Информатика п?нінен Компьютер.Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері мен м?мкіндіктері та?ырыбыны? жоспары


Тақырыбы:
Компьютер.Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
Күтілетін нәтиже:
Білім Компьютер және компьютердің негізгі құрылғыларын таниды.
Түсінік Компьютердің негізгі құрылымдарының міндеттерін түсіндіреді.
Қолданыс Белгілі командаларды компьютерде орындау үшін түрлі пернелер тобын пайдаланады.
Анализ Тышқан батырмаларын қызметін бөлшектеп қарастырады.
Синтез Компьютердің негізгі құрылғыларын маңыздылығын түсіндіреді.
Баға Компьютер мен оның негізгі құрылғыларының түсіндірмесін береді.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (13 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау(4мин.).
Сабақ типі:Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық.
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Жүйелі блок, пернетақта,монитор, процессор, тышқан.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
1.The history of computers. Ақпарат көзі: http://homepage.cs.uri.edu/faculty/wolfe/book/Readings/Reading03.htm2.Компьютер. Ақпарат көзі: http://kk.wikipedia.org3.Дербес компьютер компьютер құрылғылары. Ақпарат көзі: http://45minut.kz/wp - content/uploads/2011/12/komputernebtanysu.ppt4. Дербес компьютер. Компьютер құрылысы. Ақпарат көзі: http://goo.kz/files/loader/1322812963473.pptОқушы жетістігін бағалау:
* Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Бонус - балл тапсырмасы:
Компьютердің негізі құрылғыларын ата.Олар не себепті негізгі құрылғылар деп аталады? Өз ойыңды мысалдармен жеткіз.
Үй тапсырмасы:
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Анықтамаларды жаттау.
Компьютердің негізгі құрылғыларын қосымша құрылғыларынан ажырата білу.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
1. Компьютер дегеніміз не және оның негізгі құрылғыларына нелер жатады?
2. Компьютердің негізгі құрылғылары қандай қызмет атқарады?
Слайдтар:
1 - слайд (титул)
2 – слайд Сабақтың мақсаты
3 – слайд Тақырып жоспары
4 - слайд
1 - тақырыпша. Компьютер дегеніміз не және оның негізгі құрылғыларына нелер жатады?
514352241555 - слайд
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш») — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
6 - слайд
4568190-175260Ең алғашқы компьютерді Джон Мочли мен Преспер Эккерт құрастырды және оның салмағы 27 тонна болған.
7 - слайд Компьютердің негізгі құрылғылары:

8 - слайд
2 - тақырыпша. Компьютердің негізгі құрылғылары қандай қызмет атқарады?
-4381588909 - слайд Жүйелік блок
3458845-166370Жүйелік блок - бұл компьютердегі кез келген ақпараттарды электр сигналдарының тізбектері ретінде өте үлкен жылдамдықпен қабылдауға және өңдеуге негізделген құрылғы.
10 - слайд Процессор
Ол компьютердің басты бөлігі.
4246880-349250-29210-349250Ол өзіне ұсынылған программа бойынша есептеулерді жүзеге асырады және компьютерлерді жалпы басқарады.
-165101841511 - слайд Монитор
4441825-156845Монитор (дисплей) - бұл кез - келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т.б) экранға шығаруға негізделген құрылғы .
-16510444512 - слайд Пернетақта
4257675-170815Пернетақта (клавиатура) - бұл кез - келген ақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы.
13 – слайд Пернетақта

14 - слайд Тышқан-311156350
3834765-172720Тышқан (мышь) - бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы.
15 - слайд Тышқан
Тышқан екі немесе үш батырмалы болады.

