Коучинг Диалогтік о?ыту ар?ылы сын т?р?ысынан ойлау


Коучинг тақырыбы: Диалогті оқыту әдісін арқылы сын тұрғысынан ойландырудың маңыздылығы Жалпы мақсат : Диалогті оқыту әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығын түсіндіру . «Сын тұрғысынан ойлау» терминінің түпмағынасын түсіну;Негізделген, әділ сын тұрғысынан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету; дұрыс сұрақ қоя білу, негіздеу, болжам жасау дағдыларын, диалогтік өзара әрекеттестік арқылы ойлануды дамыту, мәліметтерді жұптар арасында және топтасып талдау жасауға дағдыландыру.Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 41-49 бетҮлестірмелі нұсқаулық. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы, 67 -бетКүтілетін нәтиже «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын түсінеді;
Сыни тұрғыдан дұрыс сұрақ қоюды үйренеді және дәлелдеудің басты дағдылары қалыптасады;
Диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады;
Өзгелердің пікірімен санасады, тыңдайды, топта жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады.Түйінді идеялар: Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік. «Ойлау туралы ойлану» Сындарлы және ашық диалогке қатысу мұғалімдердің және оқушылардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді. Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.Дерек көздері:А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» 66-69, портал материалдарыСабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:1. Ұйымдастыру кезеңі.Шаттық шеңбері. «Жүректен жүрекке»
1- тапсырма: Берілген үзіндіні оқып, “Әке шешесі баланың өтінішіне не деп жауап берді?” сұрағына болжам жасаңыздар.
Шексіз махаббат
Адамдарды сүйе білу қандай керемет қасиет десеңізші! Қара болсын, ақ болсын, ауру болсын, сау болсын, қандай болса да, өзге адамдарды сүйе білу – нағыз бақытты адамның ісі. Сондықтан өмірде бақытты боламын десеңіз, бүкіл адамзатты сүйюді өзіңіздің бірінші міндетім деп қабылдаңыз. Ауғаныстандағы соғыс біткен соң, үйіне қайтып келе жатқан бір сарбаз туралы мынадай оқиға айтылады.
Баласы Новосибирскіден шешесіне телефон соғады:
Шешетай, әкетай! Үйге келе жатырмын.Тек сізден бір өтінішім бар:
Өзіммен бірге бір досымды да әкелгім келеді.
Әрине, ертіп кел. Досыңның болғаны қандай жақсы! Біз де танысайық – деп әке-шешесі қатты қуанып кетеді.
Сонда балалары:
Бірақ айтайын деген тағы бір нәрсем бар:
Досым соғыста қатты жарақат алды. Минаға түсіп, бір қол, бір аяғынан айырылды. Баратын басқа жері жоқ. Оның бізбен бірге тұруын қалаймын. Бұған не дейсіздер?- дейді...
2- тапсырма: Мәтіннің жалғасын оқып, “Баланың әке шешесінің жауабына жасаған әрекеті қандай болды? ” сұрағы бойынша берілген дайын нұсқалардың біреуін таңдап, оқиғаны аяқтаңыздар.
(таңдалған нұсқа бойынша жаңа топтар құрылады, өз пікірлерін дәәлелдейді. Егер де қатысушылар келтірілген дәлелдермен келіссе, топтан топқа ауысуға болады.)
Мұны естігеніме өкініштімін, балам. Бәлкім, оның басқа жерде тұруына көмектесерміз, - десе де:
Жоқ, болмайды, әкетай! Оның тек бізбен бірге тұрғанын қалаймын, - деп жалынады.
Балам, - дейді әкесі, - бізден не сұрап тұрғаныңды білесің бе? ол сияқты мүгедек біреу бізге үлкен жүк болады ғой. Біздің өз өміріміз бар. Және ондай адамның өмірімізге кедергі жасағанына рұқсат ете алмаймыз. Менің ше, ол досыңды ұмыт та, үйге қайт. Ол өз жағдайын жасап алар.
Баласы сол кезде телефонды тастай салды. Ата –анасы одан көпке дейін хабар ала алмайды.
І нұсқа. Бала әке –шешесінің сөзіне ренжіп, үйіне қайта оралмайды.
ІІ нұсқа. Бала әке –шешесінің сөзін түсініп, досын тастап, үйіне қайтып
кетеді.
ІІІ нұсқа. Бала досымен бірге келіп, әке –шешесінен бөлек тұрады.
3- тапсырма: Ой толғау. Мәтіннің соңы оқылып, “Жеті НЕГЕ?” сұрағы құрастырылады.
Арада бірнеше күн өткеннен кейін Новосибирск полициясынан телефон соғады. Балаларының көп қабатты үйден құлап өлгендігі туралы қайғылы хабар алады. Полиция қызметкерлері оның өз -өзін өлтіргенін айтады. Қатты қайғырған ата-анасы дереу Новосибирскіге жету үшін ұшаққа мінеді. Сөйтіп, баласының сүйегін анықтау үшін, моргке келеді. Балаларын таниды және бір нәрссені көріп, отыра қалып жылайды: Балаларының тек қана бір қолы, бір аяғы бар екен.

Диалогтің 5 үлгісі Механикалық есте сақтау
Әңгіменің үш түрі туралы түсінік.
Барлық сыныптың әңгімесін қалай пайдаланасыз?
Жаңа тақырыпты бастау үшін оңтайлы оқыту стратегиялары
Тақырып бойынша бірнеше ашық сұрақ қойыңыз.
Бір немесе бірнеше оқушыдан өз ойын барлық сыныпқа түсіндіруді сұраңыз.
«Неге» деген бірнеше сұрақ қойыңыз.
Оқушылардан не айтқандарын түсіндіруді сұраңыз.
Кейін оларды сипаттау үшін, талқылау кезінде туындаған бірнеше даулы сәттерді жазып алыңыз.
Оқушылар ол нәрсе туралы өздерінің не ойлайтынын түсінгенше және өз беттерімен жұмыс істеп болмайынша дұрыс түсініктеме бермеңіз.
1-дайындық әрекеті: Мұғалімнің өзін өзі бағалауы
(басы 1-шарт)
Әңгімеңізді бағалау үшін, сабақ беруіңіздің аудиожазбасын жасаңыз
Тыңдаңыз және ойланыңыз :Оқушылармен салыстырғанда сіз қанша уақыт сөйледіңіз?
Оқушыларға қандай сұрақтар қойдыңыз? Жауаптарын дәлелдеуді сұрадыңыз ба?
Оқушыларға толығырақ жауап беруге мүмкіндік бердіңіз бе?
Оқушыларда болжамды идеяларды бөлісуге ықыласы болды ма? Оқушылардың идеяларын есте сақтадыңыз ба және оларды талқылауда пайдаландыңыз ба?