Word м?тіндік процессорында практикалы? ж?мыс


Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік процессорында практикалық жұмысСабақтың мақсаты:Білімділік: оқушыларға Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылауДамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру,қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: практикалықСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққааударуІІ. Үй тапсырмасын тексеруСұрақтар:1. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі?2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?3. Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не?4. Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?5. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру командасы?6. Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?« Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу. Әр топқа бірі бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, ұпайларын қою.«Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керекСөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, ж/е т. б.
Мақалдар сайысы. Әр топқа мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. Қай топ бірінші мақалдың жартысын тауып қатесіз жазса сол топ өздеріне балл қосқаны.І топ ІІ топ1. Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмас2. Өнер алды - қызыл тіл3. Ырыс алды – ынтымақ4. Көз қорқақ - қол батыр.5. Ұрлық түбі – қорлық6. Денсаулық – зор байлық.7. Көз қорқақ - қол батыр8. Еңбектің наны тәтті,Қорқақтың жаны - тәттіПрактикалық бөлімДеңгейлік тапсырмалар орындау1 - деңгейМенің Отаным - Қазақстан деген мәтінді теріп.Отан деген атпен сақтауҚазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!2 - деңгейА. Құнанбаевтың өлеңін жатқа жазу3 - деңгей«Менің Отаным», «Менің сыныбым», «Менің ең жақсы көретін пәнім», «Менің досым» тақырыптарының бірінде шағын әңгіме жазу.Сергіту сәті 2 минуттық дене, көз жаттығуларын жасау /видеоролик/ қолдануЖедел тест1. Word қандай редакторА. Операциялық жүйеВ. Графикалық редакторС. Мәтіндік редактор2. Қай перне арқылы бос орын ашылады?А. Enter b. Shift C. Бос орын пернесі3. Enter пернесінің атқаратын қызметі?А. Жаңа жолдан бастайды. В. Жаңа беттен бастайды. С. Жолдың соңына апарады.4. Бас әріп теру үшін...А. Ctrl B. Delete C. Shift5. Сандарды теру үшін қай пернені аламызА. Ctrl B. Num Lock C. Shift6. Word құжатының кеңейтілуіA. Txt B. Doc C. BmpОсы тапсырмалардың қорытындысы бойынша жеңген топ анықталады.Қосымша тапсырмалар«Информатика» сөзінің әрібір әріптерінен басталатын информатика пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді тез айтып өту.М/ыМысалы:«И»- информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.«Н»- ноутбук, номер, надпись.«Ф»- формат, файл, флешка, фигура, формула.«О»- орналастыру, орау.«Р»- реттеу, редактор, рисунок.«М»- меню, монитор, маус, маркер, модем.«А»- ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.«Т»- тақырыптық жол, тізім, термин, түс.«И»- информатика сабағының мұғалімі.«К»- компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.«А»- ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.Сөзжұмбақ шешкізу.W I N D O W SC A P S LO C KE N T ERDE L E T E1. Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған ОЖ2. Үлкен кіші әріптерді ұзақ уақыт орналастыратын перне.3. Енгізу пернесін растайтын перне.4. Меңзердің оң жағын өшіретін перне.Ү. Үйге тапсырма: Word бойынша ребус құрып келу.ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.Сабақтың басында оқушыларға бағалау бетшесі таратылып беріледі. Сондағы ұпай сандары арқылы бағалау.