Разработка урока по казахскому языку на тему Бас ?аланы? бойт?мары

Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сынып мерзімі
Пән атауы: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Бас қаланың бойтұмары».Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: сөзжасам тарауын қайталата отырып, сөздердің жасалу жолдарын меңгерту, сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге дағдыландыру; дара және күрделі сөздерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру;
ә) дамытушылық: логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, шығармашылық ізденісін арттыру, оқушының пәнге деген қызығушылығын күшейту;
б) тәрбиелік: Отансүйгіштік, адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбексүйгіштік, адалдық, сыйластық, елжандылық, т.б.жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, Қазақстан астанасы Астана қаласы туралы түсініктерін тереңірек қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО жобасы бойынша және түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Астана қаласының көріністері, ұпай жетондары.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, қорытындылау, марапаттау бағалау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгендеу
Тақырыпқа шолу жасау. Қазақстан Республикасы туралы түсінік.бүгінгі сабақта немен танысып, қандай жұмыс істейтіндерін ескерту.
5.Сыныпты үш топқа бөлу. Әрбір топтан бір оқушы өз тобының аты мен ұрандарын айтып шығады.
І топ. «Біріккен сөздер» тобы.
Ұраны: Біз әрқашан біргеміз,
Ажырамас іргеміз
ІІ топ. «Қос сөздер» тобы.
Ұраны: Қосарланған қос сөзбіз,
Қос – қостан біз жүреміз
ІІІ топ. «Қысқарған сөздер» тобы.
Ұраны: Ықшамдалып алынғанбыз,
Қысқарған сөз біз боламыз!
Біздегі тағы бір ерекшелік ІҮ топ бар. Олар осы командаларға өз әділ бағаларын беретін әділ – қазылар алқасы.
1.-------------------------------------------------------------------------------------
2.-------------------------------------------------------------------------------------
3.-------------------------------------------------------------------------------------
Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту стратегиясы. (өтілген барлық тапсырмалар мен ережелерді сұрау). Үй тапсырмасы «3 қадамнан тұратын сұқбат» арқылы сұралады.

В
3009909398000
А С
А - сұрақ қояды («Біріккен сөздер» тобы)
В – жауап береді ( «Қос сөздер» тобы)
С–айтылған ережелерге мысалдар келтіріп, сөйлем құрайды. («Қысқарған сөздер» тобы)
Дара және күрделі сөздерді түсіндіру.
Бір түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді.
Мысалы: апа, бұлт, телефон, дос, аялдама, жолдас деген сөздер дара болып есептеледі.Себебі бұл сөздер негізгі түбірден \апа, бұлт, телефон, дос\ немесе туынды түбірден \аялда – түбірі, -ма – жұрнақ, жол-түбірі, -дас – жұрнақ.
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: ата-ана, ауыл-аймақ, бозторғай, шұбар ала, он бес сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады.
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады:
1.біріккен сөздер \ бүгін, биыл, қыстыгүні\
2. қос сөздер \ ыдыс-аяқ, жақсы-жаман\
3. қысқарған сөздер \АҚШ, БҰҰ; ҚАЗҰУ, мединститут\
4. тіркескен сөздер \ Алматы қаласы, қазақ халқы, ақ сары, екі жүз, қара торы, шұбар ат\
Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Біріккен сөздер қазақ тілінде екі түрлі:
1. Күрделі сөздегі түбірлердің тұлғалары өзгеріске ұшырамай сақталған: түйеқұс, қарақұрт, тасбақа т.б2. Сөздегі түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды: қыстыгүні \қыстың күні\, білезік \ білек жүзік\ т.б.
Қазақ тілінде біріккен сөздің екі түрі бар:
Біріккен сөз-тұлғалары сақталады.
Кіріккен сөз-тұлғалары дыбыстық өзгерістерге ұшырайды: биыл-бұл жыл, сексен-сегіз он, білезік-білек жүзік.
Б.с Түбір тұлғалары сақталады. Екеуі де бірігіп жазылады. К.с
Түбір тұлғалары сақталмай, дыбыстық өзгерістерге түседі.
Сабақтың барысы:
«Білімділер додасы» сайысымыз төмендегідей турлардан тұрады:
І. «Кім тапқыр?»
