Та?ырыбы: «Модульдік технологияны? тірек-сызбалар ар?ылы балаларды? коммуникативтік – танымды? ??зыреттілігін дамыту»


Б.Байғожина атындағы ясли бақшаМамырбек Замира Қайырбекқызы Тақырыбы:«Модульдік технологияның тірек-сызбалар арқылы балалардың коммуникативтік – танымдық құзыреттілігін дамыту» Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, тірек-сызбаларды қолдану арқылы балалардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: 1.Баланың ойлау, сөздік қорларын, қызығушылықтарын дамыту;2.Әрбір баланың жас психологиялық ерекшелігін ескеру; 3. Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейін кеңейту. Тірек-сызба арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру. Модульдің оқыту технологиясы – тірек – сызба нұсқалар арқылы түсіндіру тиімді. Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал . Тірек – сызбаны құрудың негізгі қағидалары: тірек-сызбаның тиімділігі Жаңашылдық:Тірек-сызбаны қолдану баланың байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін тигізетін әсері көп. Сонымен қатар мұнда тілмен қатар, зейін де, есте сақтау, сөздік қоры да, логикалық ойлаулары да дамиды. Балалардың қызығушылықтарын арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға жағдай жасайды. Күтілетін нәтиже:1)Тірек-сызбаларды жүйелі пайдалану –тақырыптың ерекшелігін ескеріп, негізгі ұғымдарды меңгеріп, ойлау қабілетін дамытып, оқу материалын тез меңгеріп, үнемделген уақытты оның іскерлік мақсатына жұмсауына мүмкіндік береді. 2)Тірек-сызба белгілерінің пайдасы: материалды қысқаша, жинақы беруге болады.3) Тірек-сызбалар ‒ оқу материалын оңай меңгеруге, ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді. Көңілді қысБалалар шықты далаға,Ойнап күліп жүр енді.Шаналармен озады,Аққаланы соғады Жұмбақ:Төрт дөңгелегі бар,Өзі жүреді, дыбыс шығарады(көлік) Алтын күз Салиманның бағында, Дәрумендер пісіп тұр.Әр бұтаққа үлбіреп,Дәрумен тұр күлімдеп. Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, балалардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Балаларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады. Назарларыңызға рахмет!