План урока по математике на казахском языке на темуМатематика -еліне саяхат(1 сынып)


Сұлутөр ауылы №38 орта мектеп
Тақырыбы «Математика – еліне саяхат»
/ сыныптан тыс/

Мұғалімі:Асқарбаева Б.Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Математика – еліне саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:          Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін 
                             дамыту.
Тәрбиелік:          Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ертегі ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, тест, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар,оқулық, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
СӘЛЕМДЕСУ
Арайланып таң атты,
Алтын  сәуле  таратты.
Жарқырайды  күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы  күн  балалар!
Қайырлы күн  қонақтар!
  І. Ұйымдастыру кезеңі
               1. Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.
             2. Психологиялық дайындық.
             3. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
  Бүгінгі сабақта өткен сабақтардан алған білімдерімізді пысықтап, қайталауға арналған есептер шығарамыз.Сонымен қатар есептер шығару арқылы тапқырлыққа шапшаңдыққа үйренеміз.
                            ІІ. Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі сабағымызда сынып үш топқа бөлінеді.
І топ: «Алғырлар»
ІІ топ: «Тапқырлар»
         1 сынып оқушылары 2 болып саяхатқа шығамыз.
         Ал, достарым, келіңдер,
         Біріңе – бірің еріңдер.
         Біліміңді тексеріп,
         Шешімін тауып көріңдер!
а) Математикалық диктант
         4 + 3 =                 5 + 4 =                
         10 – 4 =               8 – 4 =                
ә) Математикалық тест 4 + 3       9, 10, 7          10 – 3    7, 8, 9 
             
             7 +       
9
              6 +
 
             4 +      
8
              9 -
 
б)                                                                                                                       
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
    Кел, тыңдайық ертегі,
    Естіген жанды елтеді.
    Талай ғажап оқиға,
    Қызық сырын шертеді.
Ерте, ерте, ертеде....бір ата мен әже болыпты
Атасы: -кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.
Атасы:- қаптың түтүбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар.
Әжесі солай істейді: қаптын түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де ,суытып терезе алдына қояды.( іс-әрекеттерін көрсетеді) Бауырсақ домалап кетеді...
 
Орман ішіне домалап келіп, коян ананың көжегін үйретіп жатқанын естиді:              
  -Сұр көжегім, көжегім,
    Еркелігін сеземін.
    Сабаққа мойын бұратын
    Сенің де келді кезегің.
    Білмесең надан боласың
    Жау қолында қаласың
    Үйреніп бәрін біле алсаң,
     Ақылын, жетіп толасың.
Көжегі бауырсақты көріп қорқып, қашып кетеді.
Қоян: -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: -жоқ, сен мені жеме,саған өлең айтып беремін, соны тыңда.
                     Атадан да қаштым,
                     Ападан да қаштым,
                     Қоян сенен де қашып кетемін.
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында .
Бауырсақ: енді не істемін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.
           
Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.
Аю: -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ : -жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып береді екем
-ападан да қаштым, ататадан да қаштым,
  сенең де аю қашып кетемін.
Аю: Әй, балалар, балалар!
        Менде қызық ойын бар,
        Ал ықылас қойындар
        Кәне, тәртіп сақтайық,
        Мен берген тапсырманы,
        Бұлжытпай орындайық.
Бауырсақ: -жарайсыңдар балалар, мені тағы бір құтқарып қалдыңдар.
Бауырсақ домалап аюдан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.
Қасқыр:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: -жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
 
САНАМАҚТАР
 
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу
Қолымда  сонда  саусағым нешеу?
Оң қолымда  бес  саусақ,
Сол қолымда  бес саусақ
Қосып едім  екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді.
Логикалық тапсырмалар
1.      Екі сиырдың мүйізі нешеу?
2.      Бір  мысықтың аяғы қанша?
3.      Бес қойдың басы нешеу?
4.      Үш адамның қолы нешеу?
5.      Бес баланың аяғы нешеу?
  Бауысақ домалап келе жатып, бір дыбыстарды естиді:
Түлкі: Түлкішегім, құлыным
            Сен ғой менің тілегім.
            Аңшы кімді қумаған?
            Жарылмасын жүрегін!-деп түлкі баласын үйретіп жатыр екен.
Түлкі: -бауырсақты көріп –амансың ба бауырсақ  көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы,мен сені жеймін.
Бауырсақ: жеме, мен саған өлең айтып беремін.
                  Атадан да қаштым, ападан да қаштым,
                  Сенен де оңай құтылып кетемін.
Түлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында.
Түлкінің тапсырмасы: Кел, балалар, ойнайық
                                          Ойнайық та, ойлайық
                                           Қандай сұрақ болса да
                                          Таппай оны қоймайық.
 Қане кім шапшаң?
Үш алманы бақтағы
Кірпі алып  жинады
Ең әдемі   біреуін
Ақ  тиінге  сыйлады
 Ыдыстағы  алманың
Санап  көрші қалғаны
               
Тапсырма 1.  2 топпен жұмыс 
 
Екі топқа екі тапсырма беріп үшбұрыш санын көрсету
  Келесі тапсырма
ребусты шешу 2 топпен                                                                                     
 Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Несімен  ұнады?
Не үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық?