Сенім – мені? серігім



Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің музыка және өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Мустафина Айкен Каримовна
Пәннің аты
Өзін-өзі тану Уақыты:1730 -1815 Кабинет: 414 Мұғалім: Мустафина А.К
Сабақтың тақырыбы
Сенім – менің серігім
Мақсаты :
Өзімізбен өзіміз және айналадағы адамдармен қарым – қатынасымызды ізгілікке,сүйіспеншілікке құру.
Көрнекі құралдар: проектор,үнтаспа,сюжетті суреттер, т.б.
Сабақтың құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп,мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып,өз мүмкіндіктері мен қаблеттерін ашуға ықпал етеді.
Тыныштық сәті Тыныштық сәті.
-Балалар, дұрыс отырайық,арқамызды түзу ұстап,қолдарыңызды партаға қойып,,көздерімізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екеніңізді елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулесін сезініңіз (тыныштық).
1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар? Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу 103187514224000Геометриялық фигуралар үлестіріледі
198437538735001460503873500 Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Әдібай Табылдиев Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген.Ақын,жазушы,драматург.
«Сенім» өлеңін мәнерлеп оқу. 69-бет.

Пікірлесу -Сенім деген сөзді қалай түсінесіздер ?
-Қандай адам сенімге ие болады ?
-Өзіңізге сенім артқан кезде қандай сезімде боласыз ?
Оқып үйрену «Жаңа дүкенде» Б.Тұрсынбаев.
Белгілі жазушы Б.Тұрсынбаев 1905 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Батбақтыбұлақ ауылында дүниеге келген. Бедел Тұрсынбаев бала тәрбиесі мен жас ұрпақ мінезінің қалыптасуын зерделеп өз шығармаларына арқау еткен.

Топтық жұмыс Салған суреттеріңізге қарап «Біз қалай достасып кеттік» тақырыбына әңгіме құрастырыңыздар.
Сахналау «Жан сұлулығы»
«Мәтінді рөлге бөліп сахналау»
«Кімге сенім артуға болады»
Дәйексөз «Жақын адамдардың,достардың,жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп,адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі».
М. Жұмабаев
Жүректен - жүрекке Бақыттымын құрбылар
Сөзі: Қ. Мүсіреповтікі
Әні: Ш. Қалдаяқовтікі

1.Бұлбұлмын сайрайтын,
Оятып таңменен.
Қазақтың даласын,
Тербетем әнменен.
Достарым жанымда,
Жүрегі мейірлі.
Бақыттың бағында,
Жүремін көңілді.
Қайырмасы:
Әдептен аспаған,
Арманға бастаған.
Жан-жағым дос құрбы,
Жан-жағым жақсы адам.
Шаттықтың нұрын,
Шашып жанарымнан.
Билеймін ырғатылып,
Саламын ән, саламын ән.

2. Жарқылдап күлгенім,
Жүзіме жарасқан.
Алдағы күндерім,
Арманға жол ашқан.
Еркелер елім бар,
Құшағы аялы.
Көрікті жерім бар,
Гүл-бағы саялы.
Қайырмасы.
3. Қырмызы гүл болып,
Жайқала беремін.
Далама күн болып,
Сәулемді төгемін.
Самғаймын айға да,
Атанып «Шағала».
Қолдайды қайда да,
Отаным – жан ана.
Қайырмасы.
Үйге тапсырма «Мен жастарға сенемін» М.Жұмабаев
Өлеңді жаттау (73 – 74 беттер)
Кері байланыс Соңғы тыныштық сәті:
Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңіздер. Сездіңіздер ме,сезген болсаңыздар, сіздердің жүректеріңіз жылы да мейірімді. Олай болса,сіздерде көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыздар.
22923567627500Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
1169670-256984500