?леуметтік т?рмысты? ба?дарлау ?арапайым бутерброд жасау(1 класс)


Сабақтың тақырыбы: Қарапайым бутерброд жасау Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бутерброд туралы түсініктерін кеңейту, қарапайым бутерброд жасап үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың көрнекіліктері: слайд, бутерброд суреттері, пышақ, алжапқыш, бас киім, тақтайшалар, бутерброд жасауға арналған азық – түліктер.  
Пән аралық байланыс: сауат ашу, дүниетану, еңбекке баулу.
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.Оқушыларды тыныштандырып, назарларын сабаққа аудару.
а) Психологиялық дайындық
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !Күліп өмір сүрейік!
ІІ. Жаңа сабақ.
( Бутерброд деген не екенін, оны қандай азық - түлік түрлерінен дайындайтынын, қандай түрлерін білетінін сұрау.) Бутерброд - немістің май және нан деген сөздерінен пайда болған тағам. Қазір нанның үстіне әр түрлі өнімдер қойылады. Бутербродтар бір қатарлы, көп қатпарлы, қуырылған немесе ыстық наннан дайындалады. Бутербродтың бірнеше түрлері болады. 1. Қарапайым бутерброд. Нанның үстіне бір ғана май жағып, шұжық қойып, ірімшік немес көкөніс қойып жасалады. 2. Жабық бутерброд. Нанды екі бөлікке бөлу. Нанның бір жағына май жағып, ірімшік салу, үстін нанмен жабу. 3. Күрделі бутерброд. Май жағылған нанға бір тілім шұжық, бір бөлек жұмыртқа, бір тілім қияр салып аскөкпен әсемде 4. Басытқы бутерброд. Нанның қыртысын к есіп алу, жапырақтап турау, май жағу, әсемдеу, кішкене бутербродқа турау. Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Бутерброд мәзірді түрлендіреді, әр түрлі тағамдардың сәнін кіргізіп, кісінің тәбетін ашатындай етіп көрсетеді. Оларды таңғы, түскі, кешкі асқа тез дайындауға болады. Бутербродты сейіл - серуінде алып шығуға болады. Адамдар нанды барлық жерде және барлық уақытта қастерлеп келген. Дастарқандағы нан – ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі. Күнделікті жейтін нанымыздың дәмді болуы өз қолымызда екен.
Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызда қарапайым бутерброд жасауды үйренетін боламыз. Бутерброд жасап үйрену үшін біз есімізге тағам дайындауда сақтауға тиісті ережелерді, техника қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.
Тағам дайындауда сақталуға тиісті ережелер:
Қолымызды сабындап жуу.
Басымызға бас киім кию, алдымызға алжапқыш тағу.
Тағам дайындалатын жердің тазалығын қадағалау.
Қажетті құралдарды дайындау.
Көз жаттығуы
Техника қауіпсіздік ережесі:
Пышақпен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек.
Пышақты оң қолымызға түзу ұстаймыз.
Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір пышақпен істеу.
Ұшы өткір пышақты қалтаңа салмау.
Кесілетін азық – түлікті түзу ұстау.
III. Практикалық бөлім.( 3 топқа жасалынатын 3 түрлі бутербродтың суреттерін беру. ) Әр топқа берілген бутербродтардың жасалу жолдары алдарыңдағы карточкада бейнеленген. Жасалу ретін сақтай отырып жасаймыз.
1 – топ нанға май жағылған бутерброд.
2 – топ нанға шұжық қойылған бутерброд.
3 – топ нанға ірімшік қойылған бутерброд.
IV. Бекіту.
1. Бутерброд – сөзі қандай мағынаны білдіреді екен ?
2. Бутербродтың қандай түрлері болады ?
3. Біз бүгінгі сабағымызда қандай бутербродты жасауды үйрендік?
4. Қарапайым бутербродты жасау үшін қандай азық – түлік қажет ?
- Ал енді, балалар өздерін жасаған бутербродтардың дәмі қандай болды деп ойлайсыңдар ? - Ендеше дәмін татып көрейік!
IV. Бағалау. белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтау.
V. Үйге тапсырма: тақпақ жаттау.