?ыс?а мерзімді жоспар математикадан 20 ?а дейінгі сандарды салыстыру


Пән: МатематикаМектеп: Алматы облысы, Алакөл ауданы «Қызылащы орта мекиеьі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар » коммуналдық
мемлкеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Сыбайбаева Забира Оралбекована
Күні: Сынып: 1Ә Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы 20 ға дейінгі сандарды салыстыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.2** 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру
Сабақтың мақсаттары Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды салыстырады
+ ,-,“>”, “<” = таңбаларын пайдаланады
Жетістік критерийлері20-ға дейінгі сандарды және 100- ге дейінгі дөңгелек сандарды салыстырады
“>”, “<” таңба­ ларын қолдану,
айырмалық салыстыру дағдыларын сандық сәуле бойынша бір саннан екінші санға дейін қадамдарды санау тәсілі арқылы бекітеді.
СөздікқорСалыстыру , үлкен , кіші, тең
ҚұндылықтардыдарытуЖауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.
ПәнаралықбайланыстарДүниетану. АКТ
Алдыңғы меңгерілген білім
Екінші тоқсанның оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, алған білімдерін жинақтау және бекіту, салауатты өмір салты дағдысына баулу.
СабақбарысыСабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
РесурстарСабақтың басы
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады).
Оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстыру
ОМ анықтап алу Бүгін сабақта 20-ға дейінгі бір таңбалы және екі таңбалы сандарды салыстыруды үйренесің Сабақтың ортасы(МК, Ұ) «Қысқы ойындар».

Әрбір ойыншы өз парақшаларын аралас­ тырып, үстел үстіне сандарын төмен қаратып орна­ ластырады. (Нұсқалары: 2 Х 5; 4 Х 5; 5 Х 4.)
Сосын ойыншылар өз парақшаларын қандай ретпен ашатынын келіседі.
Ойын тәртібі:
Бірінші ойыншы жоғары қатардың сол жағын­ дағы бірінші парақшаны ашады.
Екінші ойыншы да өз жиынтығынан жоғары қатардың сол жағындағы бірінші парақшаны ашады.
Ойыншылар сандарды салыстырады. Кімнің қолындағы сан артық болып шықса, екі парақша да соның қолына көшеді.
Егер екі ойыншының қолындағы сандары тең болса, онда парақшалар әркімнің өзінде қалады.
Барлық парақшалар аяқталғанша ойын жалғаса береді. Кімнің қолында көп парақша қалса, сол жеңіске жетеді.
(Ұ) Оқушыларға суреттегі заттарды салыстырту
Оқушылар оқулықтағы суреттерді анықтап қараған соң, салыстыру белгілерін қолдана отырып, сол суреттер бойынша мүмкін болатын барлық санды теңсіздіктерді құрастырады
Сергіту сәті
(Т) Ойын «Сөз құрастыр» Жауаптарын кему ретімен орналастыр. Жауаптарға сәйкес келетін әріптерден сөз құрастырады
298386572390А
00А
182880032385Қ
00Қ
94488073025Л
00Л

20 -8 = 19-3= 14+4 =

2984360104349Қ
00Қ
1829135104140А
00А
944880104608А
00А

10+3= 17-7= 12+5=
(Ұ) Оқулықпен жұмыс ұйымдастыру.
Шығарып көр. Берілген тапсырманы жалпы сыныпқа орындату. Оқушыларға суретті мұқият қарауды тапсырып, сұрақтарға жауап алынады :
— Суреттің сол жақ бөлігінде қанша аққала бейнеленген? (9)
— Суреттің оң жақ бөлігінде қанша қалпақ бейнеленген? (7)
— Барлық аққалаға баскиім жетті ме? (қалпақ, бөрік, каска және т.б.).
— Салыстыру белгілерінің көмегімен жазып көрсетіңіз. (7 < 9, 9 > 7.)
— Қалай ойлайсыңдар, аққала мен баскиімнің саны бірдей болу үшін не істеу керек?
Дәптердегі жұмыс
Әрбір оқушыға арналған:
20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар;
20-ға дейінгі сандар жазылған сандық сәуле;
бір таңбалы сандарды қосу кестесі.
салысытруға берілген өрнектері бар карточкалар
ламинатталған ақ парақтар
Сабақтың соңы “Бәйге” ойыны
Ойын тәртібі:
Жүргізуші (мұғалім) сұрақ қояды.
Ойыншылар жауап-сандар жазылған парақша­­ ларды көтеруі тиіс.
Сұрақтар үлгілері:
— Қай сан 5-тен 2-ге артық?
— Қай сан 15-тен 3-ке кем?
— Қай сан 10-нан артық, бірақ 12-ден кем?
— Барлық екі таңбалы сандардың ең кішісі қандай сан?
— Қай сан барлық бір таңбалы сандардан үлкен?
— Қолыңда бар сандардың ішіндегі ең аз сан қайсы? Ал ең үлкен сан қайсы?
Рефлексия.
Сабақта.
Мен білдім... 892175-1270
Мен үйрендім...
Маған ұнады....
Мен қиналдым....
Менің көңіл – күйім.....
Ол үшін 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар қажет болады
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? .