Дене шыны?тыру бойынша ата-аналармен ж?ргізілетін ж?мыс жоспары


Дене шынықтыру бойынша ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары
2016-2017 жыл
№ Тақырыбы Жұмыс түрі Мерзімі
1 Балалардың денсаулығы дене шынықтыру сабағында Жұмыс түрі Қыркүйек
2 «Балалардың денсаулығы және қауіпсіздігі» Кеңес Қазан
3 «Денсаулық күні» Ойын-сауық Қараша
4 Қысқы.Олимпияда Ойын-сауық Ақпан
5 «Толағай» Отбасылар сайысы Қаңтар
6 «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» Кеңес Ақпан
7 «Бала денсаулығы ұлттың байлығы» Кеңес Наурыз
8 «Отан қорғаушылар күні» Ойын-сауық Мамыр
Балалардың денсаулығы дене шынықтыру сабағында
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.Жеңіл атлетика1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.Гимнастика сабақтарындаБелгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
«Балалардың денсаулығы және қауіпсіздігі»
Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.
Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз.
Бастауыш сынып оқушысы үшін үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін ата-анасы баласына жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөліп, үйреткені дұрыс. Жол көлікпен қатынасатын оқушыға ата-анасы жол қиылыстарынан өтуді, көлік толық тоқтағанда түсіп, мінуіне болатынын, өз аялдамасын дұрыс білуін, бөтен көлікке отырмауын ескеріп отырғаны жөн.
Бастауыш сынып оқушыларының күнделігінің алғашқы беттері, яғни баланың аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, үй телефоны, әке-шешесінің ұялы телефондары, мектеп телефоны толық жазылып, баланың фотосы жапсырылуы тиіс. «Менің мектепке барар жолым» кестесі анық сызылып, қандай көшелерден, қандай қиылыстан, қай үйлердің арасынан жүретіні қызыл бағытпен сызылып көрсетілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының әсіресе 1-2 сынып оқушыларының мектепке әке-шешелері міндетті түрде өздері әкеліп-әкетуі керек.
Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:
-         Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;
-         Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;
-         Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;
-         Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.
Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек.Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал.
Баланың жарақат алуы көбінесе мектеп пен үй арасында болады. Көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкін (балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.). Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керек. Үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет.
Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық.
Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.
Денсаулық күні
Мақсаты: балалардың қимыл-қозғалысы арқылы денсаулығына, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым-қатынасын нығайту, ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа баулу.
Көрнекілік: жалаушалар, шелек, ойыншық, доға, доп.
Балалар әуенмен залға кіреді.
Күннің көзі ашылып,                                               Көкке шуақ шашылып.                                                    Құтты қонақ келіпті,                                                 Төрімізге еніпті,                                                              Амандасу үлкенге,                                                         Тәрбиенің басы ғой,                                                            Ал, қанекей бәріміз,                                           Сәлемдейік улкенге.
Балалар амандасады.
-Балалар, адамның көңілді болуы неге байланысты?                                                                              -Денсаулыққа                                                                                 -Денеміз сау, денеңіз сымбатты болуы ше?                        -Жақсы бимен, жаттығуға.                                           -Ендеше, денеміз сау болу үшін ең бірінші жаттығу жасайық.
Ақылды біз баламыз,                                                  Айтққан тілді аламыз.                                                                     Жаттығу жасап, шынығып,                                               Өсіп, үлкен боламыз.
-Балалар, шеңбер құрып, жаттығу жасайық.                  1-ші жаттығу: Аяқ иық деңгейінде, қол екі жаққа жаюлы. «бір»дегенде қолдарын айқастырып, алақандарын жауырындарына жеткізеді.2 рет.                                                                         2-ші жаттығу: аяқ иық деңгейінде, қолды жоғары артқа қарай көтеріп, білектен ұстап, алға қарай еңкею керек.Балалар, қанекей, ағаш жарайық.3 рет.
3-ші жаттығу:аяқты қосамыз, оң қолды жоғары, сол қолды төменге ұстаймыз, алға айналдырып, жүземіз.                                                                               -Тамаша, енді жарыс ұйымдастырамын.
Қане, бір-бірімізді қостаймыз,                                      Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.                                 Жеңіске жетеміз деп,                                                       Жалынды ұран тастаймыз.                               Екі топқа балалар бөлінеді.
