Ата аналар жиналысына баяндама ?рпа? болаша?ы – т?рбие мен білімде


Өскемен қаласы әкімдігінің «№2 Жалпы білім беретін мектеп» КММ
Кылкабаева Кенжегул Автеновна
Ата-аналар жиналысына
баяндама.
Тақырыбы: «Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде»
Еліміздің айқын мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі білімді өресі биік, денсаулығы мықты өкілде болады» деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз.
Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға қызметететін білім мен тәрбие негізі – бастауышта, барша білімнің іргетасы да осында қаланады десек те, білім мен тәрбие өзегі балабақшадан бастау алатынын бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіпотырғаны айқын.
Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер ілгері орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Сондықтан да елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере қарап, олардың ертеңіне үлкен үміт артып отыр. Елбасының балабақша жайында тілге тиек етуі, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін қордаланып қалған өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашты. Балабақша күн санап арта түсуде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиеттерімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз. Жалпы қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының , балабақшаның, барша халықтың міндеті. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Жеке тұлғаны тәрбиелеп, білім беру үшін балабақша тәрбиешілерінің өзі ұзақ іздену мен үздіксіз еңбек нәтижесінде ғана жақсы жетістікке жетеді. Сол себепті тәрбиешілер жаңа стандарт талаптарына және бағдарламаларға сай жалпы оқу-тәрбие іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру арқылы және ата-аналармен байланыс жасай келе балаға тәрбие мен білім беруге өз күш жігерлерін айямай жұмсап жұмыс жасауда. Осы бағыттағы тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Жүсіп Баласағұнның зерделі ойлары біздің өрбітіп отырған мәселеміздің түйінін шешкендей.
Балам білім жолын ұғынсын десеңіз.
Бесігінде-ақ ілім шоғын көсеңіз.
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйыт, сүттей сіңір қанына.