Презентация на тему Балды? емдік ?асиеті


2016 жыл Ғылыми-зерттеу жобасы Балдың емдік қасиеті Орындаған:№17 жалпы орта білім беретін мектептің 4 «А»сынып оқушысы Сейіт Дамир Мақсаты: Балдың пайдасын зерттеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынымен кеңірек танысу Міндеттері:- Балдың пайда болу тарихымен танысу;- Балдың жасалу технологиясымен танысу ;- Балдың құрамын оқып білу ;- Балдың түрлерін анықтап білу;- Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып білу; Зерттеудің өзектілігі :біз балды күнделікті өмірде жиі қоданғанымызбен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз Зерттеудің болжамы:Егер біз бал жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік. Зерттеу әдістері:- Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;- Бақылау;-Зерттеген нәтижеге талдау жүргізу. Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда бейнеленіп,сақталған екен. Балдың шығу тарихы Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған. Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген. Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды пайдалануСол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан. Ресейде бал жайлы 945 жылдың Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде. Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен. Ара балының бөлінуіНегізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді. Табиғи балдың түрлері Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ. Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы. Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады. Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар. Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады. Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады. Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады. Балдың құрамы Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды. * Қызықты мәліметтерАралардың ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам жұмыс істейтіні анықталды. Аралардың жұмыс істеуін компьютермен салыстырған зоологтар ғажайып мәліметтерге қол жеткізді. Ең соңғы технологиямен жасалған компьютер секундта 16 миллиард арифметикалық амал жасаса, күніміздегі аралардың осы мерзім ішінде аз ғана энергия жұмсап 10 тириллиондық амал жасайды. Бір гүлден екінші гүлге қонып өсімдіктердегі ұрықтануда маңызды рөл атқаратын араларға байланывсты ғажайып мәліметтерге қол жеткізген мамандардың зерттеу нәтижесінде, 1 кг бал өндіру үшін жер шарын 6 рет айналатындай ұзақтыққа ұшатын аралардың 7 миллион 500 мың рет гүлге қонатындығы белгілі. Аралардың 28гр бал үшін ара ұясымен гүл арасында 1600 рет барып келетінін тіркеген зоологтар араның гүлдер үшін керек болса, ұясынан 6 километрге дейін ұзап кететіндігін және бір күнде 225мың гүлге қонады.Жұмыртқалау кезеңінде ара сүтімен қоректенетін аналық араның өз салмағынан 80 есе ауыр ара сүтін тұтынатындығы және күніне 2 мың жұмыртқа тастайтыны анықталды. Өз салмағынан 330 есе ауыр жүк арту қабілетіне ие болған аралардың салған алты бұрышты ұясы ең аз балауыз жұмсап максимум мөлшерде бал жинауға ең қолайлыпішін екендігі белгілі болды. Ара мамандары Теодор Коккерелл(Theodore Cockerell, 1866—1948) - америкалық зоолог,ірі таксономист,32000һ ден аса валидті араны сипаттаған.Фердинанд Фердинандович Моравиц (3.8.1827, Санкт-Петербург — 15.9.1896) - ресейлік энтомолог,500-ден астам ара сипаттаған Генрих Фризе (Heinrich Friese) - энтомолог,1300 түр сипаттаған.Чарлз Миченер (22.09.1918-) - америкалық энтимолог,қазіргі кездегі ең ірі биология және ара систематикасы маманы. Қорытынды.Ара өте еңбекқор және ақылды жәндік екеніне , ал ара шығаратын таза өнім, бал, адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның шипалы қасиеті мол екеніне отбасым да, сыныптастарым да келісті. Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.Грецияның ұлы математигі Пифагор: «Менің көп жасауымның себебі – «үзбей бал жеуімнен», – деп айтқандай, егер балалар да, ересек адамдар да үзбей бал жеп отырса, онда біздің халқымыздың денсаулығы мықты болады. Омарташылық шаруашылығы дами берсің! Пайдаланылған әдебиеттер:1.Қазақ энциклопедиясы, 2 том2. Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 20123. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 4. Зоология, 6-7, (1986),92 б5. «Әлем аралары» Назарларыңызға рахмет!