Көк  аспандай көкпеңбек,                                  Қазақстан жалауы,                                                       Көк емес ол тектен-тек,                                                  Елдің ашық қабағы,-деп«Кім епті?» сайысымызды бастаймыз.
Ойынның шарты: Кедергілердің арасынан өтіп, бір-біріне жалаушаны тапсыру.
Ұйымшы әрі жылдамсың ба?                                      Әлде балбыр, боссың ба?                                          Кел жарысып көрейік,                                  Эстофеталық бұл ойында.
«Барлаушы» Ойынның шарты:доға астынан өту.
О,халайық, халайық,                                              Мына ыдысқа қарайық.                                       Керемет күшті қасиет,                                           Допты жинап алады. «Кім көп жинайды?»
Ойынның шарты:Бір шелекке-көк, екінші шелекке-қызыл доп жинау.
Ат ертеуге жарайық,                                             Жанына қамшы салайық.                                        Жорға мініп жарысып,                                                 Бір тынығып алайық
«Кім жылдам?Ат жарыс»Ойынның шарты:берілген сызыққа дейін барып, қайтып келу.
Кімдер күшті, кім алып,                                         Күш сынасып, байқайық,                                    Білегімізді сыбанып,                            Қарсыласты жығайық.
«Кім білекті ?»Ойынның шарты: ортаға  шығып,күш сынасады.
-Ал, енді спорт сүйер балалар, көрермендер, қонақтар бүгінгі эстафеталық жарысымыз өз мәресіне де жетті.
Бүгін, міне, оң болып әр ісіміз,                   Жоғары боп, күш-жігер намысымыз.     Осылайша қуанышпен думандатып, Аяқталды халайық жарысымыз.
Балаларға витамин немесе жеміс(алма, банан)үлестіріледі.
Қысқы.Олимпияда
Ойын сауықТақырыбы: «Қыс қызықтары»Мақсаты: балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға деген ынта – ықыласын, қызығушылығын ояту.Көрнекілігі: шана, шаңғы, таяқтар, жалаушалар.Ойын - сауық барысы:Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар!Аппақ көше бар дала,Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,Ақ жамылып тұр бақтар.Нұртас: Жасыл емес жайнаған,Ақ мамық қар айналам.Сырғанақты ойнайсың,Қызыққа енді тоймайсың,Алақай - ау, алақай,Қыс келіп тұр, балақай!Жүргізуші: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейдіғой. Кәне, орманға барып қысты іздеп келейік.Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік.Қыста қандай өзгерістер болады?(балалардың жауаптары).Осы кезде қонаққа Мыстан кемпір келеді.Мыстан: Бұл кімдер менің орман патшалығыма келді? Мен ешкімді шақырған жоқпын, кетіңдер.Жүргізуші: Ашуланбаңыз, әжетай. Біз орманға қысты іздеп келдік.Сіз қысты көрдіңіз бе?Мыстан: Кімді? Қысты? Ол мен ғой қыс. Не ұқсамаймын ба? Әдемімін бе?Жүргізуші: Сіз өтірік айтасыз, сіз мыстан кемпірсіз ғой. Сіз бізге көмектесесіз бе, қысты табуға?Мыстан: Жарайды, Алдымен тақпақтар айтып беріңдер. Білесіңдер ме?Балалардың тақпақтары:Ұлжан: Жапалақтап ала қар,Жауды күнде қайталап.Қырға шықты балалар,Шаңғыларың арқалап.Марғұлан: Жұлдыз болып ағамыз,Ақ мамықтың үстімен.Біз спортшы боламыз,Үлгі аламыз күштіден.Рахат: Қуаныштың бүгінгіБасылмайды ыстығы.Жылдамырақ жүрудіҮйретеді қыс күні!Мыстан: Енді менімен бірге ойындар ойнайсыңдар ма?Жүргізуші: Әрине.1 - ші ойын: «Мұздатам». Ойынның шарты: Боран борайды - 1,Боран борайды - 2,Боран борайды - 3,Түрлі фигура боп қат.2 - ші ойын: «Мұрынды аққалаға тос». Ойынның шарты:Балалар қолдарын артқа тығып, мұрындарын тосады.3 - ші ойын: «Шана тартысу». Ойынның шарты: Екі шананың артынанбайлау. Екі бала отырып шаналарды тартады. Кім бірінші шеңбердің ішінен тартып шығады, сол жеңеді.Жүргізуші: Енді бізге жолды көрсетесіз бе?Мыстан: Жарайсыңдар, балалар! Міне мына жолмен барасыңдар даҚысты кездестіресіңдер. Сау болыңдар, адасып қалмаңдар.Жүргізуші: Балалар кәне ән салайықСол кезде алдымыздан Қыс шығады.Қыс: Далада қар борайды,Ақ мамыққа орайды.Мұз болады - қатады,Жып - жылтыр боп жатады.Аралайды бақшаны,Үзілмейді жақсы әні.Гүлденеді бақшалар,Жақсы жаусын ақша қар.Мариям: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр - мылқау танымас тірі жанды.Үсті - басы – Ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап келіп қалды.Қыс жұмбақтар жасырады.Жалт - жұлт етеді,Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)Зулап түсті төменге.