Елімізді? еркіндігі — т?уелсіздік (Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына арнал?ан) сынып са?аты


Тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік»Тәрбие сағатының мақсаты:а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Қолданылған әдістер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілігін, плакат,
Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, буклет, суреттер,шарлар, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы:
(Сабақты бастамас бұрын оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады. Шеңбер жасап тұрғаннан кейін, сағат тілімен айнала бір- бір ауыз сәттілік тілегін айтады.)
І. Кіріспе:
Сонымен оқушылар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік», сабағымызды бастамас бұрын қима қағаздар арқылы топқа бөлінейік.
Топқа бөлу (оқушыларды түстерге байланысты үш топқа бөліп отырғызу)
Бейнежазба: Тұңғыш Президент
Ой қозғау: «Тәуелсіздік» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Осы бейнежазба не туралы айтылғанын оқушылардан сұрақ-жауап арқылы сұрап, тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашу.
Мұғалім сөзі: Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлады. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің  HYPERLINK "http://tilimen.org/gulefiya-bajtenova-almati-alasi-13-mektep-gimnaziyasini-aza-ti.html" өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
ІІ. Бейнежазба көру (ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл)
Өз ойларын ортаға салу, ой бөлісу.
ІІІ. Шығармашылық жұмыс (постер қорғау, топпен жұмыс)
Қызыл түсте отырған балалар қазақ елінің өткенін, сары түсте отырғандар бүгінін, жасыл түсте отырғандар еліміздің болашағын айқындайтындай, ойларын қағаз бетіне бейнелеп өз қиялымен ұштастырады. (постер қорғайды)
(Постер жасауға 5 минут уақыт беріледі)
Рефлексия: Оқушылар жасаған постерлерін таныстырады және басқа топтар бағалау ретінде өз пікірлерін айтады.
Сергіту сәті:
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Мәңгілік Ел» идеясы
Қазіргі таңда болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамыз бой көтерді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры -ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналып келеді. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды.
Елбасымыз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Біз, қазақ халқы өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Алтыншы құндылығы: бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; «Өз тарихын, өз философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай да мәдениеттің дамуы мүмкін емес», - дейді көрнекті түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев. Шындығында, өз елінің тарихын, философиясын білу, ұлттық құндылықтарын зерттеу, солар арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, оны ұрпақ санасына сіңіру елдің, ердің басты мұраты.
Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата-баба салтын, әдебиеті мен өнерін өзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет өрісіне қарай өрістете отырып, мәңгілік ел болу идеясын ұсынды. «Ана тілі –бәріміздің анамыз, өйткені, ол-ұлтымыздың анасы». «Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес». Ана тіліміз – біздің бүгініміз үшін де, ертеңіміз үшін де мәңгіліктің тілі. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жариялаған Жолдауында айқын атап көрсеткеніндей: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз». Түпкі мұрат – тәуелсіз елімізді Мәңгілік Ел ету. 
ІV. Рефлексия: Өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға ілу.
V. Қорытынды
Оқушылардың мәнерлеп оқуындағы «Тәуелсіздік» жайында жазылған өлеңдерге назар аударайық...
Бейнежазба
Елбасының сөзімен қорытындылау
"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!"