Тренинг саба? жоспары Бала т?рбиесіндегі жан?яны? р?лі


Сабақтың тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі жанұяның рөлі.Мақсаты: Ата - ананың мектеппен тығыз байланысын артыру. Отбасының мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар суреттер, ұлттық ою өрнек, номерлі асық, сұрақтар жазылған конверттер.
Жоспар:
1. Кіріспе сөз.
2. Бала өмірдің жалғасы.
3. Жеті атасын білмеген - жетесіз деп танылар.
4. Қарты бар үйдің қазынасы бар
5. «Ата - баба дәстүрі - асыл қазына.»
6. Аталар айтқан асыл сөз.
7. Сұрақ жауап
Кіріспе: сынып жетекші сабақтың тақырыбын мақсатын оқушыларға таныстырады.
Жүргізуші: Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ата - аналар ұстаздар. Сәлем ана алтын күн
Сәлем қартты халқымның
Бақытты болсын балаларАшық болсын күніңізЖайнай берсін жүзіңіз - дей келіп бүгінгі«Бала тәрбиесі баршаға ортақ» аттыТәрбие сағатымызды бастаймыз1. Бала деген бал екенБал дегеніміз бала екенБалалардың бойындаБір тәттілік бар екен
2. Туған балаң жанға сәнДемесең де жат бөтенНағыз балаң ойласаңНемере деген тәтті екен
3. Сұра жезде ападанҚарсы шығар аз екенНағыз әке ата даНағыз ана әже екен
4. Ұстаз деген қасиетті адам бар
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң бар егерЕкінші анаң ұстаз деген данаң бар
5. Туған анаң болмаса ойнамас ең күлмес еңЖарық дүние нұр сәулесін көрмес еңҰстаз ана болмаса сен өмірдіңМәні менен мағынасын білмесең
6. Ата анаға көз қуанышАлдына алған еркесіКөкірегіне көп жұбанышГүлденіп ой өлкесі
2. Жүргізуші Жақсы тәлім көрмегенӘдепсіз деп саналарЖеті атасын білмегенЖетесіз деп танылар депжеті атасын білу бұл ата әжелерімізден алған тәрбиеміздеп есептейміз
1 жүргізуші:«Қарты бар үйдің қазынасы бар» депЕндігі кезекті көрініске берейікҚарт пен жігіт.- Әй балам мұнда кел. Бүгін мектепке бардың ба?- Ия, ата.- Қандай сабақ болды?- Қазақ тілі, әдебиет, математика, жаратылыстану.- Ата, әдебиеттен ғалымдарды өттік.- Ал ендеше мен сені сынап көрейін.- Адамға ақыл беретін кімдер?- Ата, адамға ақыл беретін ана - тілі ғой.- Жоқ болам, ана тілі ойды өсіреді.- Адамға ақыл беретін ата - ана, ұстаз, және досы екенін ұмытпа.Ата - ана ақылын баласына қызына айтады.Ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді.Адамға ақыл беретін адал дос.Адал дос ақылшың,Ақылшы дос қақыныңДосы көптің табысы көпТабысы көптің жақыны көп.Достың көзі ақылдан басталады.- Балам үйдегі алтын қазық кім?- Ата, үйдегі алтын қазық бала.- Жоқ балам, үйдегі алтын қазық ана.Ана ақылды болса, бала дана болады.Ана тәрбиесі қызға үлгіӘке тәрбиесі ұлға үлгіАна ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің суйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның ақылы кемӘкені сыйламағанның жақыны кемАнаның мейірімі көзінде, ықласы көңілінде, ақылы сөзінде ұқтың ба балам.