Открытый урок по казахскому языку на тему Интернетті? пайдасы мен зияны


7 сыныпМұғалім: Успанова Г.Р.
Өткізілетін орын: мультимедиялық кабинет № 28
Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»
Сабақтың түрі: Ашық сабақ, дебат /пікір-талас/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты
оқушылардың білімдерін нығайту,тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар,мультимедиа құралдары
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі – 1минут
1.Сәлемдесу: Қайырлы күн,құрметті оқушылар,ұстаздар.
Қазір сіздердің назарларыңызды тақтаға сұраймын.
2. Бейнеклип көру. (Интернет туралы)
Миға шабуыл. (Бейнеклиптан кейін тапсырма) 12 минут
Балалар, алдарыңда ақ қағаз, видеороликтен көргендеріңді сол ақ қағазға түсіріңдер, сосын топ арасында жазғандарыңмен алмасасыңдар,толықтыратындарың болса, толықтырасыңдар, одан кейін топқа қайтарып,әр топ өз ойларын ортаға салады. Мысалы: І топ «Бүркіт» - жағымды жақтарын, ал ІІ топ «Барыс» - жағымсыз жақтарын.
ІІ. Тақырыппен жұмыс: Енді, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын атап шығайық.
«Интернеттің пайдасы мен зияны»
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар мұғалімнің көмегімен айтып шығады.
3. «Үй тапсырмасын қорғау» Екі топ үйден алдын-ала дайындаған тақырыпқа байланысты видео, слайдтарын қорғайды.8 минут
Бағалау өлшемі: Қарсылас топ бізді сендірді – Иә – «5» қызыл стикер, білмеймін – «4» жасыл стикер, жоқ – «3» сары стикер.
Бұл стикерді бағалау парағына жапсыру.
4. "Онлайын тест".Етістіктің шақтары.Кілт арқылы тексереді.
6 минут.
Бағалау:Оқушылар алған балдарын қосып, бағалау парағына жапсырады.
5.Сергіту сәті. 1 минут. «Қызыл өрік» бейнеклипы.
6.Топ жұмысы. Пікір-талас. 12 минут
Мұғалім пікір-таластың шарттарымен таныстырады:
Балалар,бұл тапсырма екі топ арасында пікір-талас түрінде өтеді.Жеңімпаз топты өздерің сайлайсыңдар.Қатысушылар: «Бүркіт» тобы жақтаушы, «Барыс» даттаушы тобы.
1./ екі топ өз ойларын жақтап, екінші топты сендіруге тырысады. (регламент сақтау,)
- І топ
«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор.
- ІІ топ«Интернет адам өміріне,денсаулыққа зиян келтіреді» Интернеттің зияны өте зор.
Сөз кезегі ойыншыларға беріледі.
Пікір-талас соңында топтар бір-бірлерін бағалайды.
Бағалау өлшемі: Қарсылас топ бізді сендірді – Иә – «5» қызыл стикер, білмеймін – «4» жасыл стикер, жоқ – «3» сары стикер.
Бұл стикерді бағалау парағына жапсыру.
ІІІ. Қорытындылау. Рефлексия : Бүгін сабақта не ұнады? Оқушылар ойларын стикерге жазып, тақтаға жапсырады. 3 минутІV. Бағалау. 1 минут
Топ капитандары барлық тапсырмалар бойынша алған балдарын қосып, ортақ балды шығарады. Жеңімпаз топ марапатталады.
V. Үй жұмысы: 1 минут.Мұғалім үш тапсырма береді.Оқушылар өз қалаулары бойынша бір тапсырманы орындайды.1. «Интернеттің пайдасы мен зияны» кітапша жасаңдар.
2. «Интернет- пайда және Интернет - зиян» тақырыбына тест сауалдарын дайындаңдар.
3. «Интернет пайдалы ма, зиянды ма?» эссе жазыңдар.