Внекласная работа по математику на тему Зерде


Шараның әдістемелік мақсаты:
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстардың әдіс-тәсілдерін көрсету;
Типі: дәстүрлі емес сабақ.
Түрі:сайыс.
Әдіс-тәсілдері,технология түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау, құрастыру, салыстыру,есептеу,көрнекілік әдістері; дамыта оқыту технологиясының кейбір элементтері.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,дүниетану.
Көрнекі құралдар:сызбалар,ребустар,сөзжұмбақтар,үлестірмелер,тақырып,сайыстың түрлері жазылған плакаттар,шарлар.
Шараның құрылымдық жоспары:
I.Ұйымдастыру.
II.Негізгі бөлім:
1.«Тез ойлан!» (Иә,жоқ)
2.«Білгенге маржан!» (6 кітаптағы сұрақтар)
3.«Сөзжұмбақ» (екі топтың бір-біріне жұмбағы)
4.«Көңілді ребустар!» (ребус шешу)
5.«Көрермен сұрағы»
6.«Математик!» (жылдамдыққа арналған есептер)


III.Қорытынды бөлім.
Тақырыбы: "Зерде"
Мақсаты:1)оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін кеңейту;
2)ой-өрістерін кеңейтіп,шығармашылық қабілеттерін,тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту;пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3)өз ойын толық жеткізе алуға, тапқырлыққа, ептілікке,шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу;
Шараның барысы:
I.Ұйымдастыру.
1)Кіріспе сөз.
2)Сайыс ретімен таныстыру.
Сайыс реті:
1.«Тез ойлан!» (Иә,жоқ)
2.«Білгенге маржан!» (6 кітаптағы сұрақтар)
3.«Сөзжұмбақ» (екі топтың бір-біріне жұмбағы)
4.«Көңілді ребустар!» (ребус шешу)
5.«Көрермен сұрағы»
6.«Математик!» (жылдамдыққа арналған есептер)

II.Негізгі бөлім.
Мұғалім:
-Сайысымызды бастамас бұрын әр топпен және әр топтың ұранымен таныс болайық.

І топ: "Қыран" тобы. (әр оқушы өзін таныстырады)
Ұраны: Білім алып Ақыраптан,
Қырандай алыс самғаймыз!
ІІ топ: "Барыс" тобы. (әр оқушы өзін таныстырады)
Ұраны: Күші мықты,жігерлі,
Барыс тобы көңілді!
Мұғалім: Сонымен қатар асықты шүйіре отырып сайысты қай топ бірінші бастайды соны анықтаймыз. (асықты шүйіру арқылы топты анықтау)

Ал,кәнекей,балалар,
Сайысқа шық,қалмайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық!
-дей отырып,сайысымызды бастайық.
1.«Тез ойлан!»
Шарты: 1 минут ішінде берілген 10 сұраққа "Иә,жоқ" деп жауап берулері керек.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І топ:
1.Бір тәулікте 24 сағат бар. (Иә)
2.1 км = 100 м. (жоқ)
3.Мың екінші класс. (Иә)
4.1 т = 1000 кг. (Иә)
5.Санды нөлге бөлуге болады. (Жоқ)
6.Қашықтықты табу үшін жылдамдықты уақытқа бөлеміз. (жоқ)
7.6 жүзд.5 онд.5 бірл.= 653. (Иә)
8.Ауданды табу үшін ұзындығын еніне қосамыз. (жоқ)
9.Көп таңбалы сандарды алдымен оң жақтан бастап төрт-төрт цифрдан топтап кластарға бөледі.(жоқ)
10.Параллелепипедтің үш өлшемі болады. (иә)
ІІ топ:
1.Бір жылда 13 ай бар. (жоқ)
2.Бірлік,ондық,жүздік-бірінші класты құрайды. (иә)
3.1 см =100 мм. (жоқ)
4.Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар. (иә)
5.1 кг = 1000 г. (иә)
6.Уақытты табу үшін қашықтықты жылдамдыққа көбейтеміз. (жоқ)
7.Сыйымдылық өлшем бірлігі литр. (иә)
8.10 000 төрт таңбалы сан. (жоқ)
9.Көп таңбалы сандарды салыстыру үлкен разрядтан басталады. (иә)
10.Периметрді табу үшін екі қабырғасын көбейтеміз. (жоқ)
2.«Білгенге маржан!»
Шарты: 6 кітап беріледі.Әр топ кітап таңдайды.Кітаптың ішінде тапсырамалар беріледі.
1-кітап: 4 ондықты 2 есе арттырғанда неше болады? (80)
а)60б)8
ә)80в)100
2-кітап: Қосу амалы бірінші орындалатын өрнекті тап. (В)
а) 8700:30*362+7040 б) 8700:30*(362+7040)
ә) (8700:30)*(362+7040) в) (8700:30*362)+7040
3-кітап: Қорапшаның ұзындығы 12 см,ені 7 см және биіктігі 5 см.Көлемін тап. (420 см )
а)95 смб)420 см
ә)24 смв)89 см
4-кітап: (а+в+а+в) мына өрнегін қай фигураның барлық қабырғаларының ұзындығын табу үшін қолданады? (тік төртбұрыш)
а)б)
ә)в)
5-кітап: 3 600 километрді 4 сағатта ұшып өту үшін ұшақ қандай жылдамдықта ұшуы керек?
(900 км/сағ)
а)900 км/сағ. б)909 км/сағ.
ә)800 км/сағ. в)901 км/сағ.
6-кітап: Өрнектің мәнін тап: 810 және 9 сандары бөліндісінің мәнін 100-ге арттыр. (190)
а)180б)103
ә)190в)228
3.«Сөзжұмбақ»
Шарты: Екі топтың бір-біріне үйден сөзжұмбақ құрастырып әкеледі.
4.«Көңілді ребустар!»
Шарты: Берілген ребустарды шешу.Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
1."Айла-алтау,ақыл-жетеу"
2."Ел құлағы елу"
3."Жеті рет өлшеп,бір рет кес"
4."Бір етікке екі аяқ сыймас"
5. .«Көрермен сұрағы»
1.Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бес көжек
Маған нағыз дос көжек.
Қолымнан кеп жем жейді,
Басқалары келмейді.
Бес көжекке достасқан,
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында,
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді. (11)
2. Үйге жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе.
Қос қап бидай артылды,
Әр түйенің үстіне.
Тапқыр болсаң,ал санап,
Бидай алдық қанша қап? (6)
3.Жайылып жүр сегіз лақ,
Үш жұп оның егіз лақ.
Есептеуге сен шебер,
Бала болғың келсе егер,
Сегіз лақтың енесін
Тез есептеп бересің. (5)
4.Бақшаға жақсы аға
Көп-көп ойыншық,
Келді алып 1 балық,
2 есек,4 түлкі.
5 бүркіт,6 арғымақ,
7 жарқанат,8 саулық,
9 тауық,10 торпақ,
Болма есепке сен шорқақ,
Ауызша,жазбаша қосып шық!
Бақшаға жақсы аға қаншама
Әкелді ойыншық? (52)

