Жас ерекшеліктері туралы ??ым. Белгілі кезе?дерге б?лінуі.


Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Педагогика
Тобы: 203ә
Оқытушы: Сарсекова Г.К.
Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.
Жалпы мақсат Жас ерекшеліктер туралы түсінік беру, белгілі кезеңдерге бөлінуімен таныстыру, білім, іскерлік дағды қалыптастыру.
Оқу нәтижесі Жас ерекшеліктері туралы мағлұмат алады, жас ерекшеліктерінің маңызын түсініп, мысалдар келтіреді.
Негізгі идеялар Ой тұжырымын жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал жасау, білім, білік, дағдыларының жетілдіру.
Сабақта қолданылатын материалдар Саба0 презентациясы, бағалау парақтары
Оқыту әдістері Топтастыру, «Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар» немесе«Сіз сенесіз бе?» стратегиясы, «Лездеме!» әдісі,
Дерек көздері Оқулық, әдістемелік құралдар
4-ші пар (2) - 13:40- 15.15
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
3 мин Психологиялық атмосфера қалыптастыру;
Мақал-мәтел бойынша 4 топқа бөлу.
1. Ағайынның алтын сарайынан, ананың жыртық лашығы артық
2. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер
3. Кітаптың бағасы арзан, іші толған маржан
4. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі
- Қайырлы күн, білімгерлер! Білімгерлер 4 топқа мақал-мәтелдерді байланыстырып, топтасады. Әр топ мақалдың мағынасын ашып түсіндіреді. Өзара қолдау көрсету Білімді өзектілендіру
«Маған айтшы - мен ұмытып қаламын; маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін»
(Қытай мақалы)   Мағынасын түсіндіреді, сабаққа қандай қатысы бар екені туралы ой бөліседі. 5 мин «Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар» немесе«Сіз сенесіз бе?» стратегиясын ұсынып, шартын таныстыру.
Орта деген ол- адам дамуына табиғи және әлеуметтік жағынан ықпал ететін құбылыс. /ия-жоқ/
Тұқымқуалаушылық –әлеуметтік фактор арқылы беріледі. /жоқ-ия/
Амала мен Камала әлеуметтік ортада өскен бе? /жоқ-ия/
Жеке адамды дамытудағы басты фактор ол- тәрбие /ия-жоқ/
Әлеуметтік орта- жеке адамның мінез-құлқының дамуна ықпал жасайтын әлеуметтік қатнас /ия-жоқ/
Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана білді /ия-жоқ/
Белсенділік адамның іс-әрекетінде дамиды /ия-жоқ/
Қарым-қатынас жасау белсенділігі-бала белсенділігінің ең алғашқы формасы /ия-жоқ/
И.С.Бахтың ұрпақтарының 20 музыкант болған /ия-жоқ/
Камала 20 жыл өмір сүрді /жоқ-ия/
Д.Локк көзқарасы бойынша тәрбие арқылы түрлі жағдайдан құтқаруға болмайды деді /жоқ-ия/
«Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар» немесе«Сіз сенесіз бе?» стратегиясын түсніп, толық жауап береді. 15 мин Үй тапсырмасын сұрау
үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру.
5 минут II. Мағынаны тану
«Лездеме!» әдісіБүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін бізде бірнеше минут бар: Конверттен бір сөзді бір рет алу Сөздің өзін атамай түсіндіру Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!  Топ білімгерлері оқытушының шарты бойынша сөздерді сөзсіз жеткізіп,сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді, таныстырып өтеді.
25 минут Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
1. Жас ерекшеліктері туралы ұғым.
2.Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі3. Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.4. Жасөспірім шақ (15-17 жас)
5. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
Оқулықпен жұмыс
Оқытушы жаңа сабақ бойынша түсінік беріп, таныстырады.
Білімгерлер оқулықтағы мәтінмен таныса отырып, талдау жасайды. Түсінгендерін ортаға салады.
10 мин III. Ой толғаныс
Топтық жұмыс:
Постер қорғау
1. Мектепке дейінгі кезең
2. Төменгі сынып шағы
3. Негізгі мектеп шағы
4. Орта мектеп шағы Оқулықта көрсетілген кезеңді 4 топ өздерінің шығармашылық қабілеттеріне қарай сипаттап постер қорғайды.
5 мин Логикалық тапсырма
Жұмбақ шешу жас кезеңдеріне сәйкес
Жұмбақтың шешуін табады 5 мин Бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағаланады. Өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағаланады Бағалау парағы
5 мин Үйге тапсырма беру
Әрбір жас кезеңіне «жас ерекшелік педагогикалық психология» оқулығынан конспект жазу, салыстырмалы талдау
Берілген тапсырманы дәптерлеріне жазады Слайд 5
5 мин Кері байланыс парағы 1. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН, 3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін карточкаға жазады. Қол шапалақтау