Саба? жоспары Тама?тануды? м?лшері


Күні: 15.03.2016ж. Сыныбы: 8 Б
Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудың мөлшері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тамақтанудың ережесі мен мөлшері туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетерін, сөйлеу мәдениеттерін дамыту
Тәрбиелік:Оқушыларды өз бетінше іздене білуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Миға шабуыл,сәйкестендіру тесті, « аукцион » ойыны, мағынаны тану,әріптер сөйлейді,топтық бағалау,өзін-өзі бағалау.
Сабақтың оқу-жабдығы: интерактивті тақта
Сабақта қолданатын дидактикалық материалдар : слайд, стикер, плакат,маркер, үлестірме қағаздар.
Болжамдаған нәтиже: Зерек , жан- жақты ой түйе білетін, ұтымды жауап бере алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Топтарға бөлу
Психологиялық ақуал туғызу
2.Үй тапсырмасы
«Сұрағын тап » әдісі
3.Үй тапсырмасын бекіту
«Аукцион»ойыны
4. Жаңа сабақ
Мағынаны тану
Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым-
“диеталогия “ деп аталады.
Нәруыз Май Көмірсу Витаминдер Минералды тұздар
100-120г қажет.
Еттің балықтың,
жұмыртқаның,
жаңғақтың
құрамында
көп болады 70-100г
қажет.Сүт өнімдері,
жұмыртқа,
өсімдіктердің құрамында көп болады. Өсімдік текті тағамдардың құрамында мол болады.
Адам
крахмал және қант түрінде пайдаланады Тағамның құрамында болатын ағза үшін аз мөлшерде болсада қажет химиялық зат. Адам ағзасына ішкен тағам мен су арқылы түседі.
Тәулігіне
5-6г тұз ,1,5-2,5л су қажет.
Ізденушілік жұмыс кезеңі. 
1- топ.” Емдәмгерлер”- тамақтану мөлшері
2-топ. “Бас аспазшылар”- тамақтың құрамы және тамақтану ережесі
3-топ. “Денсаулық ”- қарын және ішек аурулары
  «Жарнама» кезеңі. 
Әр топ берілген тақырыптар бойынша жарнама жасайды.
Жаңа сабақты бекіту
Сәйкестендіру тесті
Дұрыс тамақтануды зерттейді Лизоцим
тәулігіне 100-120г Ферменттерге қолайлы орта
Тәулігіне 70-100г Өт бөлу
Тәулігіне 5-6г Нәруыз қажет
Тәулігіне 1,5-2,5л Диетология
тәулігіне 1,5-2л бөлінеді Ферменттер
Биологиялық өршіткілер Май қажет
+37,38 С Сілекей
Бауырдың басты қызметі Су қажет
Бактерияларды жояды Тұз қажет
Әріптерден жеміс атын құрастырып,үш тілде атап беруі керек.
6.Бағалау: Топтық жұмыстарды бағалау.
Өзін-өзі бағалау
7.Үйге тапсырма: Тамақтану мөлшері туралы реферат, бейне ролик дайындау.