Жай б?лшектер мен аралас сандарды к?бейту


Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейтуМақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейтуді меңгерту. Есептер шығару барысында теориялық негіздерін тұжырымдау.
Практикалық дағдыларын қалыптастыру,
Тәрбиелік: Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір - біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сәйкестік тест, графикалық диктант
Көрнекілік: Интерактивті тақта, фигуралар, кеспе қағаздар,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау, сабақтың мақсатымен таныстыру. 
Сыныпты үш топқа болу.
- Кәне, балалар, сабағымызды бір- бірімізге жақсылық тілеуден бастайық.
Сыныпты үш топқа бөлу. Кеспе қағаздарда дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар арқылы.
Т О П Т А Р
І топ: Дұрыс бөлшекІІ топ: Бұрыс бөлшекІІІ топ: Аралас сандарРефлексия. Өз көңіл - күйіңе сәйкес суретті таңдап ал.

Сабаққа дайынмын. Маған бәрібір Мен өзіме сенімсізбін328612576200002476500123825001571625-7620000Топты бағалауда арқылы бағаланады.
Жеке оқушылар
41014650001824990000-41910000«5» «4» «3»
бағаланады
Үй тапсырмасын тексеру.
Сәйкестік тест
1) А)
2) Б)
3) В)
4) Г)
5) Д)
6) алымы 5, бөлімі 6 Е)
7) 2 бүтін сегізден бірК)
8) бестен алтыН)
1 – д, 2 – б, 3 – е, 4 – г, 5 – к, 6 – н, 7 – а, 8 - в
Жаңа сабақты түсіндіру:
Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазамыз.
ab∙cd=a∙cb∙dМысалы:
38∙89=3∙88∙9=39=13Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.
Әріптермен жазсақ : ab ∙n=a∙nb
Мысалы: 35 ∙15=3∙155=9Аралас сандарды көбейту үшін:
А) аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазамыз;
Б) Бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.
Мысалы:
Аралас санды натурал санға көбейту үшін:
А) аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазамыз;
Б) бөлшекті натурал санға көбейтеміз.
Мысалы: 223 ∙2=83 ∙2=8∙23=513 Егер бөлшектің бірі 0-ге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады.
Мысалы: 0∙ 35 =0Егер көбейткіштердің бірі жай бөлшекпен, ал екіншісі әріппен берілсе, онда әріп бөлшектен кейін бөлшек сызығының деңгейінде жазылады.
Мысалы : 58x, мұндағы: 58 – коэффициент, x – әріпті көбейткіш.
Аралас сандарды көбейту үшін аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазып, жай бөлшектерді көбейту ережелерін қолданамыз.
Аралас сандарды натурал санға көбейту үшін аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазып, бөлшекті натурал санға көбейту ережесін қолданамыз.
Сабақты бекіту.
«Білім көзі кітапта» дегендей кітаппен жұмыс жасаймыз.
Ауызша жұмыс. 1-қадам «Білу»
2 – қадам «Түсіну»
1 топ №139, 2 топ №140, 3 топ №141.
«Сергіту»  сәті
(Математикалық дене шынықтыру уақыты)
Мен сан айтамын. Егер 2-ге бөлінсе екі қолымызды көтереміз.
Мен сан айтамын. Егер 5-ке бөлінсе шапалақтайсыздар.
Мен сан айтамын. Егер 3-ке және 9-ға бөлінсе тізені бүкпей алға қарай еңкейесіздер.
14, 55, 27, 145, 4, 81, 115, 44, 20, 54, 100
Қортындылау.
Графикалық диктант
▬ иә;
1295402667000-38103111400 Жоқ
1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
2. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
3. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады
4. 15 минут сағаттың ¼ бөлігі
5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады
6. Бұрыс бөлшек 1 - ге тең немесе бірден үлкен
7. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін, аралас сандардың бөлшек бөлігін ең кіші ортақ бөлімге келтіру, бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек
8. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.
9. Аралас сандарды көбейту үшін, оларды сол қалпында көбейту керек.
10. Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, натурал санды бөлшектің бөліміне көбейту керек.
Графикалық диктанттың жауабы:
0 - 1 - қате 5 ұпай2 - 3 қате 4 ұпай4 - 5 қате 3 ұпай5 қатеден көп - 0 ұпайҮйге тапсырма: $31. № 142
Оқушыларды бағалау.