4 сынып ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік ?н?раны


4 - сыныпСабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныСабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының МемлекеттікГимні туралы мағлұмат беру, септік жалғаулары туралы алған білімдерін қайталап жетілдіру.2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту.3. Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттыру, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, қайталау, сұрақ - жауап, интерактивті тақта арқылы сабақ беру әдісі, жаттықтыру.Сабақтың көрнекілігі:Тақырып бойынша презентация, кеспелер (деңгейлік тапсырмалар)Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі- сәлемдесу;- оқушыларды сабаққа бейімдеу.ІІ. Үй тапсырмасын тексеруІІІ. Жаңа сабақ:1) «Елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнді белгілері - Елтаңба, Ту, Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды» деген сөздерді оқып, түсіндіру.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.Гимннің авторларымен таныстыру, Гимнді айту ережелері туралы айту. Гимнді тыңдап, айтқызу.2) Жаңа сөздермен жұмысқабылданды – был принятән – музыкабелгілі – известныйсазгер – композиторжатқа білу – знать наизустьпарыз – долгәрбір - каждый- сөздерді дауыстап оқу;- оқушыларға оқыту;- сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.3) Мәтінмен жұмысҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ГимніБіздің Отанымыз – Қазақстан. Оның басты рәміздерінің бірі – Гимн. 2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды.Гимннің сөзін жазғандар – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ал әнін жазған – белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқов. Гимнді жатқа білу – әрбіріміздің парызымыз!• Мәтінді мәнерлеп оқу;• 1 - 2 оқушыға оқыту;• Мәтінді аудару;• Сұрақтарға жауап беру.4) Мәтіннен септік жалғаулары жалғанған сөздерді тауып, оқу. Септіктерді қайталау.5) Деңгейлік тапсырмалармен жұмысДеңгейлік тапсырмалар:А1 Бүгін өткен сөздерді дауыстап оқыА1+ Мәтіннен атау септікте тұрған сөздерді тауып оқыА1. 1 “Гимн” сөзімен 3 сөз тіркесін құраА1. 1 Септіктерді ата.А2 Келесі сөздерді септе: рәміз, Отан.А2+Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын ата.ІV. Қорыту:Тірек - сызбаны құрастырып, сабақты қорытуРәміздердің бірі 2006 жылдың 7 қаңтарда қабылдандыМЕМЛЕКЕТТІК ГИМНСөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. НазарбаевӘнін жазған: Ш. ҚалдаяқовV. Үй тапсырмасы:• Сөздерді жаттау;• Тірек - сызбаны жаттау;• 36 - бет 2 - жаттығу жазбаша.VІ. Бағалау.