Онды? б?лшектерді ?осу?а есептер шы?ару туралы ?аза?ша ашы? саба?


Ондық бөлшектерді қосуға есептер шығару туралы қазақша ашық сабақ Қазақша Құттықтау - Тілектер жинағы, Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Фильм Қазақша, Ашық сабақтар жинағы, Қазақша Анекдоттар жинағы, Қазақша Клип, Шығармалар жинағы, Қазақша Рефераттар жинағы, Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Өлеңдер жинағы Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосуға есептер шығару. Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу ережесін пайдаланып, ең тиімді тәсілмен есептей білу, өрнектің мәнін таба білу тәсілдерін меңгерту. Бағдарлама материалы бойынша алған білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Оқушының белсенділігіне, зейінін, ойлау қабілетін дамыту. Өздігінен іздену, жұмыс жасау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Ойын сабақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу. Әр топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері бағалау парағына өз тобындағы оқушыларды бағалап отырады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 1008 Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырып, есептеңдер: 1) 2) 3) ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады. Ондық бөлшектер қалай қосылады? Ондық бөлшек тақырыбының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады? Ондық бөлшектерді қосуға қандай қасиеттері орындалады? Жай бөлшектерді қалай қосамыз? Жай бөлшектерді қалай азайтамыз? Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз? Жай бөлшектерді қалай бөлеміз? Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз? Жай бөлшекке мысал келтір. 10)Ондық бөлшекке мысал келтір. Әр топ жетекшісі жауап парағының көмегімен үй тапсырмасын тексереді. ІV. Оқулықпен жұмыс. №1010. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, тиімді тәсілмен есептеңдер: 1)1,245+(0,755+3,02); 2) (2,716+12,3)+4,284; 3)91,125+(0,83+8,875); 4) (134,06+16,03) +5,94); 5) 612,007+(38,003+6); 6) (16,01+3,99)+15,3; №1011. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есептеңдер: 1) 310+8,51; 2) 9,65+5,34; 3) 7,21100+ 16,29; 4) 6,01+16,21; 5)18,35+3,15; 6)27.750+2,36: V. Сергіту кезеңі Мынандай тұжырымдамалар айтамын.Дұрыс болса оқушылар қолдарын жоғары көтереді,қате болса қолдарын алға көтереді. Натурал санға кері сан-алымы 1, ал бөлімі сол натурал санның өзі болатын бөлшек сан. 1 саны өзіне-өзі кері сан. Санды нолге бөлуге болады. Көбейтуге кері амал бөлу амалы. Азайтуға кері амал көбейту амалы. VІ.Шығармашылық жұмыс. 1)35 см+2 м5 дм + 6дм4 см+850 мм; 2)5 м3 дм +70 см+ 2 дм4 см+310 мм; 3)750 г+3 кг500 г+300 г+2 кг450 г VІІ. Тест тапсырмасы Ондық бөлшек түрінде жаз. А)0,8 В)0,08 С)0,008 Д)0,0008 2. Ондық бөлшек түрінде жаз. Елу бүтін мыңнан жетпіс сегіз А) 50,8 В) 50,078 С) 50,78 Д) 50,0078 3. Амалдарды орында 3+ А) 3,045 В) 3,45 С)3,0045 Д) 3,0405 4. 8,97+4,51 А) 13,48 В) 13,048 С) 13,38 Д) 13,58 5. 0,047+14,07+6,3 А) 20,347 В) 20,314 С) 20,417 Д) 20,37 VІІІ.Үйге тапсырма №1012,1019 ІХ. Бағалау. Сабақты қорытындылап, әр топтың нәтижесін шығарып баға қою.Әр топтың бағалау парағы былай толтырылады. Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі Математика пәнінің мұғалімі Қ.Ұзынжасова Тақырыбы: «Нақты ғылымдар еліне саяхат» Мақсаты: а) Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, теориялық білімін тереңдету,практикалық есептеу дағдыларын жетілдіру, осы пәнге қызығушылығын арттыру, оларды бұл ғылымның сырын ұғуға икемдеу, жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесу. ә) Өз бетінше ізденуге, пәнге деген ынтасымен қабілетін, білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Б) ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: газеттер, нақыл сөздер. Барысы: І. Ұйымдастыру Кіріспе сөз ІІ. Негізгі бөлім. 1. «Зымыран сұрақтар» ( сұрақ-жауап) 2. «Ойлан тап» (логикалық сұрақтар) 3. «Ойымды жалғастыр» (мақалдың жалғасын табу) 4. «Жеті жұмбақ» (жұмбақтар шешу) 5. «Тапқырлық патшалығында» (жаңылтпаш айту) 6. Викториналық сұрақтар 7. Сандарды қатыстырып мақал-мәтел, жұмбақтар айту 1-жүргізуші: Мінеки залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны бізде қоштаймыз. Кешіккендерді тоспаймыз, Ғылымдардың ғылымы, Математика жайында «Нақты ғылымдар еліне саяхат» атты Кешімізді бастаймыз! 2-жүргізуші: «Математика – ғылымдар патшасы»-деп, Мойындаған бар ғалам жер шарында. Математика,математика қандай қиын, Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін. 1-жүргізуші: Хош келдіңіздер,қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! 2-жүргізуші: Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын,сырын білуге Көкірегінде болсын тез. Олай болса бірінші бөлімімізде бастаймыз.Алғашқы бөлім «Зымыран сұрақтар» деп аталады.Яғни қойылған сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру. 1-жүргізуші: Білімдінің ұшқырлығын танып сен, Асып-тасып,асықпа,қалыспа сен. Уақыт деген зымыран, зулап жатыр, Шапшаңдық бұл сайыста керек екен. 1. Ең үлкен хорда? (диаметр) 2. 900-тан кіші бұрыш? (сүйір) 3. у=х2 функциясының графигі? (парабола) 4 . Синустың косинусқа қатынасы? (тангенс) 5. 60-тың 50%-і? (30) 6. Тәуліктің төрттен бір бөлігі? (6 сағат) 7. Ең кіші натурал сан? (1) 8. Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі әрі физигі? (Рене Декарт) 9. «Геометрия» терминінің мағынасы? (жер өлшеу) 10. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем? (теорема) 11. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу? (параллель) 12. 7 жай сан ба,құрама сан ба? (жай) 13. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі? (ғасыр) 14. 15. Тригонометриялық функциялардың қайсысы жұп? (косинус) 2-жүргізуші: Келесі бөлім «Ойлан тап» деп аталады. Бұл бөлімде логикалық сұрақтарға жауап іздейтін боламыз. 1. Әкесі баласынан 25 жас үлкен,неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады? (Әкесі баласынан ешуақытта 30 жас үлкен болмайды.Себебі жас айырмасы ешуақытта өзгермейді) 2. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15) 3. Егер түнгі сағат 12-де күн жауып тұрса, онда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма? (84 сағат 3,5 күн, тал түс ашық күнді көруге болады) 4. Аспанда 6 құс ұшып барады, аңшы екеуін атып алды. Неше құс қалды? (2 құс қалды, қалғандары ұшып кетті) 5. Бес бұтақты ағашта, Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер алашқа, Қалады сонда қанша алма? (24) 6. Қорада тауықтар мен қояндар жүр. Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, неше тауық,неше қоян бар? (5 тауық, 10 қоян) 7. Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына6 мкөтеріледі. Ал түнде4 мтөмен түседі. Жұлдызды құрт14 мағаштың басына қанша күнде шығады? (5 күнде) 8. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес) 1-жүргізуші: «Жалғасын тап» мақал-мәтелдердің жалғасын табу. 1. Бір тал кессең, …………………. (Он тал ек) 2. Айдағаны бес ешкі ……………………. (Ысқырығы жер жарады) 3. Жеті жұрттың тілін біл,……………….. (Жеті түрлі білім біл) 4. Білекті бірді жығады,………………… (Білімді мыңды жығады) 5. Екі жақсы қас болмас, ……………….. (Екі жаман дос болмас) 6. Бір елі ауызға,………………….. (екі елі қақпақ) 7. Жүз сомың болғанша, ……………………. (Жүз досың болсын) 8. Білгенің бір тоғыз,……………….. (Білмегенің тоқсан тоғыз) 9. Отыз тістен шыққан сөз, ………………… (Отыз рулы елге тарайды) 10. Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,………………….. (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.) 2-жүргізуші: Үшінші бөлім «Жеті жұмбақ» деп аталады. Бұл бөлімде жұмбақтардың шешімін табамыз. 1. Бір,үш,бес,он, Жиырма,елу. Жүз, екі жүз, мың бар Әрқайсының құны бар? (теңгелер) 2. Математикалық таңба ол, Білімің болса ашарсың. Теріс сан болса астында, Мағынасы жоқ деп қашасың. (кв.теңдеу) 3. Біз санбыз…. Сызықпыз бөлінген. Математиканы ұқпас адамға, Құбыжық болып көрінген, Дұрыс,бұрыс,аралас, Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан) 4. Бірдей санда бірнеше рет, Көбейтуден тұрады. Егер оны ықшамдасаң Қандай атау болады? (дәреже) 5. Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы бұл қандай сан, Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан) 6. Жаңылмастан жетеуі, Кезек қызмет етеді. (апта күндері) 7. Қандай санның жазылуында Қанша әріп болса, сонша цифр бар? (он) 1-жүргізуші: «Тапқырлық патшалығында» атты бөлімде жаңылтпаштарды қайталап айтамыз. Есте сақтау қабілетің, Қандай сенің ағайын. Жаңылтпашты қайта айтшы Қазір саған айтайын. 1. Айқыш бұрыш,айқыш бұрыш, Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш. Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш, Сәйкес бұрыш, құрған бұрыш. 2. Шеңбер, шеңбер доп емес, Доп сияқты,доп емес. Доп деп,доп деп шеңберді, Ойлама шеңбер ол емес. 3. Рационал сан,иррационал сан, Иррационал сан,рационал сан. Біріккен сан болған сан, Нақты сан деп аталған сан. 1-жүргізуші: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады, Кеш қызығын талай адам тыңдады. Тәрбиелі тәлімі мол,әсерлі Болса егер көңіл жақын таңдады. 2-жүргізуші: Қанып сандар сырына, Шықсақ білім шыңына. Деп алаулап жүрегі Қосқан әуен жырына Математиктер жасасын!-дей отырып, «Нақты ғылымдар еліне саяхат» атты кешімізді аяқтаймыз. 1-жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке, Келгендерге көп рахмет. Шын сезінген көрерменге Мың рахмет, мың рахмет!Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/matematika/386-ondy-blshekterd-osua-esepter-shyaru.html