Ауыспалы осы ша?, к?не т?ркі ескерткіштеріндегі осы ша?


26.01.2016 ж. Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ, көне түркі ескерткіштеріндегі осы шақ
Сабақтың мақсаты:
а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру, оның ішінде ауыспалы осы шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
Осы шақ нешеге бөлінеді?
Нақ осы шақ қалай жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: мен кел+е+мін
Жаттығумен жұмыс: 130-жаттығу. Көшіріп жазып, ауыспалы осы шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.
Топпен жұмыс: 1-топ: 131-жаттығудағы нақ осы шақты теріп жазады
2-топ: ауыспалы осы шақты теріп жазады..
Үлгі: нақ осы шақ: әкетіп жатыр
Ауыспалы осы шақ: елестейді
Тақтамен жұмыс: Ауыспалы осы шақты жіктеп жазады.
жақ жекеше Көпше
І
ІІ
ІІІ Айтамын, келемін
Айтасың, келесің
Айтасыз, келесіз
Айтады, келеді. Айтамыз, келеміз
Айтасыңдар, келесіңдер
Айтасыздар, келесіздер
Айтады, келеді.
Көсемшенің –а, -е, -ы, -и, -у, -ү тұлғалары Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде ауыспалы осы шақ жасаған: тіке (тіге), тұта, уча (ұша), көрү (көре), баса, т.б. Уч огуз сүсі баса келті – Үш оғыз әскері шапшаң жүре келді.
Ескерткіштерде осы шақ есімшенің қазір қолданылмайтын –тачы, -течі, -дачы, -дечі жұрнақтары арқылы жасалған: өлтечісін (өлмешісің), йоңылтачысыз (жаңыласыңдар).
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
Осы шақ нешеге бөлінеді?
Ауыспалы осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 133-жаттығу.