Конспект на казахском языке на тему Жай б?лшектер мен аралас сандарды к?бейту


Күні: 16.01 Сынып: 5 «а» Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейту ережелерін пайдаланып, есептер шығара білу, біліп үйренгендерін қолдануды қажет ететін проблемалық жағдаяттарды шешу
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Өткізілуі: Жұппен
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудың әдісі: Ізденіс, сұрақ – жауап, сарамандық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
1. Қатемен жұмыс
2.Қайталау сұрақтары:
1. Толықтауыш көбейткіш деп нені айтамыз?
2. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге қалай келтіреміз?
3. Егер жай бөлшектердің бөлімдері жай сандар болса оларды ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?
4. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?
5.Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай қосамыз?
6. Бөлімдері бірдей, әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
7. Жай бөлшектерді және аралас сандарды қалай азайтамыз?
8. Бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай азайтамыз?
9. Аралас сандар деп қандай сандарды айтамыз?
10. Аралас сандарды қалай қосамыз?
11. Аралас сандарды қалай азайтамыз?
12.Натурал саннан аралас сандарды қалай азайтамыз?
Жаңа сабақ: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Ой толғау: 1. Жай бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымдаңдар
2. Жай бөлшектің алымы және бөлімі дегеніміз не?
3. Жай бөлшекті қысқарту деген не?
4. Жай бөлшектерді жай бөлшектерге қалай көбейтеміз?
5. Аралас сандарды аралас сандарға қалай көбейтеміз ?
6. Жай бөлшектерді натурал сандарға қалай көбейтеміз?
ав*сd=a*cb*d ;
1 мысал: 512 және 712 көбейтіндісін тап. 512 * 712=5*712*12 =35144 .
2 мысал: 56 және 79 көбейтіндісін тап.
5*76*9=3554
3 мысал. 16 және 34 көбейтіндісін тап. 16 * 34 =324.
ab*n=anb ; Мысал: 35*15=3*155=9.Мысал. 227*514=167*214=4*3=12.Анықтама: Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазамыз.
Анықтама: Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, оның алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.
Анықтама: Аралас сандарды көбейту үшін;
а) аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазамыз;
ә) бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.
Анықтама: Аралас сандарды натурал санға көбейту үшін;
а) аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазамыз;
ә) бөлшекті натурал санға көбейтеміз.
1 – қадам: «Білу»
1) 116 мен524 бөлшектерін қалай көбейтеміз?
2) 556 мен 732 бөлшектерін қалай көбейтеміз?
1.Жай бөлшектерді жай бөлшектерге қалай көбейтеміз?
2. Аралас сандарды аралас сандарға қалай көбейтеміз ?
3. Жай бөлшектерді натурал сандарға қалай көбейтеміз?
Анықтама: Егер көбейткіштердің бірі жай бөлшекпен, ал екіншісі әріппен берілсе, онда әріп бөлшектен кейін бөлшек сызығының деңгейінде жазамыз.
Мысалы: 57*х=57х .
Анықтама: Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады. Мысал: 57*0=0.2 – қадам: «Түсіну»
1. 128 мен246 бөлшектерін қалай көбейтеміз?
2. 17 мен335 бөлшектерін қалай көбейтеміз
3. Неліктен 5 * 25=525 теңдігі орындалмайды?
4 тапсырманы орындаңдар.
3 – қадам: «Талдау»
Вен диограммасы бойынша бөлшектерді қосу мен көбейту амалдарын салыстырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтаңдар.
4 – қадам: Жинақтау»
Тірек сызба құрастырып, толтырыңдар.
5 – қадам: Жинақтау»
№ 139, 141
Сабақты бекіту кезеңі: Анықтама: Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазамыз.
Анықтама: Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, оның алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.
Анықтама: Аралас сандарды көбейту үшін;
а) аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазамыз;
ә) бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.
Анықтама: Аралас сандарды натурал санға көбейту үшін;
а) аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазамыз;
ә) бөлшекті натурал санға көбейтеміз.
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Жаңа бағалау критерилерін енгізу
7балл – «5», 5 балл – «4», 3балл – «3»
Үйге тапсырма: §31, 1-11cұрақтар, №140, №142.