Ал ендеше өріске барып қайтайық.2. жүргізуші: Қалатын болсын бір ізіңМирас болып артыңаЕш аянбай күн ұзынҚызмет ет халқыңаБолады ау әсте талай сынАта баба даңқынаАл ата ана қалайсың -Ұлттық дәстүр салтыңа дегендейКелесі бөліміміздің тақырыбы Ата бабаДәстүрі асыл қазына дегендей мынаКонверттегі сұрақтарға жауап беріп көрейікші1. Адайдың пірі (Бекет)2. Үш жұрт (өз жұтың қайын жұрт нағашы жұрт)3. Үш би (Төле би Қазыбек би Әйтеке би)4. Қазақтың киелі сандары(3 7 9)5. Қазақтың музыкалық аспаптары (Домбыра, Қобыз, Жетіген)6. Жеті күн(дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбіЖексенбі)7. Үш арсыз (ұйқы күлкі тамақ)8. Төрт құбыла(Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс.)9. Екі ақынның өнер сайысы (Айтыс)10. Бала өмірге келгенде болатын той(Шілдехана)11. Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал (Иін ағаш)12. Ұясы жоқ құс(Көкек)1жүргізуші: Елді көркем көрсетер»Төрелігі әділ данасыЕрді көркем көрсетерБілім мен өнер санасыӨнерлі өрге жүзедіСөз маржаны халықтаАсыл сөздің түйінімақалды үйрен жалықпа - деп халқымыз айтқандай келесі бөлімімізді „Аталар айтқанасыл сөз” мына конверттегі мақалдың ізін жалғастырайық.1. Батаменен ел көгерер2. Өнер білім бұлағы3. Балапан ұяда не көрсе4. Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің5. Әдепті бала арлы бала6. Әдепті бала ата анасын мақтатар7. Атаңның баласы болма8. Үлкенге құрмет9. Әдептілік белгісі10. Шешен сөз бастар11. Күннің шуағы жылы12. Сіз деген әдеп13. Ащы мен тәттіні татқан білер14. Ана сүтін ақтамағанда15. Мектеп кеме2 - жүргізуші: Біліммен өнер санасыБолады ау әсте талай сынАл ата - ана қалайсыңСұрақ жауап беріп көрейікЖерден ауыр не бар?Судан терең не бар?Оттан ыстық не бар?Көктен биік не бар?Інкәр: Жерден ауыр дегенім - ақыл білімСудан терең дегенім – оқу ғылымОттан ыстық дегенім - адамның өміріКөктен биік дегенім - тәкәппардың көңілі1 - жүргізуші: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?Санжар: Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақәкенің жүрегі қатты2 - жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім?Әділхан: Тату болса - ағайын жақынАқылшы болса - апайың жақынБауырмал болса - інің жақынИнабатты болса - келінің жақынАлдыңа тартқан адал асыңҚимас жақын қарындасың1 - жүргізуші: Дүниеде не қымбат?Азамат: Алтын ұяң - отан қымбатҚұт береке - атаң қымбатАймалайтын - анаң қымбатМейрімді - апаң қымбатАсқар тауың - әкең қымбатБәрінен де ұят пенен ар қымбат2 - жүргізуші:„Бала тәрбиесі1 - жүргізуші: баршаға ортақ”2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар ата - аналар міне 9 «В»сынып оқушыларының қатысуымен болған „Бала тәрбиесі баршаға ортақ”атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Қортынды:Мұғалім: «Адамның бір қызығы бала деген.»Әрбір ата - ана қажет етсін етпесін ол тәрбиеші.Бала тәрбиесі бүгінгі күні бір ғана жанұяның немесе мектептің жеке ісі емес, ол бүкіл қоғам шұғылданатын істің бір тұтас бөлігіне айналып отыр.Мектепте, ата - ана да, баланың ортасыда тәрбие тұтқасы.Міне балалар сендер тәлім тәрбие аларлықтай атадан қалған асыл сөздер мен таныстыңдар. Сондықтанда үлкендердің әр сөзіне зер салып астарына мән беріп қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата әжелеріміздің ата - аналарымыздың әр сөзін ұғып, ақылын, өсиетін есте сақтан. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталады. Қош сау болыңыз