С.Сейфуллин Наурыз 4 сынып


Күні: 11.03.2016
Сыныбы: 4
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Наурыз»
Сабақтың мақсаты:
1. Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету. С. Сейфулиннің өмірімен таныстыру.2. Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.3. Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: араласӘдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіруКөрнекілігі: тірек - сызба, С.Сейфуллин суреті, Наурыз көрінісі,Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
- Сәлем досым! (қолын алады)
- Қалайсың? (арқасынан қағады)
- Сен қайда болдың? (құлағынан тартады)
- Келдің бе? (құшағын ашады)
- Жарайсың! (құшақтасады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеруМ. Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау.
«Қалам жинау» әдісі арқылы
Өлең не жайында екен?Наурызда қандай өзгерістер болады екен?Жыл басы, Жан - жануарлар ұйқысынан оянады,Ұлыстың ұлы күні,Көктемнің алғашқы айы, Күн мен түн теңеледіІІІ. Жаңа тақырыпты игеруге дайындық- Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Ол үшін жасырынған суреттерді таңдау арқылы бөлінеміз. Енді алған суреттерімізді қарайық. Қай ақынның суреті түсті.
Ендеше сендер де екі ауыл балалары болып топқа бөлініп, наурыз мейрамына қатысасыңдар.І. Міржақып ауылыІІ. Сәкен ауылы.
Ендеше сабағымызды әнмен бастайық.«Наурыз» туралы әнБалалар бүгін біз «Наурыз» туралы алған білімімізді одан әрі кеңейте түспекшіміз.
IV. Жаңа сабақ
Бүгін біз С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз.
С. Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, драматург және қоғам қайраткері. Мен сендерге Сәкен Сейфуллин туралы алдын ала мәлімет жинауға берген болатынмын. Ендеше сол мәліметтерінді түйіндеп, Сәкен туралы алған білімімізді топтастырайық.
Ассоция құру
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін
Өлеңде қандай мейрам жайлы айтылған?
Біз Міржақып Дулатов және Сәкен Сейфуллиннің Наурыз өлеңімен таныстық. Ендеше осы өлеңді салыстырайық:
М. Дулатов. Наурыз С.Сейфуллин. Наурыз
Адамда да, мал да жадырап жүр Мал мен жан қуанып жүр

Өлеңдегі адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын кеіптеу.
Жаз ---------құшақтайды, бетінен сүйеді
Су --------- ағады, сылдырлайды
Құстар -------шаттанады, сұңқылдайды
Мал --------жадырап жүр далала
V. Сергіту сәті
Тренинг
«Жунглидағы жаңбыр» ойыны-Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).Тағы да нөсер жауын жауды.Ұсақ жаңбыр сіркіреді.Дауыл соқты.Жел соқты.Жел басылып келеді.
VI. Көрініс (сахналау)
Күн мен Түн шығады ортаға.Күн: Сәулесі мол Күнмін,Түн: Жұлдызы көп Түнмін.Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,Теңелеміз бүгін біз.Түн: Ал ертең, күн ұзақ,Күн: Түн қысқарар бірақ.Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,Жүрмеңдер тек бірақ.
VІІІ. Сабақты бекіту
Балалар мен сендерге өткен сабағымызда наурыз туралы қосымша мәлімет жинақтауға берген болатынмын. Ендеше сол наурыз туралы жобамызды топ болып қорғайық
2 топ қорғайды.
IX. Қорытынды. Сөзжұмбақ
X. Бағалау
XI.Рефлекция