Та?ырыбы: Солт?стік Америка таби?ат зоналары


Тақырыбы: Солтүстік Америка табиғат зоналары География пәнінің мұғалімі Пірәлі Берік7”Б” сынып 2016 оқу жылы Cабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың табиғат зоналарыСабатың мақсаты:а) білімділік: Солтүстік Американың географиялық жағдайларымен, елдерімен, табиғат зоналарын, табиғат байлықтарымен таныстыру.ә) дамытушылық: оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыра отырып, ойлау қабілеттілігін дамыту.б) тәрбиелік: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру және ойға түсіре отырып, есте сақтау.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайд-шоу, карта, үлестірме қағаздар.Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу.Сабақтың түрі: өздігінен білім алу сабағыСабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі1.Оқушылармен сәлемдесу, журнал толтыру, түгелдеу.ІІ.Сабақтың барысы1.Үй тапсырмасын сұрау2.Электронды оқулықта саяхат жасау3.Оқушыларды бағалау4.Үйге тапсырма беру. Үй тапсырмасы 1.Материктің географиялық орны.2.Солтүстік Американың ашылуы мен зерттелуі3.Жер бедері мен пайдалы қазбалары.4.Солтүстік Американың климаты5.Солтүстік Американың ішкі сулары, Ұлы көлдер жүйесі.6.Солтүстік Американың табиғат зоналары, жануарлары7.Солтүстік Американың халқы және елдері8.АҚШ9.Канада10.Орталық Америка елдері Солтүстік Америка ертеде Еуразиямен бірге Лавразия материгінің құрамында болған, солтүстік жарты шар материгі. Жерінің үлкендігінен алты материк ішінде Еуразия мен Африкадан кейінгі үшінші орынды алады. Жерінің ауданы – 24,2 млн км2. Солтүстік Американың жер көлемі.Еуразия сияқты Солтүстік Американы солтүстік поляр шеңберлері солтүстік бөлігінен, ал солтүстік тропик сызығы оңтүстігінен. Географиялық орны Леконт тауы Солтүстік Американың ғарыштан көрінісі Жер бедері Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: бат-н Кордильера тау жүйесі, шығ-н кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биікт. 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. С. А-ның ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солт. және солт.-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңт-ке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Бат-ндағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солт-ндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орт. жазық шығ-нда Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңт-ндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Геологиясы Құрлықтың геол. негізі – Солт. Америка платформасы. Бұл ең көне құрылым каледондық (құрлықтың солт.-шығысы, Гренландия, Ньюфаундленд аралдары, Солт. Аппалач), герциндік (Оңт. Аппалач, Уошито жотасы, Канаданың Арктик. топаралы), мезо-кайнозойлық (Кордильера) құрылымдармен қоршалған. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауларындағы мезо-кайнозойдың қалың шөгінділерімен жабылған ойпаттар осы платформалардың плиталары болады. Плейстоценде бүкіл Солт. Американың солт. бөлігін Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінгі 14 млн. км2 жерді мұздықтар басты. Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі – Канада қалқаны (7 млн. км2) кембрийге дейінгі кристалды тау жыныстарынан (гранит, гнейс) тұрады. Платформаның шөгінді беткі қабаты палеозой, мезозой және кайнозойдың континенттік жыныстарымен жабылған. Іргетас аум-нда бірнеше антеклизалар мен синеклизалар бар. Кен байлықтары. Кен байлықтарының негізгі бөлігі Канада қалқаны мен Кордильера тау жүйесінде шоғырланған. Жоғ. көл мен Лабрадорда ірі темір кендері, платформаның шөгінді жыныстарында мұнай мен газдың, тас көмірдің мол кендері бар. Кордильерада алтын, күміс, мырыш, қорғасын, молибден, вольфрам, Колорадо үстіртінде уран, Аппалач тауларында тас көмір мен темір кентасы, Сеңгір таулардың палеозой