Математика ж?не ?аза? тілі п?ндерінен тесттер


1137-нұсқа
Математика
1. Ұзындығы 8 м, ені 6 м, биіктігі 3 м болатын бөлменің көлемін есепте
А) 144 м3
В) 133 м3
С) 124 м3
D) 134 м3
Е) 143 м3
2. 3 сағ 20 минутта неше минут барын тап
А) 200 мин
В) 120 мин
С) 240 мин
D) 160 мин
Е) 320 мин
3. 1 кг заттың 1 центнер заттан неше есе кем екендігін тап
А) 10 есе
В) 1 есе
С) 100 есе
D) 1 000 есе
Е) 10 000 есе
4. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табады?
А) Р = а ∙ в
В) Р = а + а + а + а
С) Р = (а + в) ∙ 2
D) Р = а ∙ 4
Е) Р = а ∙ а
5. Сандарды цифрмен жаз: 4 млн. 65 бірлік
А) 4 004650
В) 400 650
С) 4 000 065
D) 4 000 665
Е) 4 006 050
6. 48 сағатта неше тәулік екенін тап
А) 3 тәулік
В) 1 тәулік
С) 6 тәулік
D) 4 тәулік
Е) 2 тәулік
7. 99 999 санының алдындығы санды жаз.
А) 9 908
В) 99 998
С) 9 998
D) 9 098
Е) 100 000
8. Белгісіз санды 3 есе кемітсек, 210 шығады. Белгісіз санды тап:
А) 630
В) 213
С) 700
D) 70
Е) 603
9. Үшбұрыштың бір қабырғасы 2 см 1 мм, ал екінші қабырғасы одан 2 есе ұзын, ал үшінші қабырғасы екіншісінен 1 см 1 мм қысқа. Ұшбұрыштың периметрін тап.
А) 9 см 4 мм
В) 9 см 3 мм
С) 4 см 9 мм
D) 5 см 4 мм
Е) 10 см 4 мм
10. Бір қаланың тұрғындары – 800 000 адам. Ал екінші қаланың тұрғындары бұл санның төрттен бір бөлігін құрайды. Екінші қаладағы адам саны.
А) 400 000
В) 32 000
С) 200 000
D) 4 000
Е) 20 000
11. Өрнектің мәнін тап 599 968 – (7 854 + 341)
А) 592 455
В) 591 773
С) 608 163
D) 607 481
Е) 592 455
12. Тігін шеберханасы бір күнде 320 метр матадан әйелдер көйлегін және 120 метр матадан ерлер жейдесін тікті. Әр әйел көйлегіне 4 метр, ал әр ерлер жейдесіне 3 метр мата кетті. Қайсысы көп тігілген және неше есе көп тігілген?
А) жейде, 2 есе артық
В) жейде, 5 есе артық
С) көйлек, 3 есе артық
D) көйлек, 2 есе артық
Е) көйлек, 5 есе артық
13. Мына өрнектің шешуін тап: 548 001 – 40 000 + 6003 – 200 + 50 – 4
А) 513 858
В) 153 850
С) 593 850
D) 954 258
Е) 513 850
14. 8 тәулік 17 сағат 20 минутты минутқа айналдыр.
А) 1040 мин
В) 1 020 мин
С) 12 560 мин
D) 12 540 мин
Е) 11 520 мин
15. Отыз миллион екі жүз мың төрт жүз алпыс жеті.
А) 3 200 476
В) 3 020 467
С) 300 200 467
D) 30 020 476
Е) 30 200 467
1137-нұсқа
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Оқиға, құбылыстың себебін дәлелдейтін мәтіннің түрі
А) әңгімелеу
В) пайымдау
С) хабарлау
D) сипаттау
Е) сұрау
2. Дауысты дыбыстан басталған сөз
А) жаға
В) қасық
С) күшік
D) есік
Е) терезе
3. Мәтіннің түрі
А) хабарлы
В) сипаттау
С) сұраулы
D) лепті
Е) бейнелеу
4. Буынға дұрыс бөлінген қатар
А) ма-мыр, Қа-ли-маш
В) сад-ақ, қад-ақ
С) са-уыс-қан, жау-қа-зын
D) көң-іл-ді, көп-шіл
Е) жау-ын, қау-ын
5. Ұяң дауыссыз дыбыс қатары
А) б, в, г, ғ, д, ж, з
В) с, т, ч, ш, щ, й, у
С) қ, к, г, ғ, д, ж, з
D) й, у, р, л, м, б, в
Е) б, в, л, м, н, р, й
6. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны
А) 23
В) 20
С) 24
D) 21
Е) 25
7. Автордың айтқысы келген басты пікірі
А) бастапқы пікір
В) бастапқы ой
С) негізгі ой
D) кілтті ой
Е) кілтті сөз
8. Сұраулы сөйлемнің айтылу мақсаты
А) көңіл-күйін білдіру үшін
В) жауап алу үшін
С) еске түсіру үшін
D) таңдану үшін
Е) хабарлау үшін
9. Сөйлемдегі күрделі мүшенің байланысқан қатары
Мен інімен сары ала доп сыйладым
А) ала доп
В) доп сыйладым
С) мен сыйладым
D) сары ала доп
Е) сары доп
10. Зат есім мен зат есім тіркескен қатар
А) екі әже
В) әсем ән
С) жас сұңқар
D) әжемнің самауыры
Е) ыстық нан
11. Сөйлем мағынасына қатысты күрделі мүше
Жадыра ... үйіне қайтады
А) ертең
В) кешке
С) ертең кешке
D) өткен жылы
Е) кешке кешке
12. «Әдемі бояды» тіркесіндегі сөздерге тиісті сұрақтар қатары
А) Неше? Кім?
В) Қандай? Не істеді?
С) Қандай? Кім?
D) Қалай? Не істеді?
Е) Неше? Не?
13. Сөйлемдегі бастауыш
Біздің үйге қонақ жиі келеді.
А) келеді
В) үйге
С) біздің
D) жиі
Е) қонақ
14. Сөйлемнен соң қойылатын тыныс белгісі
Не көрдің қара ат не көрдің
Бектер құрған шатыр ма
А) нүкте
В) сызықша
С) сұрақ белгісі
D) үтір
Е) қос нүкте
15. Құрмалас сөйлемге айналдырып жазуға болатын сөйлемдер қатары
А) Аспанды бұлт торлады. Кемпір қосақ асылды.
В) Қарлығаш төмен ұшады. Жаңбыр жауады.
С) Таң атты. Аспанда жұлдыздар шықты.
D) Шолпан орысша сұрады. Таня ән орындады.
Е) Ұлдар доп алып шықты. Хоккей ойыны қыза түсті.