Саба? №4. ?леуметтік инфра??рлым салалары.


Сабақ №5
Күні: 04.02. 16
Сабақ тақырыбы: Әлеуметтік инфрақұрлым салалары.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Әлеуметтік инфрақұрлым кешені туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, оның тұрмыстық қызмет көрсету, халықтың демалысын салалары және олардың орналасу факторлары туралы біліп, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрлым қызметінің даму деңгейін анықтау. «Рекреация», «рекреациялық ресурстар», «рекреациялық шаруашылық», «рекреациялық аудан» деген түсініктердің мағынасын анықтау.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақтанның инфрақұрлым кешені туралы білімдерін бекітіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларға еліміздің табиғатын таза ұстауға, зиян тигізбеуге тәрбиелеу, экологиялық бағытқа баулу, отансүйгіштікке, ұйымшыл, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: түсіндіру, миға шабуыл жасау стратегиясы, түртіп алу
Құрал – жабдықтар: Қазақстанның экономикалық аудандар картасы, атлас кескін карта.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, туризм
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 2-3
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Жаңа сабақты түсіндіру 15-17
4. Жаңа сабақты бекіту 8-10
5. Үйге тапсырма беру 2-3
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпқа келіп оқушылармен амандасу
Сыныптың тазалығына, сабаққа дайындықтарына, оқу құралдарына мән беру.
Жоқ оқушыларды белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл стратегиясы»
Қазақстан көлік және коммуникация кешенін нелер құрайды? (Су көліктері,
теміржол, әуе, автомобиль, құбыр жолдары мен телекомуникация)
Экономикаға қан жүргізерін жүйе деп нені атаймыз? (көлік)
Бойлық бағыттағы магистралдар нешеу және қандай? Қандай аудандардан
өтеді? ( Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір, Трансқазақстан)
Ендік бағыттағы транзиттік ірі теміржол магистарлдары? (Оңтүстік Сібір,
Орта Сібір)
Қазақстандағы алғашқы ірі теміржол? (Орынбор – Ташкент)
Ең жас және жылдам дамып келе жатқан көлік түрі? ( теңіз көлігі)
Еліміздің теңіз қақпасы? (Ақтау порты)
Қазақстанның ұлттық әуе тасымалы? (Эйр Астан)
Қазақстан темір жолының ұзындығы қанша? (18,8 мың км)
Қазақстанның автомобиль жолының ұзындығы? (95 мың км)
Қазақстандағы ірі көлік тораптары орналасқан қалалар? (Алматы, Қарағанды,
Астана, Семей, Шымкент)
Елімізде неше әуежай бар? (22)
Көлік торабының неше түрі бар? ( біртекті, кешенді)
«Әріптер сыры» Сұрақтың жауабы таңдалған әріптен басталуы керек.
А Ә Д И
Қ М Ө С
Т Ш Г Ж
А – Мұнай машиналарын жасайтын ортлық қала – Атырау
Ә – Тентген аппаратурасын шығаратын заводы бар қала – әрине Ақтөбе
қаласы.
Д – АҚШ-тың автомобильдер астанасы деп аталатын қаласы – Детройт
И – Турин қай елдің автомобиль жасайтын компаниясы – Италия
Қ – Кен шахталық бұйымдарды шығаратын облыс – Қарағанды.
М – Теледидар мен техникалық бұйымдар тетіктерін шығаратын обл – Менің
ойымша Алматы қаласы
Ө – Конденсатор бұйымдарын шығаратын орталық – Өскемен.
С – Теміржол подшибниктерің орталығы – Степногорск
Т – Аккумулятор шығаратын оралық – Талдықорған.
Ш – Пресс автоматтар шығаратын оралық – Шымкент
Г – Даймлер, Крайслер қай елдің коипаниялары – Германия
Ж – Мицубиси, Тойота мотор қай елдің автомобиль орталықтары - Жапония
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Әлеуметтік инфрақұрлым – аумақтық өндірістік кешеннің (АӨК) қосымша саласы. Ол АӨК өнімдерін өндіруді, дамытуды іске асырадыжәне халық тұрмысының жақсаруын қамтамасыз етеді. Оған сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім берру, халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар жатады.
Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету. Республиканың әлеуметтік инфрақұрлым деңгейін көтеруде сауда және тұрмыстық қызмет көрсету салаларының маңызы зор. Ол шаруашылықта еңбек өнімділігінің артуына, халық тұтынатын тауар түрлерінің көбеюі мен сапасының жақсаруына әсер етеді. 2011 жылғы көрсеткіш бойынша республикка экономикасында тұрмыстық қызмет көрсету саласы 50%-ды құрады.
Денсаулық сақтау және оны қалпына келтіру. Елімізде денсаулық сақтау жүйесінің екі түрлі формасы бар, оларға мемлекеттік және жекеменшік медициналық көмек көрсету жатады. Мемлекеттік медициналық көмек көрсетуде жеке адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің белгілі бір бөлігінде толықтай кепілдеме беріледі. Бұл халықтың денсаулығын қорғауға мемлкеттік саясатты жүзеге асырудың бір жолы болып табылады.
Білім беру. Халықтың білімін көтеруде білім беру жүйесінің атқаратын рөлі зор.Республикадағы білім беру жүйесі меслекеттік және мемлекеттік емес бірнеше деңгейден тұрады, оларға мектепке дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, кәсіптік – техникалық білім беружоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жатады. Жалпы білім беретін мектептердің 23,7%- ы қалалық, ал 76,7%-ы ауылдық жерде орналасқан. Ал жоғары оқу орындары облыс орталықтары мен ірі қалаларда шоғырланған.
Халықтың демалысын ұйымдастыру және рекреациялық аудандар. Халықтың денсаулығын ұйымдастыру үшін елді мекендерде мәдени мекемелер, демалыс базалары жұмыс істейді.ол адамның тұрмыс – тіршілігіне, демалуына, рухани өсіп – толығуына жағдай жасайды. Мұның барлығы халықтың еңбегінің нәтижелі болуына әсер етеді. Рекреация – қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді, оған сауықтыру мекемелері, демалыс базалары, туристік орталықтар жатады.
ІV.Жаңа сабақты бекіту
«Географиялық дуэл» . Картамен жұмыс. Картадан географиялық обектілерді көрсету.
V. Үйге тапсырма беру.
1. Тақырыпты оқу
2. «Біздің сыныптың туристік таңдауы» атты сауалнама арқылы зерттеу жүргізіңдер.
VІ. Қорытынды:
Оқушылардың сұрақтарға белсенді жауап беріп тапсырмаларды жақсы орындап,
дұрыс жауап берген оқушыларды бағалаймын.