?аза?станны? экономикалы? ж?не ?леуметтік географиясы. Т?сті металлургия. Ауыр ж?не же?іл металдар металлургиясы та?ыбында?ы презентация


АШЫҚ САБАҚ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯ. АУЫР ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ МЕТАЛДАР МЕТАЛЛУРГИЯСЫ Сыныбы: 9 “Ә”Пән мұғалімі: Паттеева М.Е. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ Оқушылар түсті металдардың ауыр, жеңіл және бағалы, сирек металдар өндірісі мен кен орындары, шығарылымы мен шаруашылықта пайдаланылуы жайлы жан- жақты оқып біледі. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Түсті металдардың негізгі топтарын біледі. Түсті металдар өндірісінің географиясы туралы айта алады және картадан көрсете біледі. Қазақстанның әлемдік түсті металдар өнідірісіндегі орнын сипаттай алады. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ І. Қызығушылықты ояту кезеңі (5 минут) -Логикалық тест (10 сұрақ)ІІ. Мағынаны тану кезеңі (25 минут)Топтық жұмыс Постер дайындауға – 10 минутПостер қорғау -15 минутЕкі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалауІІІ. Бекіту кезеңі (11 минут)Сәйкестендіру тесті Деңгейлік тапсырмаТерминмен жұмысІV. Бағалау (2 минут)V. Үйге тапсырма беру (2 минут) ЛОГИКАЛЫҚ ТЕСТ 1.Қара металлургия шикізаты2.Толық циклді зауыт орналасқан қала3.Темір рудасын өндіретін негізгі кен орындары 4.Қазақстанның ферроқорытпалар мен прокатын негізгі сатып алушы елдер5.Қарағанды металлургия комбинатының негізгі өнімі 6.Ең ірі ферроқорытпа зауыт орналасқан қалалар7.Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты орналасқан облыс8. Елімізде қай тауда хромит пен никельдің көп қоры шоғырланған?9.Марганец кені кездесетін кен орындары 10.Қара металлургия өндірісін орналастыру факторлары ЛОГИКАЛЫҚ ТЕСТ ЖАУАБЫ 1. Темір кені2.Теміртау3. Соколов-Сарыбай, Қашар, Аят, Лисаков, Атасу, Қаражал 4. Ресей, Қытай, Европа елдері5. Болат, шойын, прокат6. Ақсу, Ақтөбе7. Қостанай8. Мұғалжар9. Жезді, Қаражал10. Еңбек қоры, шикізат, отын, көлік Мағынаны тану Қазақстан жерінде Менделеевтің периодтық жүйесіне кіретін барлық түсті металлдар кездеседі.Кейбірінің қоры жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындарды алады. Әсіресе мыс, мырыш, алюминий, полиметалл өнімдеріне бай.Жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) түсті металдардың үлесі 12%-ды құрайды, ал валюталық табыыстың 27%-ы осы өнеркәсіп саласына тиеді. Шетелдік сарапшылардың бағалауынша Қазақстан түсті металдардың халықаралық нарығында жетекші орынды алады. Мағынаны тану Республикада түсті металлургияның 7 саласынының көрсеткіштері жоғары, олардың құрамында 28 ірі кәсіпорын жұмыс істейді.Қазіргі уақытта еліміз түсті металдарды дүниежүзінің 30-дан астам елдеріне экспорттайды. Түсті металлургия елдің айтарлықтай индустриялық деңгейін анықтап, негізгі құрылымдық материалдар шығарудың көзі болып табылады. Сондай-ақ машина жасау өндірісінің негізгі шикізаты әрі ең бастысы - ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етуші. Түсті металлдар Ауыр Жеңіл Қымбат Баяу Балқитын Сирек Кездесетін Мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, никель Алюминий, магний, титан Алтын, күміс, платина Вольфрам, молибден Уран, германий, тантал, галлий, ванадий Топтық жұмыс 1-топ. Ауыр металдар2-топ. Жеңіл металдар3-топ. Бағалы және баяу балқитын металдар4-топ. Сирек және шашыранды металдар Сәйкестендіру тесті А Шымкент А мыс Ә Жезқазған Ә алюминий Б Павлодар Б мырыш, қорғасын В Риддер В мыс, алтын Г Балқаш Г мырыш, титан Ғ Өскемен Ғ қайта қолданылатын мыс Д Алматы Д қорғасын Сәйкестендіру тестінің жауабы А- Д Ә -А Б- Ә В -Б Г – В Ғ - Г Д – Ғ Деңгейлік тапсырма І деңгейКартадан негізгі металлургиялық базаларды, түсті металлургия орталықтарын көрсет.ІІ деңгейА) Түсті металлдарды өндіру кезінде ең қымбатқа түсетін қандай металдар? Б) Алюминий зауыты неге Павлодарда орналасқан? Дәлелде(проблемалық ситуация)В) Арқалықтан-Павлодарға дейін қашықтық 2000 км, 1т алюминий алу үшін 2 т глинозем,18000 кВт сағат электр энергиясы жұмсалады.1 т глинозем тасымалдауға 3000 тг шығын жұмсалады.Арқалықта 1 кВт электр энергиясы 2 тг, Павлодарда 1 тг. Шығын қай қалада аз жұмсалады, зауытты қай қалаға орналастырған тиімді? Деңгейлік тапсырма ІІІ деңгей А)Түсті металлургия өндірістік циклінің құрамын анықтайтын кестені толтыр.Б)Түсті металлургия құрылымы қандай болатынын сызба түрінде көрсет.  Циклдің өндірістік құрамын анықтайтын сұрақтар Жауабы 1. Циклдің негізгі өндірісі қандай?2. Негізгі өндіріске не қажет?3. Не себепті кенді байытады?4. Қалдықтар не үшін пайдаланылады?5. Қосалқы өндіріс немен айналысады? Деңгейлік тапсырма жауаптары І деңгей Солтүстік, Орталық және Шығыс металлургиялық базаларыІІ деңгей алюминий, титан, магний арзан энергия көзіне жақын орналастыруІІІ деңгей А)1.Мыс,мырыш,алюминий,титан,қорғасын,магний балқыту2.Кен және отын3.Кенде металл аз болғандықтан,арнаулы комбинаттарда металдан бос тау жынысын ажыратып алады.4.Қышқыл,тыңайтқыштар шығару үшін.5.Негізгі өндірісті құрал-жабдықпен қамтамассыз етеді. Б) Шикізат өндіру-шикізатты өңдеу-негізгі өндіріс-негізгі өнім өндірісі-қалдық-қалдықты пайдаланаты өндіріс  Үйге тапсырма §22-23. Түсті металлургия. Ауыр және жеңіл түсті металдар металлургиясы Реферат даярла: 1. Түсті металлургия және денсаулық2. Дүниежүзілік нарықтағы Қазақстанның түсті металдары