16 - слайд
3743325-156210Шағын (портативті) компьютерлерде тышқанның орнына трэкбол қолданылады. Бұл төңкерілген тышқан. Трэкбол жұмыс істеу үшін, қолмен жалпы қорапты емес, шарды 4458970-490855-33020-757555айналдыру керек.
іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Компьютердің жалпы қызметі Компьютердің негізгі құрылғылары Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Компьютер сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
Принтер компьютердің негізгі құрылғысы бола ала ма?
Пернетақта қандай қызмет атқарады?
Кез келген ақпаратты экранға шығаруға негізделген компьютердің негізгі құрылғысын ата.
Тышқан батырма санына байланысты қандай бола алады?
Ақпараттар оны қамтитын мәліметтің түріне байланысты қандай
бола алады?
ІІ деңгей тапсырмалары
Процессорды атқаратын қызметіне мән бере отырып, адамның қандай мүшесімен теңестіре алатын едің?
Бірінші бағанды екінші бағанмен байланыстыр
Компьютерге белгілі команданы орындау үшін қандай пернелер тобын қолданар едің?
Командалар Пернелер тобы
Мәтін енгізу Функционалды пернелер
Есептің сандық мәнін енгізу Меңзерді экран бетінде басқару
Пернелері
Күрделі операцияларды тез орындау Цифрлық пернелер
Мәтін жолындағы белгілі бағанды Символдық пернелер
не жолды таңдау
ІІІ деңгей тапсырмалары
Тышқанның батырмаларының қызметін анықтаңыз.
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
1 - топқа: Компьютердің негізгі құрылғылары бір - біріне байланысты ма? Мысалмен қалай түсіндіре алатын едіңіз?
2 - топқа: Компьютердің негізгі құрылғыларының әрқайсысының міндетін бір - екі сөзбен атап шығыңыз.
3 - топқа: Компьютерді адаммен салыстыра алар ма едіңіз? Компьютердің негізгі құрылғыларын адамның қай дене мүшесіне теңей алар едіңіз?
V. бағамдау - бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігін туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№5 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы:
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Күтілетін нәтиже:
Білім Программалар қалай сақталатынын анықтайды.
Операциялық жүйенің басты қызметін сипаттайды.
Түсінік Программалық қамтамасыз ету қалай жіктелетінін түсінеді.
Қолданыс Программаның жұмыс істеу схемасын құрастырады.
Арнай мақсаттағы программаларға мысал келтіреді.
Анализ Жалпы мақсаттағы программалар мен арнайы мақсаттағы программаларды бір - бірімен салыстырады.
Синтез Сабақ барысында алынған мәліметтерді қайта қарайды.
Баға Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен жіктелуін түйіндейді.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (13 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (4 мин.).
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Аппараттық қамтамасыз ету, программалық қамтамасыз ету, магниттік мәлімет сақтаушы, жүйелік программалық жабдықтау, қолданбалы жүйелік программалар, программалық жабдықтау системасы, файлдық менеджер, архивтаушылар, антивирустер, операциялық жүйе.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
ЭЕМ - нің программалық жасақтама түрлері. MS DOS операциялық жүйесі Ақпарат көзі: http://www.volnakz.com/kz/informatika - matematika - fizika/eemn - programmaly - zhasatama - trler - ms - dos - operaciyaly - zhyes/Виды программного обеспечения.
Ақпарат көзі: http://mepavel.narod.ru/istor_5.htm3. Программное обеспечение компьютера.
Ақпарат көзі: http://www.5byte.ru/8/0005.php4. Программное обеспечение компьютера. Ақпарат көзі: http://oco.apkpro.ru/info/PwrPnt/work/yr_05/id057_2.ppt5. Программное обеспечение компьютера. Ақпарат көзі: http://moyt231.narod.ru/informatika.pptОқушы жетістігін бағалау:
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Бонус - балл тапсырмасы
Егер программист болсаң қандай программа құрастырар едің?Ол программаны жүзеге асыру үшін қандай командаларды қолданар едің?
Үй тапсырмасы:
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Анықтамаларды жаттау.
Программалық қамтамасыз етудің топтарының қандай мақсатта қолданылатынын анықтау.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
Программалық қамтамасыз ету дегеніміз не?
Программалық қамтамасыз ету қандау топтарға жіктеледі?
Қолданбалы жүйелік программалар.
Слайдтар:
1 - слайд (титул)
2 - слайд Сабақтың мақсаты
3 - слайд Тақырып жоспары
4 - слайд 1 - тақырыпша. Программалық қамтамасыз ету дегеніміз не?
5 - слайд

6 - слайд Программа
7620-175260Программа – магниттік мәлімет сақтағышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
7 - слайд Программалық қамтамасыз ету
Программалық қамтамасыз ету - компьютерде белгілі командаларды орындауға арналған программалар жиынтығы.

8 - слайд
2 - тақырыпша. Программалық қамтамасыз ету қандау топтарға жіктеледі?
9 - слайд

10 - слайд Жүйелік программалық жабдықтау
Операциялық жүйе
Файлдық менеджерлер
Архивтаушылар
Антивирустер
11 - слайд Операциялық жүйе-247655080
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар.
-24765889012 - слайд Қолданбалы жүйелік программалар
Қолданбалы жүйелік программалар - жұмыс істеуші арқылы жүзеге асырылатын белгілі командаларды орындауға арналған программалар.
13 - слайд 3 - тақырыпша. Қолданбалы жүйелік программалар.
14 - слайд
1264920-169545
15 - слайд

16 – слайд Программалық жабдықтау системасы
Программалық жабдықтау системасы – программа тілінде компьютерлік жаңа программалар құрастыруды жеңілдетуге арналған программисттердің құралы.
17 – слайд Программалық жабдықтау системасы:
Программалау тілі
Программа мәтінін түзетуді жеңілдету
Программа қателігін түзету
Қызмет көрсету функцияларының қателігін түзету
18 - слайд Жұмыс істеушінің компьютерді қолдану схемасы

іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Программалық қамтамасыз ету
дегеніміз не? Программалық қамтамасыз ету қандай топтарға жіктеледі? Қолданбалы жүйелік программалар мақсатына қарай қандай топтарға жіктеледі?
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Жұмыс істеуші арқылы орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиынтығы қалай аталады?
Программалар қайда сақталады?
Программалық қамтамасыз ету дегеніміз не?
Аппараттық қамтамасыз ету дегенді қалай түсінесің?
Программалық қамтамасыз ету қалай жіктеледі?
Жұмыс істеушінің компьютерді қолдану схемасын сыз?
Операциялық жүйенің басты қызметі не?
ІІ деңгей тапсырмалары
Программаның жұмыс істеу схемасын сызуға тырысып көріңіз.
Арнайы мақсаттағы программаларға мысал келтір.
IІІ деңгей тапсырмалары
Жалпы мақсаттағы программалар мен арнайы мақсаттағы программалардыбір - бірімен салыстыр.
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
1 - топқа: Жүйелік программалық жабдықтауға қандай программалар кіреді? Операциялық жүйе дегеніміз не? Жүйелік программалық жабдықтаудың қолданбалы жүйелік программалардан айырмашылығы неде?
2 - топқа: Қолданбалы жүйелік программалар дегеніміз не? Қолданбалы жүйелік программалар қандай топтарға бөлінеді және олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?Мысал келтір.
3 - топқа: Программалық жабдықтау жүйесі дегеніміз не? Оны кімдер қолданады? Программалық жабдықтау системасына нелер жатады? Программалық жабдықтау жүйесінің қолданбалы жүйелік программалар мен жүйелік программалық жабдықтаудан айырмашылығы неде?
V. бағамдау - бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігін туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________