Ашы? саба?: Салы?. Салы? ж?йесі


Сабақтың тақырыбы: «Салық.Салық жүйесі»Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылырға «Салық» туралы ұғым беріп, оның түрлері туралы нақты мысалдар келтіре түсіндіру. Әр түрлі есептерді шығартуға үйрету. Салықтың әлеуметтік маңызы неде, оған қатысты жағдайлар туралы кеңірек таныстыру.Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды қаржы пәнінің негізгі саласы болып дамудың табылатын салық тарауы бойынша түсінуге, сөйлеуге, құжаттармен жұмыс істеуге төселдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға экономикалық тәрбие беру, қазіргі негізі қаржыға, кәсіпкерлікке, бизнеске байланысты екенін түсіндіріп, осы салада білімді болуға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау,бірлескен ұжымдық әрекет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, есептер, үй, көлік, жер қойнауы суреттері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, математика.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Мемлекет дегеніміз не?
Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?
Мемлекеттік қаржы дегеніміз не?
Мемлекеттік бюджеттің табыс көздерін не құрайды?
Мемлекеттік бюджеттің шығын көздерін ата.
Мемлекеттік бюджеттің неше түрін білесіңдер түрлерін ата?
Артықшылығы бар бюджет дегеніміз не?
Тапшылығы бар бюджет дегеніміз не?
Теңгерімді бюджет дегеніміз не?
2010 жылы Қазақстан Республикасында бюджет табысы 2,369 млрд. теңге, ал бюджет шығыны 3.319 млрд. теңгені құраған.
2011 жылы бюджет табысы 1,500 млрд. теңгені құрап, ал бюджет 1.200 млрд. теңгені құрады.
2012 жылы бюджет табысы 1100 млрд. теңгені құрап, ал бюджет 1100 млрд. теңгені құрады
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жаңа сабақты түсіндіру үшін сұрақ қоюдан бастаймыз.
Мемлекет жұмсау үшін ақшаны қайдан алады?
Салық дегеніміз не?
Салық дегеніміз – бұл азаматтар немесе фирманың жалақы немесе пайдадан мемлекет пайдасына төлейтін міндетті төлемдер.
Салықтың түрлері:
1. Жеке табыс салығы
2. Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық
3. Акциздер
4. Экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына рента салығы
5. Жер салығы
6. Көлік құралдары салығы
7. Мүлік салығы
Меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке және заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Бұрынғы кездегі салықтардың түрлері.
1.Баж салығы – өңделетін жерге салынатын салық
2. Зекет – ғаріп-кемтар адамдарға үлестіру үшін мешіт жинайтын салық3. Қалан – монғолдар билеген кезде егіншілерге салынған салық4. Тағар – әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынған салық.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси іс-бағытына қарамастан,ұлттық табысты қайта бөлудің басты құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының бюджетінің 90% салықтар құрайды.
1 тапсырма:
Оқу құралының 28-бетімен жұмыс. «300 жыл бұрынғы салық» Оқушылар мәтінді оқып, 300 жыл бұрынғы салықпен қазіргі кездесетін салықтардың түрлерін салыстыру.
Бұрынғы кездегі салықтардың түрлері.
Баж салығы – өңделетін жерге салынатын салық
Зекет – ғаріп-кемтар адамдарға үлестіру үшін мешіт жинайтын салық
Қалан – монғолдар билеген кезде егіншілерге салынған салық
Тағар – әскерді қамтамасыз ету үшін заттай алынған салық.
Қазіргі кездегі салықтың түрлері:
Табыс салығы.
Мүлікке салынатын салық.
Көлік құралдарына салынатын салық.
Экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына рента салығы
Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық
Акциздік алымдар.
Кедендік баж салығы.
Салықтың сипаты:
Салық бюджетке нақты табыс әкелуі керек.
Салық төлеушіге түсінікті болуы керек.
Салық жинауға ыңғайлы болуы керек.
Салық түзету енгізуге оңай болуы керек.
Салық адам күші мен белсенділігін баспауы керек.
Салық бюджетке нақты табыс әкелуі керек.
Салық төлеушіге түсінікті болуы керек.
Салық жинауға ыңғайлы болуы керек.
Салық түзету енгізуге оңай болуы керек.
Салық адам күші мен белсенділігін баспауы керек.

2 тапсырма:
Есептей білгеннің есесі кетпейді,Есептей білмеген қыр басына жетпейді
Жер салығы мен мүлік салығын есептеу.
Қазақстан Республикасының азаматы Ибраев Абзал –
меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлға.
Жалпы жер көлемі – 1000 ш. метр Оның ішінде үйдің орны – 145 ш. метр
Бос орны – 855 ш.метр
Бонитет балы: 0,36 (жер көлеміне салынған құрылыстың аудан бойынша көрсеткіші)
Үйдің құнын БТИ бағалады – 35000 $
Қазақстан халық банкісінің 16.01.2013 жылға берілген ақпараты бойынша валюта бағамы төмендегідей: 1$ = 148.68 теңге

1 амал:
Жер көлеміне салынған үйге салынатын салық сомасын есептеу
145*0,36=52,2 теңге2 амал:
Бос жерге салынатын салықтың сомасын есептеу.
855*0,87=743,85 теңге3 амал:
1 амал+2 амал=1000 шаршы метрге есептелген салық сомасы52,2+743,85=796,05 теңге4 амал:
Үйдің құнын есептеу35000 $ * 148.68=5 203 800 теңге5 203 800*0,09%=4683,42 теңге
5 амал:
3 амал+4 амал= ҚР-ның азаматы Ибраев Абзалдың
меншігіне 2013 жылы салық төлейтін сомасы4683,42+796,05=5479,47 теңге1 амал:
Жер көлеміне салынған үйге салынатын салық сомасын есептеу
145*0,36=52,2 теңге2 амал:
Бос жерге салынатын салықтың сомасын есептеу.
855*0,87=743,85 теңге3 амал:
1 амал+2 амал=1000 шаршы метрге есептелген салық сомасы52,2+743,85=796,05 теңге4 амал:
Үйдің құнын есептеу35000 $ * 148.68=5 203 800 теңге5 203 800*0,09%=4683,42 теңге
5 амал:
3 амал+4 амал= ҚР-ның азаматы Ибраев Абзалдың
меншігіне 2013 жылы салық төлейтін сомасы4683,42+796,05=5479,47 теңге
Қорытынды: Салық – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болған. Мемлекеттің өмір сүруі және дамуының негізі болып табылады. Әрбір мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуі үшін белгілі бір мөлшерде ақша қаражаттары керек болады. Ал салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Үй жұмысы:
“Қазақстан Республикасының салық саясаты” тақырыбына эссе жазып келу.