Жай б?лшектер мен аралас сандарды к?бейту


Бекітемін: .
Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Айгерім Бекмұратқызы
Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы Интерактивті тақта, 5-сынып математика оқулығы, кесілген суреттер , үлестірме қағаздар, стикер.
Жалпы мақсаттарОқыту  нәтижесіБілімділік: Бөлшектерді көбейту тақырыбын тірек конспектісі бойынша түсіндіруді қолдану. Ережесін жатқа білу, қолдана алу. 2. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шыға-рудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 3. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденіс-терін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне доста-рына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу. 
Жай бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей санға көбейтуді, қысқартуды біледі; өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Сергіту сәті
Ұшты- ұшты ойыны
Оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа қолдарын алға, бұрыс жауапқа қолдарын жоғары көтереді.
50+50=100
0 саны натурал сан.
Бұрыс бөлшек.
5*3=15
Дұрыс бөлшек
20+60=50
1.2.3 натурал сан.
9/2=5
6*3=18
Аралас сан.
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. І-топ: Дұрыс бөлшек.
ІІ-топ: Бұрыс бөлшек
ІІІ-топ: Аралас сан.
Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен тақырыпты қайталау Оқушылар ауызша орындайды
Әр топ бөлшектерге анықтама беріп, мысалдар келтіреді.
І.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап Жай бөлшектер қалай қосылады?
Жай бөлшектер қалай азайтылады?
Жаңа сабақ
ІІ. Мағынаны ажырату.
Математикалық диктант.
Мұғалім : 1 топ. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін. ..............
Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп алымы етіп, бөлімдерін көбейтіп бөлімі етіп жазу керек.

2 топ. Бөлшекті натурал санға көбейту үшін...............
Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, бөлімінің өзін қалдыру керек.
3 топ. Аралас сандарды көбейту үшін..........................
Аралас сандарды көбейту үшін
Оларды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек;
Бөлшектерді көбейту ережесін қолдану керек.
Тапсырманы тексеру үшін «Ортада қаламсап» стратегисын қолданамыз
Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.

ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықпен жұмыс. Топ №1077(1,2,.); №1078(1,2,), №1079 (1,2)
Топ №1077(3,4); №1078(3,4,); №1079 (3,4)
Топ №1077(5,6); №1078(5,6,); №1079 (5,6)
Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
№1083 №1085 Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау Нені білеміз?
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді? Оқушылар таратылған карточкаға өз ойларын жазып береді?
Кері байланыс
ББҮ стратегиясы