ІІ. «Мықты болсаң, тауып көр»
ІІІ. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
ІҮ. «Ойлы болсаң, озып көр»
Ү. «Алғыр болсаң, сынап көр»
ҮІ. «Жазушы болсаң, құрап көр»
ҮІІ. «Жеңімпаз кім?» (әділ – қазылар шешімі)
ҮІІІ. Марапаттау және бағалау
Сайыс шарттары түсінікті болса, біз өз сайымызды бастаймыз. Командаларға сәттілік және іске сәт!
І. «Кім тапқыр?» бұл турда әрбір топқа үш – үштен сөздер беріледі. Топ құрамы берілген сөздерді морфологиялық талдау яғни түбірі мен қосымшасына ажыратады.
І топ. «Біріккен сөздер» тобына берілетін сөздер:
Шаруашылықтар: (шаруа) - түбірі, ( – шы) сөз тудырушы жұрнақ, ( - лық) – сөз тудырушы жұрнақ, (-тар) – көптік жалғауы.
Балықшылар: (балық) – түбірі, (-шы) – сөз тудырушы жұрнақ, (-лар) –сөз тудырушы жұрнақ.
Өнерлі: (өнер) – түбірі, (-лі) – сөз тудырушы жұрнақ.
ІІ топ. «Қос сөздер» тобына берілетін сөздер:
Сандықша: (сандық) – түбірі, (-ша) – сөз түрлендіруші жұрнақ.
Білгіштік: (біл) – түбірі, (-гіш) – сөз тудырушы жұрнақ, (-тік) – сөз тудырушы жұрнақ.
Әншілер: (ән) – түбірі, (-ші) – сөз тудырушы жұрнақ, (-лер) – көптік жалғауы.
ІІІ топ. «Қысқарған сөздер» тобына берілетін сөздер:
Үлгілі: (үлгі) – түбірі, (-лі) – сөз тудырушы жұрнақ.
Мектепте: (мектеп) – түбірі, (-те) – жатыс септігінің жалғауы
Мұнайшылар: (мұнай) - түбірі, (-шы) – сөз тудырушы жұрнақ, (-лар) – көптік жалғауының жалғауы.
ІІ. «Мықты болсаң, тауып көр». Бұл турда тақтада көрсетілген сөйлемдерден, мақал – мәтелдерден қалып кеткен күрделі сөздерді , не жұмбақтардың шешуі болатын күрделі сөзді тауып, оны оларды күрделі сөздердің түріне ажыратып, үш тілдегі аудармасын айтып, сөзжасамдық талдау жасайды. Әрбір топқа екі - екіден сөздер беріледі және әрбір дұрыс, толық жауапқа 10 ұпай, жартылай жауапқа 5 ұпайдан беріліп отырады.
І топ. «Біріккен сөздер» тобына:
1.Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім
Жауабы: (кемпірқосақ, радуга, -----------------------)
Құрамына қарай күрделі сөз
Түріне қарай: біріккен сөз, кемпір және қосақ деген сөздердің бірігуі
Жасалуына қарай: екі түбірдің бірігуі
2. көре – көре көсем боласың,
----------------- шешен боласың.
Жауабы: (сөйлей – сөйлей, разговоривать,------------------------- )
Құрамына қарай: күрделі сөз
Түріне қарай: қос сөз, қайталама
Жасалуына қарай: қосымшалы түбірдің қайталануы арқылы
ІІ топ. «Қос сөздер» тобына:
1.----------------толған жансың,
Бір – біріңе мейман жансың.
Жауабы: (отбасы, семья, фемели)
Құрамына қарай: күрделі
Түріне қарай: біріккен сөз, от және басы
Емлесіне қарай: екі түбірдің бірігуі арқылы
2.Тойға келген жастар ---------------------------------- айтып, өзара көңіл көтеріп отырды.
Жауабы: (ән –күй, музыка, соңг)
Құрамына қарай: күрделі
Түріне қарай: қос сөз, қосарлама
Жасалуына қарай: екі сыңары да мағыналы
ІІІ топ. «Қысқарған сөздер» тобына:
1.Бес ін,
Бес іннің аузы бір ін.
