Баяндама Иманды адам, ибалы ?о?ам



Ибалы адам , иманды қоғам
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.Иә, сөз асылы- мақал деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та- бала. Осы бала бағбаны кімдер?Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашанда ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейікХалқымыз тәрбиелі, көргенді, инабатты, жүзі жылы адамды иманжүзді екен деп жатады. Сондай-ақ өмірден өтіп кеткен адамға иманды болсын, өліге иман, тіріге береке берсін деген сөздерді жиі естиміз. Олай болса, иман деген не? Иман тек өлген адамдарға қажет нәрсе ме? Иманның тірі адамның өміріндегі мәнісі қандай?
Иман – араб тілінен аударғанда сенім деген мағынаны білдіреді. Иманды болу Құранда «әәмәнә» деген етістікпен беріледі. Өз кезегінде бұл сөз «әмн» қауіпсіздік деген мағынаны білдіреді. Қысқаша айтқанда иманды адам екі дүниеде қауіпсіздікте болады. Бұл дүниеде тіршіліктің сергелдеңі мен уайымынан, мәңгі өмірде күйзелтуші мәңгі азаптан аман болады.
Шариғаттағы мағынасында иман: соңғы пайғамбар Мухаммәд саллә Аллаһу аләйһи уә сәлләмнің әкелген барлық нәрсесін (Құран, хадистер, құлшылықтар, әмірлер мен тыйымдар) мойындап, қабылдау, жүзеге асыру.Абайша айтсақ: «әрбір ақылы бар адамға иман парыз, әрбір иманы бар адамға ғибадат (құлшылық) парыз».
Хадиске жүгінсек: иман тілмен айтылып, жүректе бекіп, дене мүшелерімен амалға асу керек.
Ардақты пайғамбарымыз өз хадисінде: «Иманның жетпістен артық бұтақтары бар: ең жоғарғысы - Лә иләһә иллә Аллаһ, ең төменгісі – жолдағы кедергіні алып тастау» дейді.
Басқа діндегі адам Ислам дінін қабылдар болса «Лә иләһә иллә Аллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ», яғни, «Алладан басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, Мухаммед Алланың елшісі» деп айтуы керек. Осы сөзді куәлар алдында айтқан адам мұсылман болады. Бұл сөзді шын жүректен түсініп айтқан адам өмірде қателесіп күнәлар жасаған болса, ақыретте күнәларына сай тозақта жазаланған соң шығарылып, жәннәтқа кіреді. Иманы жоқ адам тозақта мәңгі қалады!
Олай болса бұл сөз біздің мәңгі бақытқа қол жеткізуіміздің кілті екен. Бірақ, өкінішке орай, мұсылманбыз деп кеуде соққанымызбен көпшілігіміз осы сөздің өзін біле қоймаймыз. Кейбіріміз айта білгенімізбен мағынасын түсіне бермейміз. Түсінген күнде де тіршілікте соған сай амал етуге асыға қоймайтынымыз тағы бар...
Көбіне көпшілік халық мешітке түсіне өмірден өткен жақындары кірсе, немесе жақын біреу қайтыс болса ғана барады. Соларға Құран оқытып қайтқан соң мойнынан барлық парыздары түскендей кетіп бара жатады. Сол оқылып жатқан Құранда не айтылып жатыр, біздерге не бұйырылып жатқанына бас қатырып жатпайды. Өкінішке орай өз парыздарымызды үйрену мен орындауға келгенде белсенділігіміз бәсеңсіп қалып жататыны рас.
Дүниеде қаншама адамдар иманға келмеген соң жалған дүниенің алдамшы мақсаттарын қуып, құнды өмірін құнсыз нәрселермен өткізіп жүр. Олардың жағдайлары неткен аянышты... Шынайы иманға келген адамдар ғана өмірдің мәнісін түсініп, не үшін жаратылғанын біліп, Жаратушысына құлшылық ету арқылы жаратылғандарға құл болудан азат етілуде. Осылайша имандылар ғана барлық жұмыр бастылардың басқа жақтан іздеп таппай жүрген бақытына қол жеткізуде.
Алла-тағала бізді не үшін жаратқанын Құранда былай хабарлайды: «Жындар мен адамдарды тек қана Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым» («Зәрият» сүресі, 56-аят).
Құлшылық қартайғанда қылынатын қарекет емес. Жастық шақта бойда күш буырқанып тұрғанда сол күшті күнәға жұмсамай тежеп, жақсы амалдарды атқаруға жұмсау.
Еліміздің әр азаматы иманды болса арман бар ма? Қоғам имандылыққа қол жеткізсе жемқорлық, нашақорлық, зинақорлық сияқты қорлықтардан оңай құтылар едік, алайда бүгінгі қоғамда бәрі басқаша.
Өмірде мәңгі жасайтын ешкім жоқ. Иманға қарағанда ақша мен дүниені, сауық-сайран мен қызық қууды артық көргендер ақыретте қойылатын сұрақтарға жауап бере алмай кібіртіктеп қана қоймай, қабір азабы мен тозақ отына душар болары хақ. Өйткені Алла-тағала бізді Өзіне құлшылық етуіміз үшін осы сынақ өмірге жіберді. Тіршіліктің түбі өліммен аяқталмасы аян. Адам мәңгі өмір үшін жаралған. Біреулер бұл дүниеде қиындыққа шыдап, мәңгі өмірдің рахатына бөленсе, енді біреулер алдамшы да өткінші өмірдің қызықтарына қызығып, мәңгі жәннәттан құр қалып азапқа сай болады.
Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершіліг жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды. Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрнісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершіліе. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»
Алланың жердегі елшісі Мұхаммед пайғамбар халыққа жеткізген қасиетті Құрандағы ізгі ойлар жандүние жасауларымызды байыта берсін! Иманды қоғам, ибалы адам тіршіліктің тірегіне айналсын!