АШЫ? САБА? МАТЕМАТИКА. ЗАТТЫ? ??НЫ,ЗАТТЫ? БА?АСЫ. 2-сынып


Қарағанды облысы Осакаров ауданы
«Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагул
І (ілгері) деңгейлі мұғалім
Математика 2-сынып
Тақырыбы: Заттың бағасы. Заттардың саны және құны.
Мақсаты: Оқушыларды баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділікке байланысты ұғыммен таныстыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл, аялдама әдісі, қоңырау соғу, микрофон әдісі,топтастыру, сұрақ қобдишасы т.б
Көрнекілігі: жетондар, үлестірмелік карточкалар, фигуралар,смайлик, стикер, видео, бағалау парақтары т.б түрлі тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже:топта еркін жұмыс жасай отырып, жаңа ұғымдармен саналы түрде жұмыс істей алатын, үш тілде дамып келе жатқан жеке тұлғаны көру.
Модульдері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау.
Бағалау: Өзін өзі, формативті бағалау, топтық , жиынтық баға.
Сабақ кезеңдері Уақыт
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі 1мин Сәлемдесу Оқушыларға үш тілде сәлемдесу тапсырылады Оқушылар келген қонақтармен үш тілде амандасады
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
-Good morning dear guests!
-Здравствуйте дорогие гости! Топқа бөлу 2мин Түрлі-түсті фигуралар арқылы топқа бөлу; Әрбір топтың алдына үш түрлі-түсті фигуралар тастап,Ханталапай әдісі бойынша топқа бөлу; Оқушылар өздері тандаған фигураларына байланысты топқа барады.
Топты таныстыру: Мысалы: Шаршы дегеніміз – барлық қабырғалары тең (бірдей) тіктөртбұрыш. Оның периметрін табу үшін: P=a+a+a+a немесе Р=а ˑ 4 . Осы сияқты ретпен әр топ өз фигурасы туралы айтып кетеді. Түрлі-түсті фигуралар
Психологиялық ахуал туғызу
«Бір тілек»әдісі 1мин Әр топ бір-біріне тілек айту арқылы бір-біріне жақсы көңіл күй орнату; Мұғалім әр топқа бір-біріне тілек айту арқылы сәттілік тілеулерін тапсырады. Әр топ бір-біріне үш тілде тілек айту арқылы жақсы көңіл күй сыйлайды.
Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін. Сабаққа белсенді қатысып, қонақтарды қуантайық.
- Желаю удачи на уроке! Дайте породуем наших гостей, активным участием в уроке!
- I wish you good luck ! Let`s make our guests happy! Be active on the lesson, childreh! музыка
Білім
Қызығушылық-
тарын ояту 5мин -Үй тапсырмасы ретінде берілген сәйкестендіру кестесін «Аялдама» әдісі арқылы бір-бірін смайликпен бағалау.
-Топ басшысы және бағалау парағын тарату
Мұғалім оқушылардың Аялдама әдісі арқылы қоңаққа барып, кестені орындау кезінде өз білімдерін дұрыс пайдалануын қадағалайды. Оқушылар өздеріне берілген уақытты тиімді пайдаланып, Аялдама әдісі арқылы бір топ, бір топқа қонаққа барып, сызба кестенің дұрыс немесе бұрыс екеніне көз жеткізеді. Өз ұсыныстарын жазып қалдырып, смайлик арқылы бағалап кетеді. АКТ, смайлик
Түсіну
Жаңа сабақ
Миға шабуыл
Сөздік жұмысы 7 мин «Баға, саны, құны» осы тұрмыстық ұғымды естігенде естеріңе нені түсіреді? Бұл сөздерді қай кездерде қолданамыз?
Ақша туралы түсінік /ақша суреті/ Оқушылар бұл сұраққа өз ерімен, еркін сөйлеп, өздерінің білетіндерін айтады. Интер белсенді тақта.
Мысал ретінде бірнеше есептер ұсынылады Мұғалім оқушылардың тығырықтан шығуына бағыт-бағдар береді Құны бағасы саны

Бағасы саны құны саны құны бағасы
БАҒАСЫ – цена price
САНЫ- количество quantity
ҚҰНЫ- стоимость cost ЖТ
ЖЕ
Қолдану 7 мин Оқушылар әр елден келген тапсырмаларды орындай отырып, үш елдің валютасын жинайтын болады. Тапсырмаларға уақыт беріледі.Уақыт біткенде қоңырау
соғылып тұрады. Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша меңгерту мақсатында «Қоңырау соғу » әдісі арқылы білімдерін нығайту
3 түрлі есеп беріледі. Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.
13716058864500Берілген есептерді барынша жылдам орындап, тобына ақша жинайды.
Бағасы Саны Құны
5 теңге 4 20 теңге
6 30 теңге
7 35 теңге
СТО, валюталар
Сергіту сәті 3 мин «Жасырын сурет» ойыны Оқушыларды ойынға қатыстыра отырып, дұрыс тапқан оқушыны қошеметтеп, тобына ұпай жинауын қадағалайды. Оқушылар жылдам ойлап, шешуін дұрыс тауып, өз тобына үлесін қосу арқылы көңіл күйлері көтеріледі. АКТ
Талдау
Практикалық тапсырма 5мин «Дүкен» ойыны
(үш тілде) Мұғалім оқушыларға жинаған жетондарына дүкеннен зат сатып алуды тапсырады Тапсырмалар орындап жинаған жетондарына түрлі-түсті картондар,клей т.б заттарды дүкенге барып сауда жасайды. Оқушының қолында қай елдің валютасы болса, сол тілде сауда жасайды. Маркер, картон, клей, ою-өрнектер
Жинақтау
5мин «Еңбегімнің жемісі» тапсырмасын орындау Қолдарынан келген бір затты жасап шығару тапсырылады. Өздері қалаған бір фигура жасап шығарып, қонақтарға сыйлайды. Маркер, картон, клей, ою-өрнектер
Рефлексия
«Микрофон» әдісі 5 мин Микрофон әдісі арқылы түсінгендерін өзара талдауға тапсырма беру;
Бағасы. Құны. Саны. кестесі үлестіріледі. Сол кесте арқылы әр топ тұжырым жасап ереже құрастырып айту тапсырылады.
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы уақытылы орындап, топ мүшелерінің ой-пікірлерімен санаса білу, түсінгендерін ортаға салу, түсінбегенін құрбыларынан сұрап алу арқылы жаңа тақырыпты меңгеру көзделеді.
Топпен жұмыс жасау; «Микрофон»
Бағалау 2 мин Өзін-өзі бағалау

Бағдаршам, мимика Тапсырманы өздігімен орындауын қадағалайды.
Бағалауды басқару
Жауаптарын қабылдап, бағыт беру; Ойын түйіндейді. Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.
Оқушының аты-жөні Иә +, жоқ -
1. Заттың құнын табуды білемін 2. Заттың санын табуды білемін 3. Заттың бағасын табуды білемін 4. Дүкенге барағанда осы білімді пайдалана аламын Оқушының бағасы Мұғалімнің қорытынды бағасы Бағдаршам, мимика
Кері байланыс 2 мин Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтада ілінген «Достық» шеңберіне апарып жабыстыру
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну; Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін стикерге жазып, тақтада ілінген «Достық» шеңберіне апарып жабыстырады.
Стикерлер,смайликтер