Ашы? саба? ?аза?станны? к?лік кешені (9 сынып)


Күні: 6.02.17Сынып: 9 АТақырыбы:§37-38 Қазақстанның көлік кешені.
Мақсаттары:Білімділік. Қазақстанның көлік және коммуникация кешендері туралы толық ақпарат алуға, еліміздегі маңызды көлік тораптары мен олардың экономикадағы атқаратын рөлін білуге. Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. Еліміздегі «Нұрлы жол» жолдауында айтылған көліктік –логистика кешендеріне және болашақта салынатын жолдардың стратегиялық маңыздылығын анықтау. Болашақта алған білімдерін өмірлерінде қолдана алуға бейімдеу.Дамытушылық. Кескін картаға Қазақстанның маңызды көлік жолдарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бекітіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.Сабақ түрі: Жаңа сабақСабақты үйымдастыру формасы: фронтальді, топтық.Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық, СТО технологиясының «Жигсо» әдісі.Құрал-жабдықтар: Қазақстанның экономикалық картасы, интерактивті тақта, көлік суреттері салынған карточкалар, кескін карта салынған плакат.Пән аралық байланыс: Тарих, саясаттану, әлеуметтану, әдебиет, экономика.Сабақтың жоспары:І.  Қызығушылығын ояту Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Оқушылар автомобиль, пойыз, ұшақ бейнеленген карточкаларды тарату арқылы 3 топқа бөлініп топ басшысын өздері сайлайды.II.Үй жұмысын тексеру «Ортадағы қалам» әдісі арқылы үй тапсырмасына ауызша сұрақтар қойылады.. 1.Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі мақсаты - халықты азык-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.
2.АӨК құрамында неше буын бар. 1 буыны АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды. 2 буыны ауыл шаруашылығы. 3 буыны тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
3.Ауыл шаруашылығы неше салаға бөлінеді. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы
4.Мелиорация дегеніміз не – ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жерді құрғату мен суландыру шаралары.
5.Табиғат жағдайларына ең тәуелді сала ауыл шаруашылығы
6.Өсімдік шаруашылығы мәдени дақылдар түріне қарай - дәнді, техникалық, жемшөптік, бау-бақша дақылдары болып бөлінеді
7.Егін шаруашылығының дәнді дақыл түрлерін ата – бидай күріш, тары, қара құмық , жүгері, сұлы.
8.Техникалық дақылдарға жататын түрлері – мақта, күнбағыс, қант қызылшасы
9.Мал шаруашылығының басты салалары – қой мен ешкі, ірі қара мал, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
10.Қой шаруашылығының қандай түрлері Қазақстанда дамыған. – елімізде 17 түрлі қой тұқымы өсіріледі, оларға биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді қылшық жүнді қой тұқымдары жатады. III.Жаңа сабақ
«Джованни құпиясы» іскерлік ойыны
Оқушыларға құпия сөздер беріледі
Қозғалатын
көліктің
ең алғашқысы
1769 жылы
Николас Джозеф Кагнот
құрастырып шығарған
бумен жүретін
көлік
Франция
Жүк
Жолаушы
Жол
Тасымалдау
Ұлы Жібек жолы
Батыс Еуропа
Батыс Қытай
Джованни бүгінге әлемге танымал. Онсыз кейбір адамдар күн көре алмайды. Әу баста өте үлкен ебедейсіз және аз нәрсені көтере алған. Қазір ол дамыған жеделдетірілген, жетілдірілген. Бірақ оның пайдасы зор болса, зияны да бар. Бұл не?
Жасырылған нәрсе не?
Оны кім ойлап тапты?
Не үшін қажет?
Оқушылар кешен дегеніміз не? Оқушылар сұраққа жауап береді. (бірнеше компоненттердің жиынтығы)
Біз осы уақытқа дейін қандай кешендерді өттік? (Отын-энергетикалық кешен, металлургия кешені, машина жасау кешені, агроөнеркәсіптік кешен)
Кітаптың соңғы парағында термин сөздер берілген инфрақұрылым деген сөзді оқып айтып беру.

