос)
Субтропиктік дала ( пампа)
Шөлейт және шөл зонасы
Биіктік белдеулер (пуна)
Жоспарланған уақыт есебі
Жоспарланған іс әрекет
Ресурстар
Басы І.Ұйымдастыру
І.1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару .
І.2. Топқа бөлу («Сельвас», «льянос», «пампа» болып, үш топқа бөлінеді) .
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ой шақыру ( Суреттер сөйлейді)

Пиранья балығы қай өзеннің жыртқыш балығы. Сол өзенге сипаттама бер.
Суының деңгейі мамыр айында көтерілетін өзенді ата?Сипаттама бер.
Қандай көлінің атауы үндістер тілінде «қалайы алаңы» деген мағынаны білдіреді?
Сурет топтамасы
СтикерОртасы ІІІ. Жаңа сабақ ( Үйден дайындалып келеді)
Топтық жұмыс: 1 тапсырма. Постер қорғау
1-топ «Сельвас»: Оңтүстік Американың табиғат зоналарының негізгі ерекшеліктерін анықтау.
2-топ «Льянос»: Африканың табиғат зонасы мен Оңтүстік Американың табиғат зонасының арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату
3-топ «Пампа» : Инктер өркениетімен және осы жерден тараған мәдени өсімдіктердің өзгерістерге ұшырауының себебін анықтау.
2 тапсырма: « Қарлы кесек» ойыны .
Әр топ Анд тауының биіктік белдеулері бойынша сұрақтарды парақтарға жазып, қар кесегін жасайды да, бір- біріне лақтырады. Қар кесегін ұстаған оқушы сұрақтарға жауап береді.
Анд тауының 1000-2000 м биіктіктігінде жауын-шашын 3000мм шамасында, ṯ +20°+24° болғанда қандай дақылдар өседі?
Ломас деп нені айтамыз?
Чили мемлекеті басқа елдерге қандай өнімді сатады?
Анд тауының ең төменінде орналасқан шөлді ата?
Пуна белдеуі қанша метр биіктіктен басталады?
Анд тауындағы мекндейтін ламаны қанша түрі бар. Қазақша ламаны қалай атайды?
Флипчарт
Маркер
Стикер
А4 парағы
Қорытынды. Семантикалық картамен жұмыс (ортақ)
Ылғалды
экваторлық
ормандар Ориноко
саваннасы Бразилия
саваннасы «Ғаламшардың
Өкпесі» Субтропиктік
дала
Сельвас Гилея Льянос Кампос Пампа « Бинго» ойыны
1. Қандай табиғат зоналары бар?
2. Саваналар мен сирек ормандар қалай ажыратылады? ( Льянос, кампос)
3. Бейне сұрақ. Суретте қандай құс бейнеленген. ( Колибри)
4. Тері илеуге қажетті шикізат алатын ағашты ата? ( Кебрачо)
5. Жүгері, картоп, қызанақтың Отаны Америка екенін анықтаған кім ?(Н.И.Вавилов)
6. Атакама шөліндегі «соқыр» тұманды қалай атайды? (Гаруна)
Бағалау.
Бағалау парағына топ басшысы бағалайды.
Интерактивті
тақта
Слайд
Бағалау парақшасы
Үйге тапсырма: Контур картаға табиғат зоналарын түсіру.