Саба?тан тыс іс-шара 3-4 сыныптар арасында


Бейісхазірет негізгі мектебі
Сабақтан тыс іс-шара
«Білгірлер сайысы»
3-4 сыныптар арасында
(орыс мектебіңде)
Дайындаған: Исмаганбетова Толкын
Амангельдиевна
қазақ тілі мұғалімі
2016 жыл
Қазақ тілі пәнінен сабақтан тыс іс-шара
«Білгірлер сайысы»Шараның мақсаттары: 1. Оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту; 2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу.Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөзжұмбақтар шешу, тапсырмаларды орындау.Шараның түрі: сайыс Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, кесте, сөзжұмбақтар. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Шараның барысы: 1.Кіріспе. -Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу. Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа 3-4 сынып оқушылары қатысады. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазыларымызды сайлап алайық. сайыскерлеріміз екі топқа бөлініп, үстелдің үстінде жатқан қиықтарды жинау арқылы топ атауын құрастыру.
Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз)
1 желтоқсан қандай мереке күні? (Тұңғыш Президент күні)
ҚР-ның рәміздеріне нелер жатады?
Тудың авторы кім? (
Елтаңбаның авторы кім?
16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні)
ҚР-ның астанасы қандай қала? (Астана)
Ал енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымызға 3-4 сынып оқушылары қатысады.
1-топ: "Білгірлер "
2-топ: " Тапқырлар"
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 1-кезең «Бәйге». Сайыскерлерімізге ортақ 10 сұрақ қойылады. Әр топ жылдам және де тез жауап беруі қажет. Әрбір дұрыс жауапқа 1-ұпайдан беріледі. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз!!!
Сұрақтар:
Бір аптада неше күн бар? (7 ).
Неше жыл мезгілі бар? (4 );
Бір сағатта неше минут бар? (60 минут);
Аптаның соңғы күні (жексенбі)
Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен)
Біздің ауылымыздың атауы? (Бейісхазірет);
Қыс айларын ата? (желтоқсан,қаңтар,ақпан);
ҚР-ның астанасы қай қала? (Астана);
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке, қарындас);
10.Бір жылда неше ай бар? (12 ай). 2-кезең «Шешуін тап». Ойынның шарты: ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 6 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.1. Тұзда бар,суда жоқ. Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 2. Қазда бар,үйректе жоқ. Құрда бар,шілде жоқ. (қ)
3. Дәнде бар,елде жоқ. Сәнде бар,селде жоқ. (ә)
4. Бірде бар,үште жоқ. Екіде бар,бесте жоқ. (і)
5. Қарғада бар,сауысқанда жоқ. Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ)
6. Шөлде бар,далада жоқ. Көлде бар,теңізде жоқ. (ө)
3-кезең. "Кім тапқыр"
Берілген кестеден 7 сөзді жылдам тауып алу. Әр дұрыс сөзге 5 ұпайдан.
4-кезең. " Кім жылдам"
Әр топ берілген сөзден бірнеше сөздер құрайды. Дұрыс және жылдам орындаған топқа 5 ұпай беріледі."
Қазақстандықтар"
(қазақ, ас, тақ, тас, қазы,тары,арық,ар, ата,қаз,ара,тана, атан, нар, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана,зат сатқын). 5-кезең Сөзжұмбақ шешу. Көп және жылдам тапқан топқа 10 ұпай беріледі.
Книга
Сегодня
Чистый
Светлый
Школа
Столовая
Учитель
Большой
Доска6-кезең. " Кім жүйрік"
Әр топқа орыс тілінде 10 сөз беріледі. Дұрыс және жылдам аударған топқа 10 ұпай.
1-топтың сөздері:
День
Магазин
Месяц
Снег
Заяц
Платье
Глаза
Желтый
Молоко
Тетрадь
2-топтың сұрақтары:
Мел
Книга
Сопаги
Волк
Осень
Руки
Хлеб
Часы
Неделя
Год
Қорытынды. Осымен біздің іс-шарамыз аяқталды. Жеңімпаздарды анықтау үшін, келесі сөзді біздің әзіл қазыларымызға береміз. Бүгінгі біздің іс шарамызға келгендерінізге көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!!!