1-ден-10-?а дейінгі сандарды ?айталау





Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Математика
Тақырыбы: 1-ден-10-ға дейінгі сандарды қайталау
Мақсаты:
1.Білімділік:10 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту,сандарды тура және кері санауға,сандар көршісін атауды,алдында ,артта ұғымдарын дамыту.
Суретті салыстыру туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды үйрету, балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру,білімге деген құштарлығын арттыру.
2.Дамытушылық: Ойындар арқылы, әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып,салыстыру,санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып,санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас арқылы татулыққа, достыққа, бірлікке,
жан-жануарларға қамқорлыққа тәрбиелеу.
4.Көрнекіліктер:Ертегі кейіпкерлері,суретжұмбақ,математикалық жұмбақ есептер,суреттер.
1.Әрекет кезеңдері
2.Тәрбиешінің іс-әрекеті
3.Балалардың іс-әрекеті
I. Мотивациялық-қозғаушылық:
1.Сабақты ұйымдастыру
Балалар барлығымыз жылулық шеңбері бойына тұрып қонақтармен амандасайық
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал кәнекей бәріміз
«Сәлематсіз бе» дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
II. Сұрақ-жауап алу
а) Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
ә) Қыс мезгілінде неше ай бар? (3ай)
б) Біз қандай жылды қарсы алдық? (жылқы жылын)
III. Олай болса,балалар бізге ертегілер елінен Жылқы мен бұғы және адам қонаққа келеді. «Жылқы мен бұғы» ертегісі
Ертегіні әңгімелеу
III. Жылқының тапсырмасы:
1-тапсырма
Математикалық жұмбақ есеп
Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп,ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып,түсті тағы бесеуі,
Тұр әлі де ілініп жапырақта нешеуі? (4)
2-тапсырма
Сандарға арналған санамақ
Бас бармақ-әкем,
Балан үйрек –шешем,
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек-әпкем,
Кішкене бөбек-мен
3-тапсырма
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
IV. Адам жылқыға көмектесу үшін сіздерге мына тапсырманы жіберіпті
1-тапсырма
Дәптермен жұмыс
Суретті есептер 10-санының құрамын табу
2-тапсырма
Суретті есептер шығару
+ = + =
3-тапсырма
Ойын: «Ойлан тап»
Жоғалған сандарды табу
V. Сергіту сәті
1 дегенде тұрайық,
2,3,4 алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық,
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
VI. Бұғыны жайылымнан қуып шығу үшін адамның тапсырмасы
1-тапсырма
Суретжұмбақтар
(шарайна, бірқазан)

2-тапсырма

Берілген суреттерге қарап есеп,өрнек құрастыру
6 – 4=2 8 – 2 = 6 10-5 = 5
VІI. Жылқы адамға риза болды да балаларға соңғы тапсырма берді
1-тапсырма
Салыстыру (суреттерге қарап)
1 2 2 2 3 2
2-тапсырма
Сан құрамын анықтау

5 6 8
/ \ / \ / \
1 3 4
VIІI. Ертегі кейіпкерлерінің алғысы
«Жоғалған әріпті тап!»
Ж..р.. йсыңд..р!
IХ. Қорытынды
1.Суреттегі фигураларды атаймыз.
2. Ауызша есептер (Суретті жұмбақ есептер)
3.Мадақтау
Х. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!