шөгінділерінде фосфорит, төм. мезозойда уран кендері бар. Мексика шығанағы жағалауында, Калифорнияда, Оңт. Аляскада, Ұлы жазықтың солт-нде мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған. Климаты С. А. қиыр солт-те арктикалық белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды. Ішкі сулары Солтүстік Америка жер беті ағын суларына бай. Мұнда дүние жүзіндегі ең ұзын өзен жүйесі (Миссисипи және Миссури) мен тұщы судың көп шоғырланған аймағы (Ұлы көлдер) орналасқан. Өзендердің орташа жылдық ағын мөлш. 8200 км3. Құрлықта өзен торы біркелкі таралмаған. Өзендердің көпшілігі (Миссисипи, Рио-Гранде, Әулие Лаврентий, т.б.) Атлант мұхиты алабына жатады. Тынық мұхиты алабындағы өзендер (Юкон, Колумбия, Колорадо, т.б.) қысқа, суы мол болып келеді. Солт. Мұзды мұхит алабындағы өзен торлары толық жетілмеген, көлдер мен батпақтар көп. Ірі өзен жүйесі – Финли – Пис-Ривер – Еріксіздер – Макензи. Құрлықтың мұз басқан солт. бөлігі мұздық-тектоник. көлдерге бай: Ұлы көлдер, Виннипег, Виннипегосис, Манитоба, Үлкен Еріксіздер көлі, Үлкен Аюлы көлі, Бұғылы көлі, т.б. орт. Америкада (Никарагуа қолатында) ірі тектоник. көлдер – Никарагуа және Манагуа орналасқан. Үлкен Алап үстіртінде ылғалды плейстоцен дәуірінен қалған Үлкен Тұзды көл бар. Жағалық ойпаттарда лагуналық, Кордильерада жанартаулық көлдер кездеседі. Өзендері Миссисипи Миссури Макензи Колумбия Саскачеван Юкон Колорадо Көлдері Ұлы көлдер Мичиган Виннипег Виннипег Манитоба Үлкен Еріксіздер көлі Үлкен Аюлы көлі Бұғылы көлі Топырағы Арктик. және тропиктік белдеулер аралығындағы топырақтың барлық түрі кездеседі. Канаданың Арктик. топаралына тундралы арктик. және тундралы-глейлі топырақ тән. Алясканың бат. Алеут аралдарының жанартаулық күлдерін шымтезекті субполюстік топырақ жапқан. Лабрадор түбегінің оңт-нде иллювийлік – темірлі-шірінділі күлгін топырақ, Лаврентий қыратының оңт.-батысында және Ұлы жазықтың солт-нде шымды-күлгін топырақ таралған. Өсімдігі Жануарлары Ең қауіпті өрмекші Солтүстік Американың егеменді елдері Солтүстік Американың үлкен қалалары Нью-Йорк Лос-Анджелес Даллас Филадельфия Хьюстон Вашингтон Майами Мехико Торонто Пайдалы қазбалары Cемантикалық карта“Ең,ең,ең ...” жалғасын тап Ең Атауы үлкен арал үлкен тау жүйесі үлкен шатқал үлкен мұздық ыстық жер биік шыңы ұзын өзен Cемантикалық карта“Ең,ең,ең ...” жалғасын тап Ең Атауы үлкен арал Гренландия -70єС үлкен тау жүйесі Кордильера 9000 км үлкен шатқал Колорадо каньоны үлкен мұздық Хабборт 145км ыстық жер Өлім аңғары +57єС биік шыңы Мак – Кинли 6193м ұзын өзен Миссисипи 6420км Бекіту сұрақтары:1.Солтүстік Американың жерінің ауданы- 24,2 млн.км22.АҚШ халқының саны- 290-ға жуық.3.Канаданың астанасы – Оттава қаласы4.Солтүстік Американың байырғы халқы – эскимостар5.Солтүстік Американың шығысындағы тау – Аппалач6.Солтүстік Америкадағы тектоникалық көлдер – Никарагуа, Манагуа7.АҚШ-тың ұлттық саябақтары – Гранд-Каньон, Каскада, Катмай, Мамонт, Секвойя, Эверглейдс.8.Солтүстік Американың климаттық белдеулері – арктикалық, субарктикалық, қоңыржай, субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық. Тест жұмысы 1.1492 жылы Испан экспедициясын басқарған, Солтүстік Американың оңтүстік жағалауларын ашқан ғалым кім?А) Америго Веспучи Б) Хриостофор Колумб В) Джон Кабот2.Мұздықпен бірге ілесіп келетін қойтас,қиыршық, құм, саз түріндегі тау жыныстарының үйіндісі не деп аталады?А) металлБ) магмаВ) морена3. “Ураган” сөзінің мағынасыА) Дауыл құдайыБ) От құдайыВ) Күн құдайы4. Тынық мұхит алабына жататын ең ірі өзендерА) Колумбия,КолорадоБ) Эри, ГуронВ) Миссисипи, Маккензи5.Үндістер мен негрлерден пайда болған ұлт А) мулаттарБ) самболарВ) метистер Оқушылар білімін бағалау. Үйге тапсырма: Қосымша ақпарат көздерінен Солтүстік Америка жайлы мәлімет дайындап келу. Сулар Қалалар Саябақтар