та?ырыбы: жоба Адам денсаулы?ы ж?не ?орша?ан орта


( шығармашылық жоба) Жұмыстың мақсаты. 1. Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларды оқып-зерттеу. 2. Адам денсаулығы мен әлеуметтік-экологиялық факторлар арасындағы байланысты, Қамысты ауылы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде, белгілеу. Жоспары Кіріспе............................................................................................................3Зерттеу бөлімі. Адам және қоршаған орта..............................................61.1.Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары.........1.2.Қамысты ауылының әлеуметтік – экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулық көрсеткіштері..............................................1.3.Қоршаған орта және адам денсаулығын сақтаудың сақтық шаралары.....Қорытынды.....................................................................................................Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................. Зерттеу міндеттері:Адам «денсаулығы» және «қоршаған орта» түсініктеріне анықтама беру және талдау жасау. 2. Табиғи ортадағы экологиялық өзгерістерге байланысты адамзат ауруларына талдау жасау.3. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды оқып-зерттеу.4. Адамның жеке басының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларды анықтау. Зерттеу нысаны: Қамысты ауылының тұрғындарының әлеуметтік-экологиялық жағдайлары мен денсаулық көрсеткіштері және денсаулыққа әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторлары. Ғылыми зерттеудің жаңалығы:1. Қамысты ауылының тұрғындары денсаулық көрсеткіштерінің жергілікті әлеуметтік-экологиялық факторларға тәуелділігі бірінші рет белгіленді.2. Қамысты ауылы тұрғындары денсаулық көрсеткіштерінің жергілікті әлеуметтік-экологиялық факторларға тәуелділігі диаграммалар мен графиктер арқылы сипатталды Жұмыстың практикалық құндылығы. Зерттеу мақсатына жету және міндеттерін орындау үшін экология оқулықтарына, ғаламтор-қорларына әдеби шолу жасалып, адамның өмір сүру ортасына байланысты денсаулық көрсеткіштері туралы материалдар жинақталып, жүйеленді. Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық жағдайлар, демографиялық ахуал қарастырылып, оларға талдау жасалды. Қамысты ауылы бойынша жергілікті халық денсаулығына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларға статистикалық мәліметтер негізінде талдау жасалды. Денсаулықтың анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережелерінде: «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік-саулықтың толық мәнді теңдігі» делінген. “Бірінші байлық – денсаулық” –деген ата-бабаларымыздан қалған сөзді есімізге салсақ, біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін ұғуымызға болады. Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыздар? Денсаулық Физикалық Психикалық Интеллектуалды Әлеуметтік Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады. Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде - қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады. Қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығының төмендеуіне әкеліп соғады. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады 1. Канцерогендер (латын тілінен аударғанда cancir - рак, генезис - шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 канцерогенді заттардың түрлері белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бенз(а)пирен және т.б. полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;2. Мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio - өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бенз(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;3. Тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos - құбыжық) - жеке дамуда кемістіктерге, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. 1.2. Қамысты ауылының әлеуметтік – экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулық көрсеткіштері Қамысты елді -мекені Жәнібек ауданындағы, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы – Жәнібек аймағынан солтүстікке қарай 55км жерде жусан, көкпек, еркекшөп т.б. әртүрлі шөптер өскен сортаңдау, бозғылт – қоңыр топырақты шөлейт белдеуде орналасқан. Жалпы көлемі 2240 м3, ұзындығы 72 км, кеңдігі 34км. Халық саны 1500 адам. Қамысты өңіріндегі ақылшы – ұстаз болған адамның бірі – Даулетова Сәуле апайдың айтуынша, бұл жер бұрын ну қамысты, көлді болған. Көлдерде үйрек, қаз сияқты құстар мекендеген. Бертін келе көлдің суы тартылып кетіп, тек қамысы қалған.Сондықтан осы жер «Қамысты» деп аталған. Қамысты ауылының демографиялық ахуалы Демографиялық саясат – бұл мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітім мен көші-қонның және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін біртұтас жүйе. Демографиялық саясат әртүрлі, атап айтқанда әлеуметтік, экономикалық, денсаулық, экологиялық құқықтық, білім мен мәдениет сияқты саясаттармен жүйелі түрде тығыз байланысты. Қамысты ауылы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерінің әлеуметтік-экологиялық жағдайлармен байланысты. Қамысты ауылы халқының денсаулық жағдайы ерекше толғандырады. Халықтың жалпы ауруға шалдығуы 23,3 % құрайды. Халықтың ауруға шалдығуның бірнеше себептері бар. Біріншіден ауыз су сапасының нашарлығынан,екініші себебі палигонның зардаптарынан жүйке аурулары, эндокринді аурулар, тыныс алу жолындағы аурулар, қан аздық, зәр шығару аурулары, асқазан аурулары кеңінен таралған. Қамысты ауылы тұрғындарының эндокриндіауруларының түрлері2011 жыл 1 суретте (а). Қамысты ауылы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері 2012 жыл 1 суретте (ә). Қамысты ауылы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері Тыныс алу мүшелерінің аурулары 2011жыл 2-сурет, а. Тыныс алу мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші 2012жыл 2-сурет, а. Тыныс алу мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші Асқорыту мүшелерінің аурулары2011жыл 3-сурет, а. Асқорыту мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші 2012 жыл 3-сурет, а. Асқорыту мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші Жүрек және қан айналу мүшелерінің аурулары2011жыл Жүрек және қан айналу мүшелерінің аурулары2012жыл Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар: -қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру; -табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану; -мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру; -қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту; -жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу; -Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту; -биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану; -ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту; -табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау; -антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру; -өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану; -экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту; Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға: -экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау; -елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз қамтамасыз ету; -өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу; -су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту; -тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау; -экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру; ҚорытындыЖоғарыдағы зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, төмендегі пайымдаулар жасалынды:1. Ғылыми жұмыс тақырыбын ашу мақсатында ең алдымен адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар жөнінде материалдар жинақталды. 2. Адамның жеке адам және тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторлар туралы материалдар жинақталып, жүйеленді. 3. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік және экологиялық факторлардың түрлері анықталып, талданды. 4. Табиғи ортадағы экологиялық өзгерістерге байланысты адамзат ауруларының түрлері қарастырылды. Тыныс алу ағзасының аурулары, жүрек қан-тамырларының аурулары, асқорыту жүйесінің аурулары, Эндокриндік аурулар өте көп тіркелгендігі белгілі болды. 5. Ауылымыздың емханасының бас дәрігері Есенгалиев Рафхат Сағидоллаұлымен біріге отырып тұрғындарымыздың әртүрлі ауру түрлерінің жалпы қорытындысын шығардық. Әр ауру түріне жеке-жеке қортынды жасадық. Ғалымдардың зертеулеріне қарағанда, адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар өте көп. Соларды талдағанда, сол факторлардың 50-52 пайызы өмір сүру салтына, 20-25 пайызы тұқым қуалау жағдайларына, 18-20 пайызы қоршаған ортаға, тек 7-12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болатынын анықтаған.