Баяндама О?ытуды? жа?а технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі


Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі.
Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі білім беру болып табылады. Қазіргі таңдағы білім берудегі мақсат – білімді, өзіндік ой-талғамы бар, білімін қандай да бір мәселелерді шешуде жүзеге асыра алатын, адамгершілігі мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, елжанды, қабілетті тұлға қалыпастыру.
«Халық пен халықты теңестіретін – білім» деген қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов. Білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – бүгінгі оқытушының мақсаты. Қазіргі заман оқытушысынан тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, сонымен қатар педагогикалық-психологиялық сауаттылықты, оқыту үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу талап етілуде. Оқытушының заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде танылады.
Деңгейлеп-саралап оқытуды мен өз сабақтарымда өткен тақырыптарды жүйелеп бекітуде жиі қолданамын. Деңгейлік тапсырмалар студенттердің ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының жоғары деңгейге көтерілуіне және дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл технологияны енгізу мақсатым оқу үрдісінен тиімді әдіс-тәсілдерді енгізе отырып студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру және жалпы дамуын қамтамасыз ету. Студенттердің жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден ауырға қарай деген принципке сүйене отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат – білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы студентті өздігінен ізденіп, өз бетінше білім алуға дағдыландырады.
Студенттерге үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар – базалық стандарт, яғни бұл пәннен өткен нақты материалды қайталап айтып беру деңгейі болып табылады. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды әрбір судент орындай алуы тиіс. Екінші деңгей тапсырмалары студенттердің оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамамасыз етеді. Үшінші деңгей тапсырмалары студенттердің алған білімдерін ойлап, талғап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншіге өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.
Осы деңгейлік сара тапсырмалардың тиімділігін айта кетейін:студент деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды; әрбір студент тапсырмамен қамтамасыз етіледі, яғни оқу процесіне барлық студенттер түгел тартылады; студенттерде бір-бірінен көшіру әдеті жоғалады; деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап бағалау жеңіл болады және аз уақыт ішінде барлық суденттердің білімін анықтауға мүмкіндік береді. Деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тұлғаны өзіндік қалыптастырып, дамытып, оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауда үлкен рөл атқаратындығын атап өткім келеді.