План урока: ?лы елімізді? жетістіктері


Тақырыбы: Ұлы еліміздің-ұлы жетістіктері.
Мақсаты: 1. еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
2. Өнерге, елге , жерге деген патриоттық сезімдерін ояту
3. Отанын құрметтей білетін ,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу
Көрнекілігі: Астана қаласының көрністері,суреттер және даталар.
Сабақтың әдісі: іздену сабағы
Барысы:
Мұғалім:- Біз қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
- Осылай деп кім айқан еді?
- Қаз дауысты Қазбек би.
Иә, осылай деп тебіренген, қазақ елінің қамын ойлаған Қазбек би болатын.
Егемендік алғалы Қазақстанды әлемнің барлық елі таныды.Мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, көптеген беделді ұйымдарға мүше болды.
Олай болса, егемендік алғалы жеткен жетістіктерімізге тоқталайық
1-оқушы.
Қазақстан барлық елдермен достық қатынасты нығайтты,демократия мен заңдылық, құқық тәртібі жетілді.
2-оқушы
Осы тәуелсіздік алған аз уақыт ішінде елімізде 1993-1995 жылдары екі бірдей Конституция қабылданды.
3-оқушы
Еліміз Президенттік басқару жүйесіне өтті,биліктің барлық бұтақтары Конституцияға сай қызмет атқаруда. Мемлекетіміздің құқықтық қатынастарын реттейтін көптеген заңдар, кодекстер,заңнамалар қабылданып,мемлекеттік құрылыстың өркендеуіне сүбелі үлес қосып жатыр.
4-оқушы
Елімізде халықтар достығы нығайды, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының өркениетті қағидалары толық жүзеге асырылды.
5-оқушы
Қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды.Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілінің, дінінің дамуына толық мүмкіндік жасалды.
6-оқушы
Қазақстан бірінші болып ядролық қарудан бас тартты,ядролық шикізат бейбіт өнім өндіру затына айналды.
7-оқушы
Қазақстан аумағында елдің,жердің тұтастығын сақтау мақсатында жаңа АСТАНА салынды.
Мұғалім :
-Қазақстанның астаналарын еске түсіріп көрейік.
8-оқушы
-1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы болды.
9-оқушы
-1925жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Қызылорда қаласының бұрынғы атауы Ақмешіт болды.
10-оқушы
-Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылы, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды.
11-оқушы
1997жылы 20 қазанда Президент жарлығымен
Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмола еліміздің астанасы болып жарияланды.
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.-1991жылы 16желтоқсанда республикамыз егемендік алды
-1992жылы 4 маусымда Қ.Р.рәміздері бекітілді.
-1993жылы 28 қаңтарда «Қ.Р.алғашқы Конституциясы туралы» Заң қабылданды.
-1993жылы 15қарашада Ұлттық валюта тенгенің енгізілуі.
-1995жылы 30 тамыз жаңа Конституция қабылданды. –
Қ.Р. астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.
-1997жылы 10 қазанда Қазақстан-2030».Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауының шығуы.
-1998жылы-халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
-1999 жылы-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
-2000 жылы – Мәдениет жылы.
-2001 жылы Денсаулық жылы.
-2002 -2005жж. Ауылды дамыту жылдары.
-2010 жылы Елбасы Назарбаевтың «Жаңа он жылдық жарыққа жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланды.
-2011 жылы- Алматы мен Астана қалаларында 7 қысқы Азияда ойындары өтті.
-2012 жылы Қ.Р.Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Қорытынды
Аз ғана уақыт ішінде елімізді,халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп,бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым,«Менің тірегім-байтақ Қазақстан»деп маң-маң басатын болды.Еліміз өркениетті замана ағысына қосылды
Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді ата-бабаларымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Достық пейіл-татулықтың тірегі,
Біздің халық бейбіт өмір сүреді.
Бар әлемді бір өзіне қаратқан,
Елордамыз-Еуразия жүрегі