?аза? тілі Шы?арма жазып ?йренейік


Жоспары:І. Кіріспе. Азаттық – бабалар аманаты.ІІ. Негізгі бөлім. Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге.1. Отансүйгіштік рух – қасиетті тірек.2. Еркін елдің ертеңі – тағылымды тұлға.ІІІ. Қорытынды: Ұлттың ортақ ұраны: Отан, тәуелсіздік, тұрақты дамуСан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:Кедей халықты бай қылдым,Аз халықты көп қылдым…Түркі иелігіненайырылған халықтыАта - баба мекеніне орнатты… - делінген еді.Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды. Туады ерлер ел үшін, Өлмейді ісі мәңгілік. Өшпейді абзал есімдер, Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін. Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет. Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!
 
Ұрпақтары ұмытпайдыНеменеңе жетістің, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр, Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп әнеки жағада тұр.                                                     М. Мақатаев Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет , қантөгіс, өлім – жетім.Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан , жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу. Соғыстың әуелі Финляндия шекарасында басталғаны белгілі. Сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің ішінде менің атам - Мадырбаев Рахмет Копейұлы да бар. Отан алдындағы әскери борышын өтеген 1939 – 1946 жылдар арасында небір қиыншылықты басынан кешіріп, соғыс біткен соң еліне аман оралғандардың бірі. Ол кісінің қолынан тастамайтын шағын қобдишасы болатын.Оның ішінде соғыс кезінде жазған, оқ пен оттың, өлім мен өмір жолында жүріп , еліне , туған – туыс, бауырларына деген сағынышын , өзінің басынан кешкен киыншылық кезеңдерді өлеңмен өрнектеген шағын қолжазбасы бар екен. Беттері сарғайған осы парақтар өмір бойы төл құжатындай сақталып келіпті. Бұл қолжазба туралы: «Кейінгі буынға сол сұрапыл соғысты баян ете отыра , жүректен шыққан шумақтарымды ұсындым. Бұл – мен үшін сол кездің шежіресі. Әр адамның өз тарихы бар ғой. Менің тарихымның естен кетпес тұстары – Отан қорғау жылдарым еді», - дегені әлі есімде.Қолжазбаға мына өлең шумақтары тізіліпті:          Жүргенімде қуанышпен қамданып,          Керек – жарақ заттарымды қолға алып,          Жиырма екінші сағатанда қырық бірдің          Батыстан дауыл соқты долданып.          Таң алдында сағат бесті соққанда          Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да,          Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау          Шекараға келіп салды ойранды. Шындыққа  жаны құмар атам кезінде 9 мамыр мерекесін қатты жақсы көрді.Бұл күні ол омырауына барлық ордендері мен медальдарын тағып , балаларына , немерелеріне соғыс туралы естеліктерін айтудан жалықпайтын.«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» , - деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік , тыныштық , береке , бақыт орнатқандар. 9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше , аса қастерлі де айтулы күн .Сондықтан осы Ұлы мерекені ерекше қабылдаймын. Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата –бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып,сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді ардақ тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында  басымызды иеміз. Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман  болсын,- деп тілей отырып, өзімнің жүрекжарды жырыммен шығармамды аяқтағым келеді. Жеңіс күнін ардагерлер әперген, Желбіретіп қызыл туды көтерген. Туған елін жау қолында қалдырмай, Ерлікпенен ер парызын өтеген. Он сегізде соғыс атты от кешкен, Жараланып, жас денесін оқ тескен. Аталарым, ардагерлер, болшы аман, Зейнетін көр бейнетіңнің мол кешкен.