Электронды оқулық арқылы дәріс2. Түртіп алу стратегиясымен оқулық мәтінімен танысу3.Мағынаны тану.
«Шеңберлі ақпарат» постер арқылы қорғау.1-топқа Теміржол көлігі2-топқа Автомобиль көлігі3-топқа Су мен әуе көлігіОқушылар берілген тапсырмаларын алдарындағы карта салынғанплакатқа әр көліктің маңызды жолдары мен бағыттарын салып, көлік түрінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып кетеді. Жобасын тақта алдында қорғап басқа топтар тарапынан сұрақтар қойылып, барлық топтар осылай жобаларын қорғап шығады. Әр топтың тапсырмасы соныңда мұғалім бекітіп отырады.
Алдарымыздағы кескін картаға суреттерді жабыстыру арқылы көліктердің жолдарын көрсетеміз
Сандарды сөйлет! Бұл тапсырмада сандар берілген осы сандар нені білдіреді.
Теміржол көлігі
Еіліміздің ұлттық паркі шашамен 1500 бірлікті локомотив, 44000 жүк және 1700 жолаушы вагондарын қамтиды. ҚТЖ ҰК холдингінде 150мыңдай адам еңбек етеді. Елімізде жүк айналымының 50%-ын, жолаушы жүк тасымалының 9% құрайды. Революцияға дейін Қазақстан теміржолының ұзындығы 2000км болса, қазір 15,1 мың км-ден асып , Ресей, Украинадан кейінгі үшінші орынды алып отыр
Автомобиль көлігі тобы
Қазақстан автомобольжолының ұзындығы – 95 мың км
Автомобиль жолдары республикалық деңгейдегі жалпы ұзындығы 22,2%
Жергілікті деңгейдегі жол ұзындығы 77,8%
Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км
Су көлігі тобы
Республикамызда пайдалануға болатын су жолының ұзындығы 6 мың км болса, соның 4 мың км-і өзен жолына тиесілі.
Ертіс өзен жолының ұзындығы - 1700 км Қазақстанның ірі теңіз сауда порты Каспий теңізіндегі Ақтау порты арқылы жылына 1,5 млн т құрғақ және 8 млн т сұйық күйдегі жүк тасымалданады
Саяхатқа шығу.
1.Ербол Меркеде тұрады, Нұртөре Ақтөбеден, ал Жақсылық Өскеменнен келіп барлығы Астанада кездеспекші болды.
Балалар қандай темір жол көліктеріне отырады, қандай стансаларды басып өтеді.
2.Жезқазғанда оқып жатқан Сымбат Алматыда оқитын Ақнұрмен каникул кезінде Қытайға бармақшы болды, екеуі қай жерде кездескен тиімді, олар қандай темір жол магистралдарына отырады.
Есеп шығару.1-есеп Жүк көтергіштігі 10000 т болатын танкерлер мұнайды 300 км қашықтыққа тасымалдайды.Екі ай ішіндегі танкердің (1 айдағы рейс саны-6) жүк айналымын есепте.A)24000000 ткм B)18000000 ткм C)36000000 ткмD)3000000 ткмE)9000000 ткм
Жауабы:10000 т х 300 км х12 =36000000 A)24000000 ткм B)18000000 ткм C)36000000 ткмD)3000000 ткмE)9000000 ткм
2 есеп Қазақстандағы автомобиль жолының ұзындығы-95мың км. Оның республикалық деңгейдегі жол - 22,2% құрайды, ұзындығы қанша км болатынын есепте.
Жауабы
95000----------100
Х----------------22,2
Х=95000*22,2:100 = 21090
Республикалық деңгейдегі жолдың ұзындығы- 21090 км

VІ.ҚорытындылауЖақсы жол ұзақ та болса жақын,Жаман жол жақын да болса алыс – деп мұғалім сабағын қорытындылайды.Көлік-инфрақұрылымының салалары ең ірі әрі еңбекті көп қаражатты қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты..VІІ.БағалауМұғалімнің нұсқауымен әр топтың басшысына бағалау парағы беріледіТопты топ басшылары бағалайды.Әр топ басшысы оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне байланысты топтарындағы балалардың бағасын өз шешімімен бағалау парағына бағалайды.
§33 оқу.
Сабақ тақырыбына сай қосымша материалдар дайындап келу.
Ірі көлік магистралдарын кескін картаға түсіру.
№ 7 А.Тұрғымбаев атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
«Қазақстанның көлік кешені»

Сыныбы: 9 «А»
География пәнінің мұғалімі: Есенбаева А.Ж.
2016-2017 оқу жылы