Жауабы: (қолғап, перчатки, -------------------)
Құрамына қарай: күрделі
Түріне қарай: кіріккен сөз, қол және ғап
Емлесіне қарай: дыбыстық өзгеріске ұшыраған қалыпта жазылған.
2.Джорд Буш қай мемлекеттің президенті болған?
Жауабы: (АҚШ, США, USA)
Құрамына қарай: күрделі
Түріне қарай: қысқарған сөз
Тәсілі: күрделі атаулардың бас әріпінен құралған.
ІІІ. «Жүйрік болсаң, шауып көр». Бұл турда әр топ берілген тапсырмаларды мүдірмей тез орындау қажет. Егер топ мүшесі таба алмаса, келесі топқа жауап беруіне болады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1-тапсырма жауабы.
Астана қаласының символы – «Астана-Бәйтерек». Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.
Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаю, өркендеу кезеңдерінің нышанын айғақтайтындай. Мұнараға кіреберістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындыларының көрмесі көрермендерді толғанысқа бөлеп, шаттыққа кенелтеді.
Ал «Даму» кешенінің орта бөлігі ағаш діңгегі тәріздес. Онда аспанға асқақтауды бейнелейтін «Mitsubishi» фирмасының екі жеделсатысы қондырылған. Бұл жедел сатылар келушілерді «Жаңғыру ағашының» диаметрі 22 метрлік діңгегіне – Алтын шарға тез арада шығара алады. Шардың ішінде жеделсатылық холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан
2-тапсырма.Синтаксистік талдау жасаңдар.
Киелі ағаш туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімнің көрінісі.
3-тапсырма.
1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсет.
А) Жақты сөйлем Ә) Толымды сөйлем Б) Құрмалас сөйлем В) Сұраулы сөйлем
2. Сұраулы сөйлемді тап.
А) Немене, бізді оқымайды деп пе едіңіз? Ә) Сен менен аулақ жүр.
Б) Білімдіден шыққан сөз... В) Япыр-ау, қайда сол күндер!
3. Қазақ тілінде жай сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 1 Ә) 2 Б) 3 В) 4
4. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
А) Сұрай айтылған сөйлем Ә) Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем
Б) Қуану, ренжу мақсатында айтылған сөйлем В) Армадау мақсатында айтылған сөйлем
5. Бұйрықты сөйлемді тап.
А) Сен болған шығарсың? Ә) Ауа райы суық. Б) Тіліңді тарт В) Қандай тамаша көл!
6. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.
А) Ол кісі қайда тұрады? Ә) Неге үндемейсіз? Б) Әже, барамыз ба? В) Сен қашан дайын боласың?
7. Хабарлы сөйлемді тап.
А) Ал, сосын Ә) Қайдағы жау? Б) Қане, отыр. В) Жел соғып тұр.
8. Сөйлеушінің тұрлі көңіл-күйін білдіретін жай сөйлемнің түрін ... дейміз.
А) Хабарлы Ә) Лепті Б) Сұраулы В) Бұйрықты
9. Жай сөйлемді ажыратыңыз.
А) Ауыл іші. Ә) Еліміздің рәміздерін құрметтеңдер! Б) Төбе шашы тік тұрды. В) Ел арасы
10. Лепті сөйлемнің жасалу жолдарын тап.
А) Бұйрық рай арқылы Ә) Шартты райға –шы, -ші жұрнағы жалғану арқылы
Б) Шығар, болар шылаулары арқылы В) Етістік формалары арқылы
ІҮ. «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл турда әр топтан үш оқушы шығып, тіркес сөздердің сыңарын тауып, оның мағынасын ашады. Әрбір дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
1.Аңыз бойынша сұрақ құраңдар.
2.Керекті жалғауды жалғаңдар.
«Бәйтерек»кешен... әрбір қазақстандық... отаншылдық, ынтымақ пен келісім сезім... білдіріп тұру... бағытталған
3. Сөздерді септеңдер.
Бәйтерек, аңыз, құс.