5.Тоғыз қойдың ақпанда,
Егіз туды жетеуі.
Қырға көшіп жатқанда,
Жалқы туды екеуі.
Тағы да бір тұсақ бар,
Қысыр қалды ол бірақ та.
Біздің үйде ұсақ мал
Жетті неше тұяққа? (19)
6.Дүкеннен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
2 дәптер,1 қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды,қолда бары? (6)
7.Самат қаппен арқалап,
Бес қауыннан тасыды.
Қабы болмай ал Талап
Қос қауыннан тасыды.
Он реттен сабылып,
Екеуі әбден шаршады.
Тасып алған қауынның
Қанша болды бар саны? (5*10+2*10=70)
8.Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы шынын ,балақан? (8)
6.«Математик!»
Шарты: Берілген есепті тез,жылдам шығару керек.
1)Бірдей 4 қорап кәмпитке 1600 теңге төленді.Осындай 8 қорап кәмпитке неше теңге төлеу керек?
Жауап: (1600:4)*8==3200 тг.
2)Биыл 1 тонна күзем жүн қырқылды.Оның бестен бір бөлігі текемет басуға,225 килограмы көрпе тігуге жұмсалды.Қанша кг жүн қалды?
Жауап: 1т=1000 кг 1000:5=200 1000-(200+225)=575 кг

IІI.Қорытынды бөлім.
Мұғалім: Математика-толған тәртіп,мағына мен мән,
Математика-толған тамаша,заңдылық сән.
Математика-толып жатқан терең сыр,
Шетсіз,шексіз дариядай бейне бір!
-дей,отырып сайысымызды аяқтаймыз.
(әр топ мадақталып,марапатталады)
1-кітап: 4 ондықты 2 есе арттырғанда неше болады?
а)60б)8
ә)80в)100
2-кітап: Қосу амалы бірінші орындалатын өрнекті тап.
а) 8700:30*362+7040 б) 8700:30*(362+7040)
ә) (8700:30)*(362+7040) в) (8700:30*362)+7040
3-кітап: Қорапшаның ұзындығы 12 см,ені 7 см және биіктігі 5 см.Көлемін тап.
а)95 смб)420 см
ә)24 смв)89 см
4-кітап: (а+в+а+в) мына өрнегін қай фигураның барлық қабырғаларының ұзындығын табу үшін қолданады?
а)б)
ә)в)
5-кітап: 3 600 километрді 4 сағатта ұшып өту үшін ұшақ қандай жылдамдықта ұшуы керек?
а)900 км/сағ. б)909 км/сағ.
ә)800 км/сағ. в)901 км/сағ.
6-кітап: Өрнектің мәнін тап: 810 және 9 сандары бөліндісінің мәнін 100-ге арттыр.
а)180б)103
ә)190в)228