?ыс?а мерзімді жоспар Натурал сандарды? б?лінгіштік белгілері (5класс)


Уақыты: Класс: 5 «б» Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың 3, 9-ға бөлінгіштік белгілері
Сабақ түрі Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Мақсаты 1)Білімділік: Оқушыларды берілген санның цифрларының қосындысына қарап, оның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін ажырата білуге үйрету; натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгісінің тұжырымдамасын айта білуге дағдыландыру;3-ке және 9-ға бөлінетін көп таңбалы сандар-ға мысал келтіре білуге үйрету.2) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.3)Тәрбиелік. Оқушыларды еңбекке, тапқырлыққа, тыныштық сақтауға, ізденімпаздыққа, өз пікірін айқындауға, өзара ынтымақтастыққа, тәртіпке тәрбиелеу..
Күтілетін нәтижелері Талдау, жинақтауды үйренеді.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Ұйымдастыру Сыныппен амандасамын;
Оқушылардың қатысымын тексеремін;
Сыныпты топтарға бөлемін.
Ынтымақтастық атмосферасын құру Мұғаліммен орнынан тұрып амандасады;
Кезекші оқушылар класстың қатысымын хабарлайды.
Топтарға бөлінеді, топ мүшелерін сайлайды. Топқа бөлу (өздері топ атауын таңдау)
Қызығушылықты ояту Алдын-ала даярлық тапсырмасын талдау. Бағыттау сұрақтарын қою. Топ бойынша біріккен жұмысты атқарады, талдайды, сұрақтарға жауап береді. Сыни ойлауғы үйрету, диалогтық оқыту
Мағынаны тану «Жуан-жіңішке сұрақтар» қою арқылы тақырыпты ашу.
Топтық тапсырма: жеңіл, орташа, қиын есептерді шығарып, талдау
А №1264, 1265 В № 1266 С №1272 есептер. Берілген санның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін бөлінбейтіндігін бөлу амалын орындамай да анықтауға болады.3-ке бөлінгіштік белгісіҚосындының берілген санға бөлінгіштігін пайдаланып, санның 3-ке бөлінгіштігін анықтайық.9-ға бөлінгіштік белгісі.Қосындының берілген санға бөлінгіштігін пайдаланып, санның 9-ға бөлінгіштігін анықтайық.9 саны 3-ке бөлінетіндіктен, 9-ға бөлінетін сандардың барлығы да 3-ке бөлінеді..
Топтық жұмысты орындайды, өзара ақылдасады, бірін-бірі оқытады.
Сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, деңгейлік оқыту, практикалық.
Сергіту сәті Фиизкалық жаттығулар.
Ой толғаныс Түсінгендерін бағалау мақсатында бекіту сұрақтарын қою.
Өзін-өзі бағалау картасын ұсыну. Сұрақтарға жауап береді, алға мақсат қояды. Өзін өзі бағалайды. Формативті бағалау
Сабақтың қорытындысы Үйге тапсырма: № 1268, 1274 есептер .
Жиынтық бағалауды жүргізу. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Бағалану үшін күнделіктерін мұғалімге әкеледі. Жиынтық бағалау