Е?бек саба?ы: ?зіне — ?зі ?ызмет ету.


1 сынып
Еңбекке баулу Сабақ №
Мұғалім:
.Сабақ тақырыбы: Өзіне - өзі қызмет ету.
Сабақ мақсаты: 1. Өзіне - өзі қызмет етудің түрлерімен таныстыру 2. Өзіне -өзі қызмет етуге әр баланың қолынан келетіндігі туралы айта отырып еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. 3. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, еңбек құралдар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау.- Оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Өткен сабақты қайталау:1. Еңбек деген не? 2. Еңбек адамға не үшін қажет?3. Еңбекке баулу сабағы нені үйретеді?4. еңбектің пайдасы туралы.
ІІІ. Мақсат қою:- Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Өзіне -өзі қызмет ету» деп аталады. Өзіне - өзі қызмет етуге:«Киімді күтіп кию», «Жамау салу», «Түйме қадауды үйрену», «Мектепке дайындалу», жатады.
ІV. Жаңа сабақ: 1. 7 – бет Өзіне - өзі қызмет ету. Өзіне -өзі қызмет ету – біздің күнделікті атқаратын ісіміз. Ол киімді,төсек – орынды жинаудан басталады. Біз оқу құралдарымызды күтіп ұстауға, сынып бөлмесінің тазалығын сақтауға тырысамыз. Бұл да өзіне - өзі қызмет ету еңбегіне жатады.Оқулықпен жұмыс жасау.
V. Қорытынды бөлім:- Оқушыларға сурет бойынша әңгімелету.- Өзіне - өзі қызмет етудің тағы қандай түрін білесіңдер?
VI. Жаңа сабақты бекіту:
VII. Үйге тапсырма беру,бағалау: Әкемізбен анамыздан өзіне - өзі қызмет етуді үйрету.Мектепке дайындалу. (әңгімелеу).