Онды? б?лшекті координаталы? с?уледе кескіндеу. Онды? б?лшектерді салыстыру


Сабақ жоспары
Пән Сынып Сабақ № Мерзімі
Математика 5 Ә,Б 132 21.02.17ж.
Тақырыбы:Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Мақсаты: Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру меңгерту, білік дағдыларын қалыптастыру;
Міндеттері Қандай әдіс-тәсілдер арқылы іске асырамыз
1. Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру меңгерту, білік дағдыларын қалыптастыру Мысал келтіру арқылы
2. Есеп шығару арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту Алған білімдерін практикада қолдану арқылы
3. Жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету Әдістер мен стратегиялар: Практикалық, сұрақ-жауап, жекеше, жұптық, топтық- ұжымдық
Құралдар: оқулық, карточка,бағалау парағы
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеттері Оқушының іс-әрекеттері Ескерту
1.Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасы тексеру
3.Өткен материалды қайталау
4. Бекіту
5.Инклюзив оқушымен жұмыс
6.ҰБТ сәті
7.Сабақты қорытындылау Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Оқушылардың дәптерлерінен үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Ынтымақтастық атмосферасы.(2 мин) Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы
Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты бір-бірден сұрақ жазып, конвертке салады. Жеребе арқылы ортаға оқушы шығып, ыстық орындыққа келіп отырып, конверттен сұрақ алады да жауап бере алса, ары қарай жалғастырады, егер жауап бере алмаса, күйіп кетеді де, келесі оқушы шығады.
1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда не істейміз?
2) Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда не істейміз?
3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосқанда не істейміз?
4) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайтқанда не істейміз?
5) Натурал саннан бөлшекті азайту үшін не істейміз?
6) Натурал саннан бөлшекті азайтудың неше тәсілі бар?
7) Аликвоттық бөлшек дегеніміз не?
8)Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз не?
9) Натурал санды бөлшекке көбейткендене істейміз?
10) Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
11)Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді неге тең болады?
12) Өзара кері сандар дегеніміз не?
13)Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін не істейміз?
14)Аралас санды аралас санға бөлу үшін не істейміз?
15)Натурал санды бөлшекке бөлу үшін не істейміз?
Шешуі:
1)Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
2)Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін:
1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
2) бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек.
4) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту үшін:
1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
2) бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту керек.
5) Натурал санды (азайғышты) бөлімі азайтқыштың бөліміне тең бұрыс бөлшек түрінде жазу керек. Сонан соң бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін пайдаланып, азайту керек.
6) Натурал саннан бөлшекті азайтудың неше тәсілі бар? 2
7) Алымы 1-ге тең бөлшек
8)Ереже: Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз- алымы берілген бөлшектeрдің алымдарының көбейтіндісіне,ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
9)Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, өзгеріссіз қалады.
10)Егер көбейткіштер аралас сандар болса, оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолдану керек.
11)Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.
12) Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды
130873524130013) Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек. 14)Аралас санды аралас санга бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке болу ережесін қолдану керек .
15)Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.
16)Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек. 17)Бөлігі бойынша санды теңдеу құру арқылы да табуға болады. 
№1256
№1257

№1258

№1259

№1261

«Конькимен сырғанау» Интерактивті тақта
Ондық бөлшектерді оқып,оны жай бөлшек немесе аралас сан түрінде жазыңдар:
2,9=2910 4) 0,23=231000,044=441000=11250 5) 5,00802=5802100000=54015000013,1229=13122910000 6) 0,17=17100
Сергіту сәті

«Өткеннен алған үлесің-бүгінгінің жемісі» (тарату материалдары)


Үйге тапсырма:1259,1261(4,5,6)
Бағалау. Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады. Жинақталады, сабаққа ынталанады.
Үй тапсырмасының дұрыстығын тексереді
Алған білімдерін еске түсіреді.
Алған білімдерін түрлендіріп есеп шығаруда пайдалану.
Оcы тапсырмаларды орындау үшін
алған білімдерін түрлендіріп пайдалану, оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді.
Оқушының
ойлау қабілетін жетілдіреді.
Тексерілді: