Натурал сандарды? 3, 9-?а б?лінгіштік белгілері есептер шы?ару (5сынып)


Сыныбы 5
Тақырыбы: Натурал сандардың 3, 9-ға бөлінгіштік белгілері есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілері жайлы білімдерін кеңейту
Сабақтың міндеттері:
1. Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін біледі.
2. Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін талдайды,анализдейді
3. Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін қолданып есеп шығара біледі.
Күтілетін нәтиже:
1. Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін анықтауды түсіндіреді .
2. Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін саралайды.
3. Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерін табуды үлгілейді, дамытады
Дереккөздері: «математика-5кл» Алдамұратова Т.А, Байшолпанов Е.С
Сабақтың түрі: өтілген сабаққа есептер шығара отырып, жаңа мәліметтерді меңгеру.
Сабақтың әдіс –тәсілдері: джиксо, математикалық турнир,венн диаграммасы
Сабаққа қажетті құралдар
Құралдар: интерактивті тақта, компьютер,маркер,
Қызығушылығын ояту. Оқушыларды топқа бөлу: Өткен тақыраптағы натурал сандардың бөлінгіштігі бойынша 2-ге, 3-ке, 9-ға бөлінетін сандар және де 3-ке, 9-ға бөлінбейтін натурал сандарды алу арқылы 4-топқа бөлінеді.
Сабақ сатылары Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс -әрекеті
1. Үй тапсырмасын тексеру
Қызығушылы-ғын ояту.Ой қозғау
7мин Үй тапсырмасы тақтаға жауаптары шығарылады.
Сұрақ қояды: «Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілері жайлы не білеміз?»Уақыт беріледі.Жеке 2-мин,жұппен-1 мин,шағын топпен-1 мин.Спикерлер сөйлейді-4 мин Оқушылар үй тапсырмасының дұрыстығын тақтамен тексереді. 5 оқушының дәптері тексеріледі. Оқушылар өз ойларын қағазға жазады.Жеке-2 мин, жұппен-1 мин,шағын топпен-1 мин.Спикерлер қорғайды-4 мин.Бағалайды.
Математикалық турнир
(Оқулықпен жұмыс)
15 мин
Мағынаны ажырату.
Джиксо әдісі
арқылы постер қорғау
15 мин
№636 есепті әрбір топ өз орындарында отырып шығарып, дұрыс шығарбір бір топтан 1 спикерге сөз береді
Жауабы:
4а+3; а=3, 6 және 9 болғанда 3-ке еселік бола алады.
№635 (2а+5)+(2а+7)+(2а+9)=6а+21
Жауабы: қосындының бөлінгіштігіне байланысты 3-ке бөлінеді.
№636
(а-3)*3= а+3
3а-9= а+3
2а=12
а=6
Жауабы: 6 жаста
№637шығару
х+3х+5х=9х
Жауабы: 216м
Мұғалім жаңа мәліметтерді 4 топқа бөліп береді.5 минуттан кейін 1спикер тақтаға шығып мысалы арқылы қорғап береді.
№638 есеп
1)6-ға бөлінетіндер;114,132, 372, 438.
2)15-ке бөлінетіндер: 105, 255, 345, 465.
3)45-ке бөлінетіндер: 135, 315, 360, 495,585.
4) 6-ға бөлінетіндер;216, 342,741,648.
Әрбір топта отырған оқушылар топпен жұмыс жасайды.
Оқушылар есепті топпен талқылап есептеп шығарады.

топта мәтінді жеке оқиды, жұпта, топта талқылайды, мысалдар арқылы постерге жазады.Тақтаға 1 оқушы шығады, өзіне берілген тапсырманың мағынасын ашады.
4-топ өздері қорғаған мысалдары сияқты есептер беріледі жылдам жазып тақтадағы дұрыс жауппен өздерін тексереді.
Қорытынды:
3.Ой толғаныс.
Венн диаграммасы
8 мин 11518904699000044704046990000Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерінің ұқсастығын және айырмашылығын жазу
1. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
2. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?
Өзің үшін қандай жаңа білім алдың?
Нені білгің келеді?
Үйге тапсырма : № 641, №642 Венн диаграммасын толтырады.
Әрбір топқа берілген жетондар арқылы сабаққа белсене қатысып отырған көп жинаған оқушылар бағаланады.. Кері байланыста оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып білім қоржынына іледі