Ү. «Алғыр болсаң, сынап көр». Бұл турда әр топқа бір – біреуден күрделі біріккен сөздер беріледі. Сол берілген күрделі сөздерге байланысты не ән, не жазушылардың өлеңін, не болмаса сол туралы қысқаша мәлімет айтып береді. Дұрыс әрі нақты жауап 10 ұпаймен бағаланады. Берілетін сөздер:
1.Сарыжайлау. 2. Алтыбақан. 3. Жазғытұры
ҮІ. «Жазушы болсаң, құрап көр». Бұл турда ойтолғаныс, яғни әр топқа әр түрлі сөздер беріледі. Сол сөздерді қатыстыра отырып, мәтін құрап, сөзжасамдық талдау жасайды. Бұл сайыс 5 ұпаймен бағаланады.
І топқа: Қызылорда, Орынбасар, Мұқамеджан, ешбір, әрқашан, Сарыжайлау, Сегізаяқ, жазғытұрым, тоғызқұмалақ, алтыбақан, жанкүйер, ақсақал.
ІІ топқа: ауыл – аймақ, көрші – көлем, үлкен – кіші, аралас – құралас, бірімен – бірі, қарым – қатынас, үйді – үйге, ата – ана, сый – құрмет, әдет – ғұрып, жарасымды, тату – тәтті.
ІІІ топ: пединститут, Ақтау, Сегізаяқ, жанкүйер, тоғызқұмалақ, қарым – қатынас, сәлем – сауқат.
ҮІІ. «Жеңімпаз кім?» (әділ – қазылар шешімі)
ҮІІІ. Марапаттау және бағалау
Соңғы слайдта «Астана» туралы ән көріністі беру.
в) Сабақтың қорытындысы:
Оқушылардың берген жауаптарына қарай жинаған ұпайларына білімдерін бағалау және марапаттау.
Үйге тапсырма: «Киелі ағаш - Бәйтерек» деген тақырыпта шағын мәтін құрап, сөзжасамдық талдау жасау.
Балалар, үйге тапсырма түсінікті ме? Түсінікті болса сабақ аяқталды. Сау болыңыздар
Астана қаласының символы Астана-Бәйтерек ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты
Бәйтерек үш бөліктен тұрады жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаю, өркендеу кезеңдерінің нышанын айғақтайтында мұнараға кіреберістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындыларының көрмесі көрермендерді толғанысқа бөлеп шаттыққа кенелтеді
Ал Дамукешенінің орта бөлігі ағаш діңгегі тәріздес онда аспанға асқақтауды бейнелейтін Mitsubishi фирмасының екі жеделсатысы қондырылған бұл жедел сатылар келушілерді Жаңғыру ағашының диаметрі 22 метрлік діңгегіне – Алтын шарға тез арада шығара алады шардың ішінде жеделсатылық холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан.

1-тапсырма жауабы
Астана қаласының символы – «Астана-Бәйтерек». Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.
Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаю, өркендеу кезеңдерінің нышанын айғақтайтындай. Мұнараға кіреберістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындыларының көрмесі көрермендерді толғанысқа бөлеп, шаттыққа кенелтеді.
Ал «Даму» кешенінің орта бөлігі ағаш діңгегі тәріздес. Онда аспанға асқақтауды бейнелейтін «Mitsubishi» фирмасының екі жеделсатысы қондырылған. Бұл жедел сатылар келушілерді «Жаңғыру ағашының» диаметрі 22 метрлік діңгегіне – Алтын шарға тез арада шығара алады. Шардың ішінде жеделсатылық холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан
3-тапсырма жауабы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
В А В Ә Б Б В Ә Ә В
«Жазушы болсаң, құрап көр».
І топқа:
Қызылорда, Орынбасар, Мұқамеджан, ешбір, әрқашан, Сарыжайлау, Сегізаяқ, жазғытұрым, тоғызқұмалақ, алтыбақан, жанкүйер, ақсақал.
---------------------------------------------------------------------------------------

«Жазушы болсаң, құрап көр».
ІІ топқа:
ауыл – аймақ, көрші – көлем, үлкен – кіші, аралас – құралас, бірімен – бірі, қарым – қатынас, үйді – үйге, ата – ана, сый – құрмет, әдет – ғұрып, жарасымды, тату – тәтті.
---------------------------------------------------------------------------------------
«Жазушы болсаң, құрап көр».
ІІІ топқа:
пединститут, Ақтау, Сегізаяқ, жанкүйер, тоғызқұмалақ, қарым – қатынас, сәлем – сауқат.
-------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------