Есептік реттік сан есім 2 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Есептік және реттік сан есім»
Сабақтың мақсаты:Сан есім туралы білік, білімдерін пысықтау, молайту.Сан есім
туралы алған білімдерін бекіту қорыту.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.Өзара ынтымақтастыққа,сыйластыққа
тәрбиелеу.
Ұқыптылыққа,сауаттыжазуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар,
Сабақ түрі:Білім, білік дағдыны дамыту.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,салыстыру, ойын, тест тапсырмалары.
Пән аралық байланыс:математика,ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз».
Сәлем бердік сіздерге ,
Құрметпеннен біз.
Бүгінгі сабақта үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
1-топ «Ережешілер»
2-топ «Мысалшылар»
3-топ «Толықтырушылар»
Әр топтың өзінің міндетін айту.
Сабақтың тәрбиелік ұраны: Ағаш –өмір, білім- жапырақ.
Өткенді пысықтау. 1-слайд. «Ой ашар» Сынау сұрақтары.
1-топ. Етістік дегеніміз не?
2-топ. Мысалшылар .Мысал келтіру.
3-топ. Толықтырушылар Етістіктің түрлері?
(Негізгі ,туынды етістік, болымды және болымсыз етістік)
Негізгі етістік: оқы, жүр, кел. Туынды етістік: төрле, ақылдас, ойлан, ақта.
Болымды етістік: Бар, кел, жүр, отыр. Болымсыз етістік: барма, келме,
жүрме,отырма.
Сын есім.Ережешілер ережесін ,сұрақтарын айтады.
Мысалшылар мысал ккелтіреді. Тәтті, жасыл, көңілді, сары, нәзік.
Толықтырушылар негізгі ,туынды түрлерімен. Күшейткіш буындар арқылы
жасалатындығын айтады.
Сан есім туралы қайталап өту.
2-слайд. « Кім тапқыр»
Дәптермен жұмыс. Каллиграфиялық кезең.
Жж жетпіс.
17-жаттығу. Мәтінді оқу, Сан есімдерді теріп жазу, оларға сұрақ қою.
Сан есімдерді салыстыру. Бір-бірінен өзгешелігі неде?
3-слайд. « Ой қорыту»
Ал,кім айтады қандай ой қорытындыланды?
1.Сан есім нешеге бөлінеді? (есептік, реттік)
2.Қандай сұрақтар қойылады? (есептік сан есімге қанша? неше?)
(реттік сан есімге нешінші) Реттік сан есім есептік сан есімге –ыншы,-інші, ншы,-нші жұрнақтары арқылы жасалады.
18-жаттығу. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз. Оқушылар тақтада орындайды.
4-слайд. «Кім алда?»
21-жаттығу .Жұмбақты көшіріп жазу, сан есімдердің түрлерін айту. Қос сөз қандай
сан есіммен алмастыруға болады?
Сергіту жаттығулары.
Көзге арналған жаттығулар.
5-слайд. «Ой толғау» Қызықты тапсырмалар.
1-топ. Ребустар шешу.
100-ік, 6н, к3ік, 100дік, 7ген, к2лік,100ім.5тау.
2-топ.Құрамында сан есімі бар мақалдар жазу.
Мысалы: Жеті рет өлше, бір рет кес.Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
3-топ. Мына сөздерге лайықты сөздер жазу.
Бір асым, бір жұтым, бір шумақ, бір жайым, бір шөкім, бір шымшым.
6-слайд. «Сандарда сөйлейді» ойыны.
12,30,31,4,4,7,365,24 осы сандарды сөйлету.
Мысалы: 12-бір жылда он екі ай бар. . . ......
7-слайд. «Зейінділік байқауы.»
У М Ү Ш Б Л Р Т О Ғ Ы З У Д Л
Л С Р О Т Ы З Б Қ Т Е Л У С Т Р
Б С Р К Ж Ү З Л Р М О Н Е К І
Т М Е К І Л О Н Ж Ұ Б Е С Ғ А
Ц Е Г П А Л Т Ы С О Д Б І Р П
Ы Н Ж Е Т І М Ч Б А Л П Ы С (осы сан есімдерден реттік сан есімдер жазу)
8-слайд. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
1.Заттың ..... білдіретін сөздеді сан есім дейміз
2.Сұрақтары.
2-деңгей.
1.Сөз тіркесін жаса.
Сан есім. Сын есім. Етістік.
Сан есімдерге мысалдар жаз. Есептік ,реттік.
3-деңгей.
Кім тапқыр?
Жоқ сөздердің орнына сан есімдер жаз.
Жаздың . . . күні, қыстың . . . күнін асырайды.
Білекті . . . жығар, білімді . . . жығар.
. . . атасын білген ер,
. . . жұрттың қамын жер.
9-слайд. Қорытынды. Бүгінгі сабақта біз бір ағаш өсірдік. Оның аты «Сан есім»
Оның бұтағына жапырақтар жайылды .Оның өсуіне сендер көмек бердіңдер .
Қанша? Неше? Нешінші?
Есептік Реттік
Үйге тапсырма беру:
Бағалау :Өзін-өзі бағалау пікірлерін тыңдау.
Тілек айту.
Келген қонақтарды күтіп шығарып салу –көрсеткен ілтипатымыз. Қане, балалар бір-
бір тілек айтып қонақтарға табыс тілейік.
Бес нәрсеге асық бол.
Бес нәрседен қашық бол.
Жамбыл атамыздай жүзге жетсін жасыңыз.
Төрт құбылаңыз тең болсын.
Моншақты қызыңыз болсын,
Оншақты ұлыңыз болсын.
Рахмет.