Шықпас менен төбеге. (Коньки)Тікен - тікен тік пісте,Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)Күміс тұяқ тұлпарды,Ерттеп міндім тай қылып. (Шана)Қыста айна,Көктемде су. (Мұз)Қыс: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма?1 - ші ойын: «Бір шаңғымен жүріп көр». Ойынның шарты: Екі команданың балаларыбір - бір шаңғы киіп жүреді. Кімнің командасы бірінші жалауға дейін келеді.2 - ші ойын: «Әділ қол». Ойынның шарты: Мына таяқтарды қарлы тауға лақтырып қадау.Жүргізуші: Рахмет, саған Қыс! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңілкөтердік. Балалармен бірге би билейік «Биші үйректер».Қыс: Сендерге көп рахмет, көңілім көтерілді! Мына тәтті ұлпалар менің сыйлығым. Сау болыңдар, балалар!
Толағай (отбасылар сайысы)
Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысыМақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.Өтілетін орны: Спорт залыКөрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.Барысы:1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!Шынықсаң шымыр боласың,Сауығып айдай толасың.Спортты серік ете біл,Жақсы азамат боласың.Жеңімпаз болу оңай ма,Арман болған талайға?Болмасаң да ұқсап бақ,Жарысқа түсіп қалайда.2 - жүргізуші: «Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде 7а класс оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз. 4отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.Әр таңды бақытпенен аттырамызӨнерді ой көгінде бақылаңыз,Сайысқа қатысуға енді ортаға«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатынОтбасыларын шақырамыз.Ұстанған салауатты өмір салтын,Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,Болашақ спортшылар келді ортағаҚол соғып қарсы алайық, қане, халқым!(әр отбасы орындарына келіп тұрады)1 - топ: «Шаңырақ»2 - топ: «Босаға»3 - топ: «Алтын бесік»«Шаңырақ» тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!«Босаға»тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Біз әрқашанда мықтыБәрін жеңіп шықты«Алтын бесік»тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.Ал, құрметті халайық!Жарысты енді көріңдерӘділ қазы алқасыӘділ баға беріңдер!Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.1. Дене шынықтыру пән мұғалімі Қуан Нұрбек2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Тойжан Нұрсәуле3. Ата - аналар комитетінің төрайымы Абдулина ГүлшатСпорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.2 - жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі десек, «Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады1- кезең: «Теңбілдоп»Шарты: Бұл ойында топ мүшелерінің әрқайсысына әр түрлі тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.1. Футбол добын аяқпен теуіп жүгіру.2. Баскетбол добын ұрып жүгіру.3. Ракеткамен шарикті жоғары серпітіп алып жүгіру.2 - кезең: «Қақпашы»Шарты: Бұл ойында топтың бір мүшесі топтарына қарама - қарсы 10 метр жерге барып қолына шелек ұстап тұрады. Қалған ойыншылар біртіндеп волейбол добын лақтырады. Шелек ұстаған ойыншы лақтырған доптықолындағы шелекпен қағып алуы керек.Би: 7 класс оқушылары «гимнастика»3 - кезең: «Тасымақ»Шарты: Бұл ойында әр топ екі ойыншыдан жұптасып арқаларын түйістіреді де орталарына доп қыстырып алып жүгіреді. Белгі бойынша ойынды бастап белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.Нұрлыбек Нұрсая мен Ғалым Нұржанаттың орындауында «Тек алға» әні4 - кезең: «Жеміс жидек жинау»Шарты: 2 - 3 метр шеңбер сызылады соның ішіне алма шашылады. Анасының басына шелек кигізіп қызы жетелеп шашылған жеміске қарай бағыттайды. Мамасы тездете жинайды.5 - кезең: «Шығыршықпен бір - бірін тасымалдау»Шарты: Әр топқа 2 шығыршық беріледі. Алдыңғы тұрған ойыншы 1 шығыршықты жерге қойып бәрі ішіне тұрады. Екінші шығыршықта осылай қайталанады.6 - кезең: «Кім көп секіреді?»Шарты: Ата - анасы скакалканы екі жақтан ұстап, баланы секіртеді. 10 - нан асыру керек.7 - кезең: «Білімді кенгуру»Шарты: Ата - анасы, баласы кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек.Би: 7 кластың орындауында «Жастар биі»8 - кезең: «Эмоцияны немесе іс - әрекетті қайтала»Шарты: Ата - ана кезекпен кезек тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішінде жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата - ана соны шешу керек.9 - кезең «Жеңіске жету»Шарты: Ата - ана, бала кезекпен - кезек кедергілерден өтіп скакалкамен ту тұрған жерге барады. Туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына алып барады. Және соңғысы алып келеді.«Шаңырақ» тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!«Босаға»тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Біз әрқашанда мықтыБәрін жеңіп шықты«Алтын бесік»тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.Қорытынды бөлімЖарыс заңы ежелден -Жеңімпазды анықтауЖеңімпаз болу шарты сол -Еңбектену, жалықпауБіреу озса сайыста,Біреу артта қаладыЖеңілгендер ренжімейТараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» -деген
қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке таңытыды.
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам
бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?
Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады.
Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында да: «Нағыз жаылы орын: қылышқа – қынабы , отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.
Қазақстан Республикасы Ата Занының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» деліні, ұрпақ тағдыры айтылады.
Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларныың көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат.
Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнін хақысы жоқ. Сондықтан, «бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді», – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін
аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
«Обасы –шағын мемелеке,
Мен – президент, сен – премьер», дегені бар.
Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беділі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылмдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнермен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер – білім берем дасең басыннан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда», – деп
ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.
Отбасынадағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Өйткені, ежелгі Рим философы Горациий айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қаиынаста әдеп-инибат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады.
Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына анасының да, әкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мәнді тәлім тәрбиесі қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді. Ал ұл бала үшін әкесі жынысына байланысты жақын және олардың мінезі-құлықтары мен қарым-қатынасында көптеген ұқсастықтар анықталады, сондықтанда ұл баланың қабілеттілігі әкенің ықпалына байланысты деп айтып жататыны осыдан.
Әке ұлына күшті жыныс өкілі ретінде үлгі болады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылықа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек
Ал ананың міндеті ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып, өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады және оның эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланың анасына деген қарым-қатынасы белгілі дәрежеде қыз балалармен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру мәнін игеруге мүмкіндік тудырады, адамдарға қамқорлық жасауға үйретеді, өзінің маңайындағыларға қажетті көмек жасауға ықпал етеді.
Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу – бұл қарапайым емес маңызды және жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Өйткені осы жастағы ер баланың бойынан шығармашылыққа, өзінің өмірден орнын іздеу сияқты талпыныстарын байқауға болады. Осы тұста ата-ана олардың жан дүниесін түсініп, дер кезінде бағыт-бағдар көрсетсетсе, бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі тапқырлығы болып саналады. Ер бала бойында болып жатқан кез келген өзгерістерді ескеріп, ата-ана баламен жүргізетін тәлімдік, тәрбиелік істерді олардың барлық қырынан зерттей, ішкі «Меніне» әсер ететіндей ешқандай іс-әрекетке бармай, жақын досындай ақыл-кеңес бере отырып жүргізуі қажет. Сонда ғанаата-анамен бала арасындағықарым-қатынасоңнәтижебереді. Сондықтан да, әрдайымөзіндікпедагогикалықбілімдітолықтырыпотыру, басқа да ата-аналардыңтәжірибелерініңжағымдыжақтарынқолдану, мектеп пен мұғалімдерменбірігіпжұмысістеудіқолғаалу, ата-аналарғаарналғанөзіндіклекциялардытыңдау, әдебиеттердіоқукерек. Бірсөзбенайтқанда, егерсіздіңбалаңыздыңөмірдебелгілідеңгейдежетістіккежетуінқаласаңыз, жекетұлғаретінде, маманретіндеашылуынаеңбектендіреотырып, көмек беру қажет. Бұлата-анаүшін, балаларүшінжәнеқоғамүшінөтетиімді.
Бүгінгітаңдаата-анасықасындаболса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымызмаскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымызшылымшегіп, жеңілжүрістергетүсуіотбасындағытәрбиеніңдұрысжолғақойылмауыныңайғағы.
Шариғатта да алтын ұя – отбасыжоғарыбағаланып, оны бала тәрбиелепөсіруінебіріншідәрежелімәнберілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналарқолынаберілгенаяулы аманат.» Бұлғажайыпқұдайшылдықаңықтаманыжадыдаұстаубылайтұрсын, әрүйдіңмандайшасынаіліпқоютұрарлық. Баланы өздігіненөмірсүругемүлдеқабілетсізнәрестекезіненбастапбақыттыбалалышақ, жекешаңырақкөтергенгедейінгіжастықжолдарыөтетінотбасынбақыттыжағалауынбеткеалып, өмір – айдынындажүзіп бара жатқанқайыққатенесек, оныңқосескегі – әке мен ана дер едік.
БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша арнайы тапсырмалар бергені белгілі. Балалар денсаулығы, яғни педиатрия медицинаның ең өзекті, ауқымды да саласы. 29 қарашада облыстық денсаулық сақтау басқармасы өлкеміздің 80 жылдығы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының 50 жылдығына арналған халықаралық өкілдердің қатысуымен «Өңірлік педиатриялық қызметтің басымдықтары, инновациялары және болашағы» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.Семинарға осы саланың мамандары, бас дәрігерлер, ғалымдар, денсаулық сақтау министрінің өкілдері, дүниежүзілік денсаулық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы М.Вуйнович, «педиатрия мен балалар хирургиясының ұлттық орталығының» құрметті директоры, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы, профессор К.Ормантаев, ОҚО әкімінің орынбасары Б.Нәжмединұлы, ҚР Мәжілісінің депутаты Ұ.Сәдібековтер қатысты.ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы, м.ғ.д., профессор Ж.Исмаилов ұйымдастырылып отырған семинардың мән-мағынасы жайында айта келіп, сөзді облыс әкімінің орынбасары Б.Нәжмединұлына берді. Ол облыстағы медицина саласындағы жетістіктер мен алда тұрған міндеттерге тоқталды. Ал Мәжіліс депутаты Ұ.Сәдібеков республика бойынша біздегі бала туу көрсеткішінің жоғарылығын, осы сала бойынша мәжілістегі және Үкіметтегі істерге тоқталды. Біздің елдегі балалар педиатриясының негізін салушы Камал Ормантаевтың сөзі көпшілікті бей-жай қалдыра алмады. Кейбір шетелдіктердің тәжірибесіне көзсіз еліктеп, осыдан алты жыл бұрын елімізде педиатрия факультеттерін жауып тастағанына реніш білдірді. Петербургте, Ташкентте балалар педиатриясы ғылыми-зерттеу институттары бар, бізге де осындай мекемелер қажет екендігіне назар аударды.Семинарға қатысушылар үш секцияға бөлініп, балалар медицинасының өзекті мәселелерін талқылады. Семинар тек іскерлік бағытта ғана емес, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй деңгейінде өтті.
Сайлау ҚҰЛЖАНОВ.
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» және «Жеңістің 70 жылдығына» арналған тәрбие сағаты.
Кабинет мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген. Көңілді әуенмен қолдарына әдемі гүл шоқтарын,әсем шарларын ұстаған балалар көтеріңкі көңіл-күйде отырады.Жүргізуші:
Құрметті асқар таудай әкелер,арқа сүйер аталар және де біздің кішкентай ұландар!Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойымен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт,бірлік,береке тілейміз.Жеңіс күні,Жеңіс жырыАсқақтата шырқалсын.Ардагерлер қалауыМәңгі өшпесін алауы.Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осыЖеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.Инкара:Жеңіс келді далама,Жеңіс келді қалама.Жеңіс келді әке боп,Елдегі көп балаға.
Әміржан:Жеңіс келді ән болып,Келді ауылға сән болып.Жеңіс келді алақай!Тоя жейтін нан болып.
Елдана:Әлияны бұл күнде,Барлық бала біледі.Әлия-аты көңілде,Әкпеміз деп жүреді.
Досжан:Даламыздың даңқысыз,Балауса гүл,балғын қыз.Жанын қиып,халқы үшін,Жанып түскен ақ жұлдыз.
Баян:Мәншүк апай батырқыз,Ардақтаймыз атын біз.Ұқсап Мәншүк апайға,Өсіп келе жатырмыз.Жүргізуші: Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын,осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз.Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше осы
батырларымыздың құрметіне ән орындаймыз.Ән:«Жеңіс күнін тойлаймыз».І-шумақ:От жалыннан жаралған,Отан – біздің анамыз.Жауды жеңіп оралған,Ортамызда – ағамыз.Қайырмасы:Ерлігіне бар адамТаңдана қағар тамсанаОмырауға қадағанОрдендері қаншама!!!ІІ-шумақ: Айтқан сайын жақсы аға,Әңгімеге тоймаймыз.Біздер бүгін бақшада,Жеңіс күнін тойлаймыз!
Жүргізуші: Ертеңгі күнде әскери борыштарыңды өтеп келіп, бүгінде Отанымызды қорғайтын азамат болып қаласыңдар. Мейрамдарың құтты болсын Отан қорғаушылар!
Бірнеше спорттық жаттығулар жасалынады.
Дильназдың орындауында қазақ биі(осы кезде сап түзеген ұлдар шығып тақпақтарын айтады)
Арслан:Арыстан батыр – атымыз,Қыран құс құмай – затымыз.Жауынгер жалын жасақтың,Арқалы азаматымыз.
Досжан:Асу бермес шын,құздармыз,Жауларға қаһар,ызғармыз.
Қатер кеп төнсе халқыма,Қалқаны болар біз бармыз.
Акежан:Отаным,кең далам орманды,Болаттан соғылған қорғанды.Бақыттың,шаттықтың мекеніҚолдаймын,қорғаймын ордамды.
Маргулан:Нұр шашады алтын күнОтанымда мереке!Қона берсін еліме,Бақыт,шаттық береке!
Ерназар:Қызмет етіп ОтанғаБола білсең нағыз ер.Мақтан тұтар ерлерді,Туған елің,туған жер.
Нурислам:Отаным анамдай көремін.Озасың бәрінен сенемінЖелбіреп әрқашан көк туымГүлденіп көркейіп өсемін.
Бегарыс: Отан -біздің үйімізОтан біздің жырымыз,Отан біздің бақшамыз,Құлпыртатын гүліміз.
Шыңғыс:Отан – көкшіл туымыз.Отан біздің еліміз,Отанды қорғап жүремізТуып өскен жеріміз.Барлығы:Біз Отанның ұланымыз,Біз Отанның қыранымыз.
Ән: «Алға қазақ жігіттері» балалардың орындауында.Ойын: «Күш сынаспақ»Викториналық сұрақтар: (балаларға арналған)1. Біздің әскер күшті ме? (Күшті)2. Бейбітшілікті қорғай ма? (Қорғайды)3. Ұлдар әскерге бара ма? (Барады)4. Қыздарды өздерімен бірге ала ма? (Жоқ)5. Матрос деп кімді айтады? (Теңізшіні)6. Ұшқыш шекарада тұра ма? (Жоқ)7. Ол құстан биік ұша ма? (Иә)8. Бүгін қандай мереке? (Жеңіс күні және Отан қорғаушылыр)9. Қыздар мен аналар мерекесі ме? (Жоқ)10.Бейбітшілік - өмірде ең қымбат нәрсе ме? (Иә)
Жүргізуші:Асқақ ән көңілді тербесін,Тұтпасын күн қара пердесін.
Бақытпен көз ашқан балалар,Бүлікшіл соғысты көрмесін,- деп Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік тәрбие сағатын аяқтаймыз