Компьютер. Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері ж?не м?мкіндіктері.(5 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты: 1) ДК туралы түсінік беру. Компьютердің құрылғыларымен таныстырып, олардың мүмкіндіктері жайында мағлұмат беру.
2) Ой-өрістерін кеңейту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
3) дүниетанымдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Ой-қозғау
Компьютер деген не?
Не үшін қажет?
Қандай пайдасы, зияны бар?
Құрылғылардың аттарын білесіңдер ме?
Компьютерде жұмыс жасай білесіңдер ме?
Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.
Компьютердің негізгі құрылғылары:
-жүйелік блок
- монитор
- пернетақта
- тышқан манипуляторы (құрылғылардың атын атап компьютер арқылы көрсету)
- дыбыстық динамиктер
Жүйелік блок – бұл компьютердің негізгі бөлігі, ол – компьютердің миы.
Монитор – бұл мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.
Компьютерге ақпарат енгізудің тағы бір құрылғысы болып табылатын «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған.
Акустикалық жүйе компьютердің дыбыстарды жаңғыртуын қамтамасыз етеді.
Қосымша құрылғылар:
Принтер
Сканер
Микрофон т.б. (олардың қызметтері жайлы ауызша айтып, слайд бойынша түсіндіру)
ІҮ. Сабақты бекіту.

1 2 5 11 10 6 9 8 7 4 3
12. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым
12

Ү. Үйге тапсырма: Тақырып оқу, Компьютердің суретін салу