Екі та?балы санды ?осу ж?не азайту т?сілдері


Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
 
Сынып: 2 сыныпСабақ: математикаСабақтың тақырыбы:«Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері».Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.2. Дамытушылық: санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту.3. Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа тәрбиелеу; ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, рефлексия.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ойындар, суреттер.Сабақтың барысы.І Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.Психологиялық дайындық:- Бір - бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.Нұрға толы бар аймақ,Күн шыққанда арайлап.Ұйқымыздан тұрғанда,«Қайырлы таң ботам» - депКүлімдейді жан анам.Қайырлы таң ұстазым!Қайырлы таң достарым!Қайырлы таң қонақтар!Сәлеметсіздер ме! Балалар сабақта дұрыс отыру ережелеріне назар аударалық. Сабақта топтардың ережелерін еске салу.1 - ереже: Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!2 - ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!3 - ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!4 - ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!І. Үй тапсырмасын тексеру.ІI. Қызығушылығын ояту.«Кім тапқыр?» ойынын ойнату66+1245+512 - 755 - 534+658+234 - 458 - 833+757+333 - 357 - 7«Есептеуіш машина» немесе «Компьютер» ойыны:2 ондықтан 5 бірлікті кеміт;2 ондықтан 4 бірліктен 9 бірлікті азайт;8 бірлікті 9 - ға арттыр;1 онд. 7 бірл. болатын санды көрсет;17 бірлікпен 3 - тің қосындысынан 6 - ны азайт.Математикалық диктантБаған бойынша жазбаша қосу және азайту (тақтамен жұмыс)63 84 24 89 72+ - + - +21 21 65 24 17Сергіту сәтіБір, екі, үш,Бір, екі, үшЖинап алып күш,Желдеткішті ашайық,Шаң тозаңды басайық!Жаңа сабақ:Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері». Өткенді қайталау.Дәптерімізді ашайық,Салақтықтан қашайық.Қолға қалам алайық,Көркем етіп жазайық.“Кім жылдам?” Семантикалық картаМысал ---- 65 ----- 43 ----- 77 ----- 3685 - 856+934+928+8Оқулықпен жұмыс. №2. Есепті шығар.Жазда Аружан теңіз жағасында демалды. Ол 60 кішкентай, ал одан 40 дана кем үлкен ұлу қабыршасын жинады. Аружан барлығы неше ұлу қабыршасын жинады?Уақытқа есепте13 - 9=11 - 3=6+8 =14 - 7 =12 - 8=5+9=16 - 7 =9+8 =8+3=17 - 9=Сабақты қорытындылау:Үйге тапсырма:Күнделікті енді алайық,Үй тапсырмасын жазайықМатематикадан алған білімдіҰмытпай есте сақтайық.Бағалау:«5» - бәрекелді,«4» - шіркін,«3» - әттең